22
НЕГІЗГІ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУЛЕР
• Нұсқауларды мұқият оқыңыз. Бұл
құрылғыны тек төмендегі нұсқауларды
орындай
отырып,
тек
берілген
құралдармен бірге үй тазалау үшін ғана
пайдалану керек. Өнім жасаушысы
тастың, бұтақтың, т.б. құрылғының ішіне
кетіп қалуы сияқты дұрыс пайдаланбау
салдарынан туындайтын зақым үшін
ешқандай
жауапкершілікті
мойнына
алмайды.
• Бұл
құрылғыны
осы
құрылғыдағы белгіге сай өте
төменгі қауіпсіздік кернеуінде
ғана пайдалану керек.
• Құрылғыны іске қоспас бұрын, сүзгілердің
өз орындарында тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Бұл құрылғыны қозғалу, сезу
немесе ойлану мүмкіндіктері
шектелген
адамдарға
(балаларды қоса) немесе
осы құрылғыға қатысты
тәжірибесі немесе білімі жоқ
адамдарға ықтимал қауіп-
қатерлер мен құрылғыны
қауіпсіз жолмен пайдалану
туралы нұсқау берілмейінше
және олар бақыланбайынша
пайдалануға
болмайды.
Балалардың осы құрылғымен
ойнамауын қадағалаңыз.
• Сүзгілерді тұрақты түрде тексеріп тұрыңыз,
қажет болса, щеткамен тазалаңыз немесе
ауыстырыңыз.
• Құрылғы пайдаланылып жатқан кезде
сору саңылауын көздерден, құлақтардан,
мұрыннан, т.б. аулақ ұстаңыз.
• Оттықтың талшықтарын немесе темекінің
қалдықтарын толық сөнбейінше шаң
сорғышпен тазаламаңыз.
• Құрылғыны немесе батарея зарядтағышын
суға не басқа сұйық затқа ешқашан
батырмаңыз. Құрылғыға немесе батарея
зарядтағышына ешқашан су шашпаңыз.
• Бұл – тек үйде пайдалануға арналған
құрылғы. Оны мынадай жерлерде
пайдалануға болмайды: дүкендердегі,
офистердегі
және
басқа
жұмыс
орталарындағы
қызметкерлер
тамақтанатын орындарда; фермаларда;
қонақүйлердегі, мотельдердегі және басқа
қонақ күту орталарындағы клиенттерге;
төсек және таңғы ас беретін орталарда.
• Бұл құрылғыны үй сыртында немесе
ылғал жерлерде сақтамаңыз.
• Құрылғыны ыстық нәрселерге (пештер,
қыздырғыштар) жақын қоймаңыз.
• Егер батарея зарядтағышы, оның қуат
кабелі немесе құрылғының өзі зақымданса,
оларды пайдаланбаңыз.
• Өнім жасаушысында құрылғыларды және
құралдарды өзгерту құқығы бар. Тұпнұсқа
қосалқы бөлшектер мен құралдар әрқашан
құрылғының тиімділігі сақталатындай
және кепілдік күші жойылмайтындай етіп
пайдаланылуы керек.
Ескеріңіз:
Мотордың зақымдануына жол бермес
үшін, құрылғыны ешқашан сүзгілерсіз
пайдаланбаңыз.
СИПАТТАМА
A. Құрылғының сипаттамасы
A1 Қол сап/сап
A2 Түтік тазалағышындағы батарея
зарядтағышын қосу ұяшығы
A3 Құлыптау винті
A4 Саптың бағыттауыштары
A5 Ауа шығу торы
A6 Басқару тақтасы
A7 ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
A8 Қуат деңгейін реттеу түймесі (
жоғарғы қуат, қуат үнемдеу режимі)
A9 Батареяны
зарядтау/пайдалану
уақыты жарық диодтары
A10 Шаң ыдысы
kz