Қaзақша |
23
Bosch Power Tools
1 609 92A 1KZ | (15.1.16)
Қaзақша
Өндіру күні нұсқаулықтың соңғы, мұқаба бетінде
көрсетілген.
Импорттаушы контакттік мәліметін орамада табу мүмкін.
Біліктік табан PTA 1000
Қауіпсіздік нұсқаулары
Біліктік табан жинағындағы барлық
ескертулер мен нұсқаулықтарды
оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік
нұсқаулықтарын және ескертпелерді
сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе
ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Құрылғына реттеу, бөлшектерін алмастырудан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз
және/немесе аккумуляторды электр құарлынан
алып тастаңыз.
Электр құралының кездейсоқ іске
қосылуы кебір сәтсіз оқиғалардың себебі болады.
Біліктік табанды дұрыс орнатыңыз.
Бұзылу қауіпін
болдырмау үшін мінсіз құру маңызды болып қалады.
Біліктік табанды тұрақты, тегіс және горизонталды
жерге қойыңыз.
Егер біліктік табан сырғалса немесе
тербелсе дайындама бір қалыпта және сенімді
апарылмайды.
Біліктік табанды қатты жүктемеңіз және оны саты
немесе тірек ретінде пайдалабаңыз.
Біліктік табанды
қатты жүктеу немесе үстіне тұру оның ауырлық
орталығы төбеге жылжып ол аударылуы мүмкін.
Тасымалдау мен жұмыс істеу кезінде барлық
бұрандалар мен біріктіру элементтері бекем
тартылғанына немесе тірелгеніне көз жеткізіңіз.
Бос қоспалар тұрақсызыдқ және тура емес аралау
әдістеріне алып келуі мүмкін.
Ұзын және ауыр дайындамалар біліктік табанды
тең салмақтылықтан шығармауына көз жеткізіңіз.
Жарамды мемлекеттік пен халықаралық
нормаларды ескеріңіз.
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150
(5 шарт) құжатын оқыңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Біліктік табан тұрақты аралармен аралау кезінде
дайындаманың бос жағын тіреу және таяуға арналған.
Біліктер дайындаманың тиісті жылжымалылығын
қамтамасыз етеді.
Техникалық мәліметтер
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош“
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС „Роберт Бош“
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: [email protected]
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Кәдеге жарату
Біліктік табан, оның жабдықтары мен орамасын қоршаған
ортаны қорғайтын кәдеге жарату орнына тапсыру қажет.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.
Біліктік табан
PTA 1000
Өнім нөмірі
3 603 M05 1..
Табан биіктігі
мм
700–1150
макс. жүк көтерімділігі
кг
100
OBJ_BUCH-1141-004.book Page 23 Friday, January 15, 2016 11:39 AM