*2276671*
2276671
Қазақ
163
▶
Қолдану талаптарына сәйкес келетін респираторды әрдайым киіп жүріңіз.
▶
Жұмысты бастау алдында дайындама материалы бойынша пайда болатын шаңның қауіп класын
анықтаңыз.
Аспаппен жұмыс істеу үшін қорғаныс дәрежесі қолданыстағы шаңнан қорғау
нормаларына сай құрылыс шаңсорғышын қолданыңыз.
▶
Жұмыс қауіпсіздігі бойынша ұлттық нұсқамаларды орындаңыз.
▶
Өңделетін материалды нығайту және тұрақты позицияда сақтау үшін, қысқыш құрылғыларды немесе
басқа пайдалы жолдарды қолданыңыз. Өңделетін материалды қолмен немесе денемен ұстау
тұрақсыз болып табылады және бақылаудың жоғалуына апарып соғуы мүмкін. Үшінші тарапқа
дайындаманы өз орнында ұстауға рұқсат бермеңіз.
▶
Жарыққа (жарық диоды) тікелей қарамаңыз және жарықты басқа адамдардың көзіне тікелей
бағыттамаңыз.
▶
Құлап қалған құралдардан және/немесе керек-жарақтардан жарақат алу қаупі бар. Жұмысты
бастау алдында монтаждалатын керек-жарақтың берік бекітілгенін тексеріңіз.
▶
Дайындамаға тек қосылған күйдегі қолмен басқарылатын циркулярлық араны бағыттаңыз.
▶
Тек қана EN 847-1 стандартына сәйкес келетін,
Hilti
компаниясы ұсынған ара төсемдерін қолданы-
ңыз.
Электр қауіпсіздігі
▶
Жұмысты бастау алдында жұмыс орнында жасырын электр сымдарының, газ және су жүргізу
құбырларының бар-жоғын тексеріңіз, мысалы, детектордың көмегімен. Электр сымдарына
кездейсоқ тиіп кетсе, электр құралының ашық металл бөліктері электр тогының өткізгіштеріне
айналуы мүмкін. Нәтижесінде асқын ток соғу қаупі туындайды.
2.4
Аккумулятормен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶
Литий-иондық аккумуляторларды пайдалану және күту бойынша төмендегі қауіпсіздік
шараларын орындаңыз.
Нұсқауларды орындамау тері тітіркенуіне, ауыр тот басқыш
жарақаттарға, химиялық күйіктерге, өртенуге және/немесе жарылысқа апарып соғуы мүмкін.
▶
Аккумуляторларды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶
Зақымдалуды болдырмау және денсаулыққа қатты зиян келтіре алатын сұйықтықтардың шығуына
жол бермеу үшін аккумуляторларды абайлап қолданыңыз!
▶
Аккумуляторларды ешбір жағдайда модификациялауға немесе құрылымына өзгеріс енгізуге
болмайды!
▶
Аккумуляторларды бөлшектеуге, қысуға, 80°C (176°F) жоғары температураға дейін қыздыруға және
жағуға тыйым салынады.
▶
Соққы тиген немесе басқаша зақымдалған аккумуляторларды пайдаланбаңыз немесе
зарядтамаңыз. Аккумуляторларда зақымдалу белгілерінің бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп
тұрыңыз.
▶
Еш жағдайда қайта өңделген немесе жөнделген аккумуляторларды пайдаланбаңыз.
▶
Ешқашан аккумуляторды немесе аккумуляторлық электр құралын соқпа құрал ретінде
пайдаланбаңыз.
▶
Аккумуляторларға ешқашан тікелей күн сәулесі, жоғары температура, ұшқын немесе ашық жалын
әсерін тигізбеңіз. Бұл жарылысқа апарып соғуы мүмкін.
▶
Батарея полюсіне саусақпен, құралдармен, әшекеймен немесе басқа да электр тогын өткізетін
бөгде заттармен тимеңіз. Бұл аккумуляторға зақым келтіруі, сондай-ақ мүлікке залал келтіруі және
жарақат алуға әкелуі мүмкін.
▶
Аккумуляторларды жаңбыр, ылғал мен сұйықтықтарда алшақ ұстаңыз. Еніп кеткен ылғал қысқа
тұйықталу, ток соғу, күйіп қалу, өртену және жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
▶
Тек осы аккумулятор түрі үшін көзделген зарядтағыш құрылғылар мен электр құралдарын пайда-
ланыңыз. Бұл ретте тиісті пайдалану бойынша нұсқаулықтардағы мәліметтерге назар аударыңыз.
▶
Аккумуляторды жарылғыш орталарда пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз.
Summary of Contents for SC 5ML-22
Page 2: ...1 ...
Page 3: ...2 3 4 5 ...
Page 4: ...6 7 8 ...
Page 6: ......
Page 301: ......
Page 302: ......
Page 303: ......
Page 304: ...Hilti registered trademark of Hilti Corp Schaan Pos 8 20220111 2276671 2276671 ...