697129.001
27
Қа
зақ
ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
·
Тоңазытқыш аспап (бұдан əрі тоңазытқыш) өнімдерді тоңазытуға жəне
тоңазытылған өнімдерді ұзақ уақыт сақтауға, мұздатқыш бөлімде тағамдық
мұзды əзірлеуге, сондай-ақ тоңазытқыш камерасында тағам өнімдерін,
сусындарды, көкөністер мен жемістерді салқындатуға жəне қысқа мерзімді
сақтауға тағайындалған.
·
Өндіруші тоңазытқыштың зақымдануы немесе электрлік желіге қосу рəсімдерін
сақтамаумен туындаған зақымданулар үшін жауапкершілікті көтермейді.
·
Тоңазытқышты сатып алу кезінде Сіздің тоңазытқышыңыз зақымданбағанына
жəне толық толымданғанына көз жеткізіңіз.
·
Тоңазытқышты сатып алу кезінде сатушының сату туралы куəлікті жəне кепілдікті
қызмет көрсету талонын толтыруын талап етіңіз.
·
Егер жоғарыда атап көрсетілген тараулар толтырылмаған болса, бұл
тұтынушының кепілдік қызмет көрсету талаптарын қанағаттандырудан бас тарту
себебі болуы мүмкін.
·
Тоңазытқышта жəне қабылдау туралы куəлікте тоңазытқыштың сериялық нөмірі,
оның үлгісі, шығарылған күні көрсетілгеніне көз жеткізіңіз. Осы деректердің
болмауы немесе Тоңазытқышқа салынған жəне пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта (бұдан əрі - ПН) көрсетілген деректердегі қайшылықтар
тұтынушының кепілдік қызмет көрсету талаптарын қанағаттандырудан бас тарту
себебі болуы мүмкін.
·
Өндіруші кəсіпорын кепілдік мерзімі белгіленген тоңазытқышқа қатысты
тоңазытқышты тұтынушыға тапсырғаннан кейін оның пайдалану ережелерін,
оның ішінде осы ПН белгіленген, бұзу, үшінші тұлғалар əрекеттері немесе
еңсерілмейтін күш салдарынан онда пайда болған кемшіліктер үшін жауап
бермейді
.
·
Тоңазытқышты тұрғын емес, мысалы, ас үй орын-жайларында, əдетте, қоршаған
орта температурасы кезінде, аспап нəлінде көрсетілген климат класына жəне
75% аспайтын салыстырмалы ылғалдылығына сəйкес, сондай-ақ 220 В бастап
240 В дейінгі кернеу ауқымында жəне электрлік тізбектегі ~50 Гц айнымалы тоқ
жиілігінде пайдалану керек. Тоңазытқышты басқа, мысалы, ұйықтау бөлмесінде
п а й д а л а н у к ез і н д е то ң аз ы т қ ы ш т ы ң т ө л қ ұ ж ат ы н д а к ө р с ет і л ге н ш у
қуаттылығының деңгейін ескерту керек
.
·
Біздің тоңазытқыштарымыз тұрақты жетілдендіріледі, олардың сипаттамалары
мен дизайны жақсартылады, сондықтан ПН тоңазытқыштардағы олардың
жаңартылуымен байланысты болмашы схемалық жəне құрылымдық
өзгертулерді көрсете алмайды.
·
Тоңазытқыш осы талаптарға сəйкес өндірілген:
-
МЕМСТ IEC 60335-1 «Тұрмыстық жəне ұқсас электрлік аспаптар. Қауіпсіздік.
Жалпы талаптар»,
-
МЕМСТ
IEC 60335-2-24 «Тұрмыстық жəне ұқсас электрлік аспаптардың
қауіпсіздігі. 2-24-бөлім. Тоңазытқыш аспаптарына, балмұздақ дайындайтын
аспаптарға жəне мұз өндіру құрылғыларына қойылатын жеке талаптар»
.
·
Тоңазытқышты ПН жазылғандай тура тағайындалуы бойынша пайдаланыңыз.