![Hilti WSR 36-A Original Operating Instructions Download Page 211](http://html.mh-extra.com/html/hilti/wsr-36-a/wsr-36-a_original-operating-instructions_2135067211.webp)
Қазақ
205
5. Өңделетін материалды тесіп өтетін аралаудан кейін өнімді қалыпты жұмыс күйіне қайтарыңыз
(басатын башмак өңделетін материалға толық тиіп тұрады) және белгі сызық бойынша аралауды
жалғастырыңыз.
6 Аккумуляторлық аспаптарға күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі!
Аккумулятор енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр
жарақаттарға және өртке апарып соғуы мүмкін.
▶
Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындамас бұрын әрдайым
аккумуляторды шығарыңыз!
Аспапқа қызмет көрсету
• Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
• Желдету ойықтарын құрғақ қылшақпен жайлап тазалаңыз.
• Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
• Аккумуляторды май мен майлағыштан таза күйінде ұстаңыз.
• Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
• Ылғалдың кіруін болдырмаңыз.
Техникалық қызмет көрсету
• Барлық көзге көрінетін бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын тексеріңіз.
• Зақымдалған және/немесе ақаулы аккумуляторлық аспапты қолданбаңыз. Бірден
Hilti
қызмет
көрсету орталығына жөндетіңіз.
• Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
6.1 Күту және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін бақылау
▶
Аспапты күтіп, техникалық қызмет көрсеткеннен кейін барлық сақтандырғыштар орнатылғанына
және дұрыс қызмет ететініне көз жеткізіңіз.
7 Аккумуляторлық аспаптарды тасымалдау және сақтау
Тасымалдау
АБАЙЛАҢЫЗ
Тасымалдау кезіндегі кенет іске қосылу.
Аккумуляторлар аспап ішіне енгізілген кезде, аспапты
тасымалдау барысында бақыланбайтын іске қосылу орын алып, аспапқа зақым келтіруі мүмкін.
▶
Аспапты тасымалдағанда аккумуляторларды әрдайым шығарыңыз.
▶
Аккумуляторларды шығарыңыз.
▶
Аспап пен аккумуляторларды бөлек орауыштарда тасымалдаңыз.
▶
Аккумуляторларды ешқашан үймеде тасымалдамаңыз.
▶
Аспапты немесе аккумуляторларды ұзақ уақыт тасымалдаған соң, оларды пайдалану алдында
зақымдарының бар-жоғын тексеріңіз.
Сақтау
АБАЙЛАҢЫЗ
Бүлінген аккумуляторлардан күтілмеген зақымдалу.
Ағып кеткен аккумулятор элементтері
аспапты зақымдауы мүмкін.
▶
Аспапты сақтағанда аккумуляторларды әрдайым шығарыңыз.
▶
Аспап пен аккумуляторларды мүмкіндігінше салқын және құрғақ күйінде сақтаңыз.
▶
Аккумуляторларды ешқашан күн, жылу көздерінің астында немесе әйнек артында сақтамаңыз.
Printed: 30.05.2017 | Doc-Nr: PUB / 5071396 / 000 / 04
Summary of Contents for WSR 36-A
Page 2: ...1 Printed 30 05 2017 Doc Nr PUB 5071396 000 04 ...
Page 3: ...2 3 4 Printed 30 05 2017 Doc Nr PUB 5071396 000 04 ...
Page 4: ...5 6 7 Printed 30 05 2017 Doc Nr PUB 5071396 000 04 ...
Page 5: ...8 9 Printed 30 05 2017 Doc Nr PUB 5071396 000 04 ...
Page 256: ...250 中文 Printed 30 05 2017 Doc Nr PUB 5071396 000 04 ...
Page 257: ...Printed 30 05 2017 Doc Nr PUB 5071396 000 04 ...