![Cosmopolitan 8720039719170 Instruction Manual Download Page 38](http://html1.mh-extra.com/html/cosmopolitan/8720039719170/8720039719170_instruction-manual_2670709038.webp)
38
39
ФЕН
МАҢЫЗДЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Электр тоғының соғу қаупін, жарақат алу немесе өрт шығу қаупін төмендету үшін келесі сақтық шараларын орындау қажет.
Құралды қолданар алдында осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысып шығып, оны алдағы уақытта немесе басқа
пайдаланушылардың пайдалануы үшін сақтап қою қажет.
ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР
ЕРЕКШЕ НҰСҚАУЛАР
• НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұл құралды ваннаның, душтың, қол жуғыштың немесе ішінде суы бар басқа да сыйымдылықтардың жанында
қолдануға тыйым салынады.
• Бұл құралды 8 жастағы жəне одан асқан балалар, сондай-ақ дене, ақыл-ой немесе психикалық қабілеттері бұзылған, немесе тəжірибесі мен
білімі жеткіліксіз адамдар бақылауда болған немесе құралды қауіпсіз пайдалану жөнінде нұсқама алған, сондай-ақ ықтимал қауіпті түйсінген
жағдайда пайдалана алады. Балалардың құралмен ойнауларына тыйым салынады. Балалар құралды тазалау жəне оған қызмет көрсету
əрекеттерін қараусыз орындамаулары тиіс.
• Құралды ылғалды үй-жайларда сақтамаңыз жəне қолданбаңыз.
• Құралды балалардың қолдары жетпейтін жерлерде сақтаңыз.
• Құралды сулы қолмен қолданбаңыз жəне оған су тиюіне жол бермеңіз. Бұл электр тоғының соғуына немесе жарақат алуға алып келуі
мүмкін. Электр құралын сулы қолмен немесе оның өзіне су тигенде қолдануға тыйым салынады.
• Құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға салмаңыз жəне оған су тиюіне жол бермеңіз. Құрал суға түсіп кетсе, оны дереу электр желісінен
ажырату қажет. Суға қол тигізбеңіз.
• Құралды жарылу қаупі бар жəне/немесе тұтанғыш булар мен/немесе сұйықтықтардың жанында қолданбаңыз.
• Құралды жөндеуге немесе бөлшектеуге талпынбаңыз. Қуат кабелі зақымдалған болса, оны ауыстыру қажет. Қандай да бір қауіпті болдырмау
үшін ауыстыру əрекетін өндіруші, оның қызмет көрсету жөніндегі агенті немесе осыған ұқсас біліктілігі бар адам жүзеге асыруы тиіс.
• Құралдың қуат кабелі немесе ашасы зақымдалса, құрал дұрыс жұмыс істемесе немесе суға түсіп кетсе, оны пайдалануға тыйым салынады.
• Өндіруші ұсынбаған керек-жарақтарды қолданбаңыз.
• Ұзартқышты қолданбаңыз. Ашаны электр желісінің розеткасына қосыңыз.
• Қуат кабелін майыстырмаңыз.
• Қуат кабелін қызатын беттерден алшақ ұстаңыз.
• Терінің қызатын беттермен жанасуына жол бермеңіз. Қызатын беттердің көзге немесе қорғалмаған теріге жанасуына жол бермеңіз.
• Қызған құралды ол əлі ыстық немесе электр желісіне қосулы болған кезде ешбір бетке қоймаңыз.
• Құралды қолданып болғаннан кейін əрдайым электр желісінен ажыратып қойыңыз.
• Құрал электр желісіне қосылған болса, оны қараусыз қалдырмаңыз. Оны ұйқылы күйде қолданбаңыз.
• Құралды пайдаланып болғаннан кейін бірден сақтау орнына жинап қоймаңыз. Оның толық салқындауын күтіңіз.
• Қосымша қорғаныс үшін ванна бөлмесінің электр желісіне номиналды дифференциалды ажырату тоғы 30 мА дейінгі электр тоғының
соғуынан қорғайтын құрылғыны орнату ұсынылады. Өз электр маманыңызбен кеңесіңіз.
• Құралдың желдеткіш саңылауларын жаппаңыз.
• Құрал артық қызып кетсе, автоматты түрде өшеді. Оны желіден ажыратып, бірнеше минут
салқындатып алыңыз. Кезекті қосу алдында желдеткіш саңылаулардан мамықты, шаштарды
жəне т.с.с. алып тастаңыз.
• Фенді тек адамның шашын кептіру жəне сəндеу үшін ғана қолданған жөн.
• Құрал ванна бөлмесінде қолданылатын болса, оны пайдаланып болғаннан кейін электр
желісінен ажыратып қойыңыз, өйткені судың жақындығы фен өшіп тұрса да қауіп төндіреді.
НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ
Құралды қолданар алдында осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысып шығып, оны
алдағы уақытта пайдалану үшін сенімді жерде сақтап қою қажет.
1. - 2 жылдамдық режимі
2. - 3 қызу режимі
3. - Салқын ауа түймесі
4. - Ауа шоғырландырғыш
5. - Аспалы ілмек
KZ
• Қызып кетуден қорғау
• 220-240 В тұрақты тоқ электр моторы, 50-60 Гц, 1800-2200 Вт
• Кабельдің ұзындығы: 1,7 м
• Құралдың өлшемдері: 26 x 9 x 26 см
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен танысып
шығыңыз.
Құралды қол жуғыштың, ваннаның, душтың немесе
ішінде суы бар басқа да сыйымдылықтардың
жанында қолдануға тыйым салынады.
Сəйкестік туралы декларация. Бұл символмен
таңбаланған бұйымдар Еуропалық экономикалық
аймақта қолданылатын барлық нормативтік
құжаттарға сəйкес келеді. ЕО нормаларына
сəйкестік туралы декларацияны өндірушіден
сұратуға болады.
Электр тоғының соғуынан қорғау базалық оқшаулауға
негізделіп қана қоймай, сонымен қатар, қосарлы
немесе күшейтілген оқшаулау сияқты қосымша
қауіпсіздік функциялары қарастырылған ІІ қорғаныс
класындағы құрылғы. Құрылғы стационарлық
жабдықты қорғау шараларына тəуелді емес.
Қаптаманы қайта пайдалануға немесе қайта
өңдеуге болады. Қажетсіз қаптама материалдарын
тиісінше кəдеге жаратуыңызды сұраймыз.
Бұйымды қаптамадан шығару кезінде тасымалдау
барысында орын алған қандай да бір зақымдар
анықталған жағдайда, дереу өз сауда агентіңізге
хабарласуыңызды сұраймыз.
Summary of Contents for 8720039719170
Page 34: ...34 8 RCD 30mA 1 2 2 3 3 Cool shot 4 5 MK DC 220 240V 50 60Hz 1800 2200W 1 7m 26 x 9 x 26cm II...
Page 36: ...36 8 30 1 2 2 3 3 4 5 RU 220 240 50 60 1800 2200 1 7 26 x 9 x 26 II 30 220 240 50 60...
Page 38: ...38 8 30 1 2 2 3 3 4 5 KZ 220 240 50 60 1800 2200 1 7 26 x 9 x 26 220 240 50 60 1800 2200...