38
39
ЖИЫНТЫҚ ҚҰРАМЫ
• Фен
• Пайдалану жөніндегі нұсқаулық. Қолданар алдында осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен танысып шығу қажет.
ПАЙДАЛАНУ
Алғаш қолданар алдында:
• Құралды қаптамадан шығарып, зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз.
• Қандай да бір зақым анықталған жағдайда, құралды қоспаңыз. Оны дереу сатушыға қайтарыңыз.
• Құралдың зауыттық тақтасында көрсетілген кернеудің сіздің үйіңіздегі электр желісінің кернеуіне сəйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
• Қуат кабелін электр желісінен ажырату үшін ашасынан ұстаңыз. Ешқашан қуат кабелінен ұстап тартпаңыз.
• Алғаш қолдану кезінде бастапқы бірнеше минут ішінде аз мөлшерде əлсіз түтін иісін сезуіңіз мүмкін. Бұл қалыпты жағдай жəне көп ұзамай
басылады.
ТАҒАЙЫНДАМАСЫ
Назар аударыңыз! Құрал тек сыртқы қолданысқа арналған.
• Құрал тек адамның шашын кептіруге жəне сəндеуге арналған.
• Кез келген дұрыс қолданбау қауіпті болуы мүмкін!
• Шашты дайындау: Шашыңызды жуып, жақсылап кептіріңіз. Шашыңызды мұқият тараңыз. Шашқа арналған лакты жəне шаш күтіміне
арналған басқа да тұтанғыш құралдарды пайдаланбаңыз.
• Ашаны электр желісінің розеткасына қосыңыз.
• Қажетті режимді таңдап, құралды қосыңыз.
• Ауаның жылдамдығы мен қызуы реттеледі:
Жылдамдық режимдері: Жоғары - Төмен
Қызу режимдері: Жоғары - Орташа - Төмен
• Жылдам немесе алдын ала кептіру үшін « » немесе « » таңдаңыз.
• Жұмсақ кептіру немесе сəндеу үшін « » немесе « » таңдаңыз.
• Шашыңызды кептіріп болғаннан кейін шаш үлгісін сақтау үшін салқын ауа түймесін басуыңызға болады.
• Шашыңызды тарау қимылдарымен, фенді шашқа жақын қашықтықта ұстап тұрып кептіріңіз.
ТАЗАЛАУ
Құралды өшіріңіз, ашаны электр желісінен ажыратыңыз жəне құралды толық салқындатыңыз. Корпусты жұмсақ, дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Шоғырландырғышты жəне артқы желдету торын шешіп алып, сабынды жылы сумен жуыңыз. Қатты абразивті немесе тазартқыш құралдарды
қолданбаңыз. Барлық бөлшектерді жұмсақ, құрғақ сүлгімен мұқият сүртіңіз.
САҚТАУ
Құралды электр желісінен ажыратып, салқындатыңыз жəне қорабына немесе құрғақ жерге сақтауға жинап қойыңыз. Құрал əлі ыстық немесе
электр желісіне қосулы болғанда, оны сақтауға қоймаңыз. Ешқашан қуат кабелін құралға орамаңыз. Ешқашан құралды қуат кабеліне ілмеңіз.
Қуат кабелін еркін жиналған күйі сақтаңыз. Құрылғының кірісіндегі кабельге механикалық жүктеме түсірмеңіз, бұл кабельдің тозуына немесе
зақымдалуына алып келуі мүмкін.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗ КƏДЕГЕ ЖАРАТУ
Бұл таңба бұйымды ЕО аумағында басқа тұрмыстық қалдықтармен бірге кəдеге жаратуға тыйым салынатындығын білдіреді.
Қалдықтарды бақылаусыз кəдеге жарату нəтижесінде қоршаған ортаға немесе адамдардың денсаулығына зиян келтірілуіне
жол бермеу мақсатында материалдық ресурстардың экологиялық қауіпсіз қайта пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін
бұйымды тиісті жауапкершілікпен кəдеге жарату қажет. Қолданыста болған бұйымды қайтару үшін қайтару жəне жинау
жүйесін қолдануыңызды немесе бұйым сатып алынған бөлшек сауда сатушысына хабарласуыңызды сұраймыз. Сатушы
бұйымды экологиялық қауіпсіз кəдеге жарату үшін қабылдауы мүмкін.
Біздің өнімді үнемі жетілдіріп отыру саясатымызға сəйкес, біз техникалық жəне визуалдық өзгерістерді хабарламастан енгізу құқығын
өзімізде қалдырамыз. Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ағымдағы нұсқасы мына веб-сайтта берілген: www.arovo.com.
КЕПІЛДІК:
Кепілдік жасап шығарудағы немесе материалдардағы ақау себебінен болған кемшіліктерді анықтау тұрғысынан (біздің қарауымыз бойынша)
сатып алған күннен бастап 24 ай бойы əрекет етеді. Кепілдік чек болған жағдайда ғана жарамды. Кепілдік дұрыс қолданбау, бөлшектеу немесе
кездейсоқ бұзылу нəтижесінде ақаулы болған құралдарға қолданылмайды. Кепілдік ақаулар салдарынан болған зақымдарға қатысты жарамсыз.
ЕО НОРМАЛАРЫНА СƏЙКЕСТІК ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ
Біз: Arovo BV, Zijlweg 144, 2015 BH Haarlem,The Netherlands, www.arovo.com
бұйымға қатысты келесі деректер үшін жауапты екендігімізді мəлімдейміз:
Бұйымның нөмірі: KLR928981476 - Бұйымның атауы: Hair dryer - Штрих-коды: 8720039719170
a) Жоғарыда сипатталған декларация объектісі ЕО-ның үйлесімділікті қамтамасыз ету туралы тиісті заңнамасының талаптарына сай келеді:
EMC, LVD, ROHS, REACH, ERP.
b) Келесі үйлестірілген стандарттарда баяндалған талаптарға сай келеді: EN 55014-1:2017, EN 55014-2:2015, EN 61000-3-2:2014, EN 61000-
3-3:2013, EN 60335-2-23:2003+A1:2008+A11:2010+A2:2015, EN 60335-1:2012+A11:2014+A13:2017, EN 62233:2008, EU 2015/863, REACH
(EC)1907/2006, IEC 62301:2011, EN 50564:2011.
Осы Сəйкестік туралы декларацияның ағымдағы нұсқасы www.arovo.com веб-сайтында берілген.
Summary of Contents for 8720039719170
Page 34: ...34 8 RCD 30mA 1 2 2 3 3 Cool shot 4 5 MK DC 220 240V 50 60Hz 1800 2200W 1 7m 26 x 9 x 26cm II...
Page 36: ...36 8 30 1 2 2 3 3 4 5 RU 220 240 50 60 1800 2200 1 7 26 x 9 x 26 II 30 220 240 50 60...
Page 38: ...38 8 30 1 2 2 3 3 4 5 KZ 220 240 50 60 1800 2200 1 7 26 x 9 x 26 220 240 50 60 1800 2200...