Сипаттамасы
1 Бүріккіш қондырма
2 Су сауытының қақпағы
3 Бүріккіш түйме
4 Бу реттегіші
5 Қарқынды бу жіберу түймесі
6 Қарқынды бу жіберу тетігі
7 Teмператураны басқару шамы
8 Қуат сымы
9 Таяныш
10 Үш өлшемді (3D) үтік табаны
(A) Үтіктеуді бастау
Су сауытына су құю
•
Құрылғының өшірулі және тоқ көзінен
ажыратулы екеніне көз жеткізіңіз.
•
Үтікті сәл қисайтып тұрып, “max”
деңгейінен асырмай, су сауытына су
құйыңыз. Егер сіздегі су аса кермек
болса, біз 50 % шүмектен аққан су мен
50% тазартылған суды қосып
пайдалануды ұсынамыз.
•
Абай болыңыз: Тазартылған судың
жалғыз өзін ешқашан пайдаланбаңыз.
Ешқандай қоспалар қосуға болмайды
(мысалы, крахмал). Кір кептіретін
машинада жиналған суды
қолданбаңыз.
Бумен үтіктеу
•
Үтікті таянышына (9) қойыңыз да, тоққа
жалғаңыз.
•
Үтік қыза бастайды да, үтіктегі
температураны басқару шамы (7)
жыпылықтайды.
•
Таңдалған температураға жеткен
кезде, температураны басқару шамы
үнемі жанып тұрады. Керемет
iCare
технологиясының
арқасында бір
температура параметрінің көмегімен
үтіктеуге болады, бұл барлық киім
түрлерін үтіктеу үшін өте қолайлы, тіпті
нәзік матадан тігілген киімдер де
бүлінбейді.
Бу параметрлері:
• Үздіксіз бу (қалыпты)
Бу реттегішті (4) «1» мен «6»
аралығындағы ауқымда бұру арқылы бу
көлемін таңдаңыз. Әдеттегідей үтіктеу
үшін орташа бу параметрін орнатуды
ұсынамыз. Тек зығыр, қалың мата
немесе джинс мата сияқты қатқыл
маталарды үтіктеген кезде ғана ең
үлкен бу беру параметрін орнатқан
жөн.
Ескертпе:
Үтіктеу кезінде бу реттегішін
«6» параметрінен асырып бұрмаңыз.
• Үздіксіз бу (қарқынды)
Бу реттегіші «0» мен «6» мәндерінің
аралығында тұрғанда, буды барынша
көп беріп, аса қатты қыртысталған
жерлерді тегістеу үшін қарқынды бу
беру түймесін (5) басу арқылы турбо
функциясын іске қосуға болады.
Қарқынды бу беру түймесін көп
дегенде 30 секунд басыңыз.
• Қарқынды бу жіберу
Пайдаланардан бұрын қарқынды бу
жіберу тетігін (6) іске қосу үшін оны
3 - 4 рет басыңыз.
Суды қатты қарқынмен беру үшін
қарқынды бу беру тетігін бірнеше
секунд сайын басыңыз.
Үтікті
тік қалыпта
ұстап, қарқынды бу
жіберу тетігін тарту арқылы қарқынды
бу жіберу функциясын пайдалануға
болады. Бұл функция ілулі тұрған
киімнің, перделердің т.с.с. қыртысын
кетіру үшін өте пайдалы.
Бүрку функциясы
Бүрку функциясы (3) шығаратын ұсақ су
тозаңы матаны біркелкі дымқыл етеді де,
қатты матадағы қыртысты үтіктеуді
жеңілдетеді.
Құрғақ үтіктеу
Бу реттегіш тетікті (4) «0» қалпына
қойыңыз (= бу өшірулі).
Үш өлшемді (3D) үтік табаны
Үш өлшемді үтік табанының бірегей
дөңгелек пішіні үтіктелетін бұйымның
барлық жерлерінде және барлық бағытта
– тіпті кері қарай да жақсы сырғуын
қамтамасыз етеді.
(B) Авто өшіру
Үтік табанында шамамен 1 минут жатқан
кезде немесе таянышында тігінен
шамамен 8 минут тұрған кезде,
қауіпсіздік үшін және қуат тұтынуын
азайту үшін авто өшіру функциясы
автоматты түрде іске қосылады.
•
Үтік авто өшіру режимінде болғанда,
температураны басқару шамы (7)
жыпылықтап тұрады.
•
Үтікті қайтадан іске қосу үшін оны алға
қарай қозғаңыз.
•
Қайтадан үтіктеуге кіріспес бұрын
температураны басқару шамы
жанғанша күтіңіз.
85
DLB253492_5712710611_SI9_UI_INT.indb 85
21.12.16 10:09