
160
Қазақ
2276671
*2276671*
Аккумуляторлық аспапты пайдалану және оған қарау
▶
Аккумуляторды тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрылғылардың көмегімен зарядтаңыз.
Зарядтағыш құрылғыны тиісті емес аккумулятор түрлерін зарядтау үшін қолданғанда өрт туындауы
мүмкін.
▶
Аспаппен жұмыс істеу үшін тек тиісті аккумуляторларды қолданыңыз.
Басқа аккумуляторларды
пайдалану жарақаттарға әкелуі және өрт тудыруы мүмкін.
▶
Пайдаланылмайтын аккумуляторларды контакттардың тұйықталуының себебі болуы мүмкін
скрепкалардан, тиындардан, кілттерден, инелерден, винттерден және басқа металл
заттардан ары сақтаңыз.
Аккумулятор контакттарының тұйықталуы күйіктерге немесе тұтануға
әкелуі мүмкін.
▶
Аккумулятормен тиісті емес түрде жұмыс істегенде одан электролит ағып шығуы мүмкін. Оған
тиюді болдырмаңыз. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Электролит көзге тигенде дәрігер
көмегіне жүгініңіз.
Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері тітіркенуін немесе күйіктерді
тудыруы мүмкін.
▶
Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды қолданбаңыз.
Зақымдалған не пішіні
өзгертілген аккумуляторларды болжауға болмайды және олар өрт, жарылыс не жарақаттану қаупін
тудырады.
▶
Аккумуляторды өрт не жоғары температуралы аймақтардан алшақ ұстаңыз.
Өрт немесе 130
°C (265 °F) жоғары температуралар жарылыс тудыруы мүмкін.
▶
Зарядтау үшін барлық нұсқауларды орындаңыз және аккумулятор не аккумуляторлық
құралды ешқашан пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген температура ауқымдарынан
тыс зарядтамаңыз.
Қате зарядтау немесе рұқсатты температура ауқымдарынан тыс зарядтау
аккумуляторды бұзуы және өрт қаупін арттыруы мүмкін.
Қызмет
▶
Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз.
Бұл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
▶
Зақымдалған аккумуляторларға ешқашан қызмет көрсетпеңіз.
Аккумулятордың толық күтімін
тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету орталықтары орындауы тиіс.
2.2
Барлық аралармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Аралау
▶
ҚАУІПТІ: Қолдарды аралау орнынан және аралау төсемінен ары ұстаңыз. Екінші
қолыңызбен қосымша тұтқышты немесе мотор корпусын ұстаңыз.
Егер араны екі қолмен
ұстасаңыз, аралау төсемі қолдарыңызды жарақаттауы мүмкін.
▶
Өңделетін бұйымды астынан ұстап алмаңыз.
Қорғауыш қалпақ бөлшек астында аралау төсемінен
қорғай алмайды.
▶
Кесу тереңдігін бұйым қалыңдығына сай орнатыңыз.
Бөлшек астында аралау төсемі бір тістен
көбірек шықпауы керек.
▶
Аралап жатқан бөлшекті ешқашан қолда немесе аяқ үстінде ұстамаңыз. Бөлшек берік тіректе
жатуы керек.
Денеге тию, аралау төсемінің сыналануы немесе бақылауды жоғалту қаупін барынша
азайту үшін бөлшекті бекіткен жөн.
▶
Кесетін аспап жасырын электр сымдарын кесуі мүмкін жұмыстарды орындап жатсаңыз,
құрылғыны тек изоляцияланған тұтқаларынан ұстаңыз.
Кернеу бар сымдарға тию құрылғының
металл бөліктерінде кернеу тудырады және электр тогының соғуына әкеледі.
▶
Бойлай аралау кезінде әрқашан тіректі немесе түзу бағыттауыш жиекті қолданыңыз.
Бұл кесу
дәлдігін жақсартады және аралау төсемінің сыналану мүмкіндігін азайтады.
▶
Әрқашан дұрыс өлшемдері мен сәйкес бекіту тесігі (мысалы, жұлдызшалы немесе дөңгелек)
бар аралау төсемдерін пайдаланыңыз.
Бекітулерге сай келмейтін аралау төсемдері біркелкі
айналмайды және аспапты бақылауды жоғалтуға әкелуі мүмкін.
▶
Аралау төсемдері немесе бұрандалар астына ешқашан зақымдалған немесе сай емес астына
салатын сақиналарды қолданбаңыз.
Аралау төсемдері немесе бұрандалар астына салатын
сақиналар араңыз үшін арнайы жасалған және оларды қолдану ең жақсы нәтижеге және жұмыс
қауіпсіздігіне кепіл береді.
Кері соққы - себептері және тиiстi нұсқаулар
• Кері соққы – бұл ілінетін, сыналанатын немесе дұрыс емес тексерілген аралау төсемінің салдарынан
болатын күтпеген реакция; ол бақыланбайтын араның бөлшектен оператор бағытында шығуына
әкеледі;
Summary of Contents for SC 5ML-22
Page 2: ...1 ...
Page 3: ...2 3 4 5 ...
Page 4: ...6 7 8 ...
Page 6: ......
Page 301: ......
Page 302: ......
Page 303: ......
Page 304: ...Hilti registered trademark of Hilti Corp Schaan Pos 8 20220111 2276671 2276671 ...