143
BOSCH
* Үлгісіне байланысты
ҚАЗАҚ
3. Қажет болса, буды ғана пайдаланыңыз.
Мүмкін болса, оның орнына бүрку
функциясын пайдаланыңыз.
Киімдер дымқыл күйде болған кезде
үтіктеңіз және будың деңгейін төмендетуге
тырысыңыз. Бұл кезде бу үтікте емес,
матаның өзінде түзілетін болады. Киімдерді
үтіктеуден бұрын кептіру машинасында
кептірсеңіз, кептіргіш машинасын “құрғақ
күйде үтіктеу” бағдарламасына орнатыңыз.
4. Киімдер жеткілікті түрде дымқыл болса, бу
реттегішін (3) толығымен өшіріп қойыңыз.
5. Үзілістер барысында үтікті тік күйінде
қойыңыз. Үтікті бу реттегіші қосулы
болғанда көлденең күйде қалдыру
пайдасыз бу түзілуіне алып келеді.
Тазалау және техникалық
қызмет көрсету
Жайылатын жақтарын көру
E
Назар аударыңыз! Күйіп қалу қаупі бар!
Кез келген тазалау және техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын
жүргізуден бұрын құрылғының ашалы
айырын ұяшықтан шығарыңыз.
1. Үтік аздап кірлеп қалған болса, ашалы
айырын ұяшықтан шығарыңыз және
табанының (7) сууына мүмкіндік беріңіз.
Үтіктің корпусы мен табанын дымқыл
шүберекпен сүртіңіз.
2. Мата синтетикалық болса, ол үтік
табанының жоғары температурасының
әсерінен еріп кетуі мүмкін. Мұндай
жағдайда буды өшіріп, кез келген қалдықты
дереу қалың бүктелген, құрғақ мақта
матамен сүртіңіз.
3. Үтік табаның тегіс, жылтыр күйде сақтау
үшін, қатты металл заттармен жанасуын
болдырмаңыз. Үтіктің табанын тазалау
үшін ешқашан да ыдыс жууға арналған
қатты ысқыштар мен химиялық заттарды
пайдаланбаңыз.
AntiCalc
Қақты тазалаудың көп
функциялы жүйесі
Жайылатын жақтарын көру
A
self-clean
Бу реттеігішін (3) пайдаланған кезде,
“өздігінен тазалау” жүйесі қақтардың бөліну
механизмін тазалайды.
10. “SensorSecure”
Жайылатын жақтарын көру
“SensorSecure” функциясы тұтқаны
ұстаған кезде ғана үтікті қыздырады
және тұтқа жіберілген кезде қыздыруды
тоқтатады.
Осылайша қауіпсіздік пен қуат үнемдеу
деңгейі арттырылады.
1. Үтіктің ашалы айырын розеткаға қосыңыз.
2. “SensorSecure” шамы (14) тұтқа ұсталмаған
кезде жыпылықтайды және тұтқа ұсталған
кезде үздіксіз жарықтық көрсетеді.
3. Үтіктің тұтқасы 10 секундтан артық
жіберілген кезде, үтік автоматты түрде
қыздыруды тоқтатады.
4. Тұтқа қайта ұсталған кезде, үтік қайтадан
қыздыруды бастап, үздіксіз бу шығару
процестері қайта басталады.
Бастапқы қыздыру:
Үтік орнатылған
температураға дейін қыздырылмағанша
тұтқаны ұстаудың қажеті жоқ.
Мұндай температураға жеткенде, “TempOK”
индикаторы жыпылықтауды тоқтатады және
үздіксіз жанып тұрады.
10. Үтіктеп болғаннан кейін
Жайылатын жақтарын көру
1. Бу реттегішін (3) күйінен “max” күйіне
ауыстырып, бірнеше рет қайталаңыз
(өздігінен тазалау).
2. Суды бактан төгіңіз. Үтікті төмен қаратып
сәл сілкіңіз.
3. Оны негізінде емес, артқы жағымен тұрған
күйінде сақтаңыз.
4. Қуат сымын (13) тым бекем орамаңыз!
Энергияны үнемдеу
бойынша кеңестер
Қуат көзі көбінесе бу түзуге кетеді. Қуат көзін
пайдалануды азайту үшін төмендегі
кеңестерді қараңыз:
1. Ең аз үтіктеу температурасын қажет ететін
киімдерді үтіктеуден бастаңыз. Үтіктеудің
қажетті температурасын бұйымның
жапсырмасынан көруге болады.
2. Осы нұсқаулықтағы нұсқауларды ескере
отырып, бу жіберуді таңдалған үтіктеу
температурасына сай реттеңіз.