Қазақ |
121
Бұрау бағытын реттеу (C суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы
(6)
көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті
(7)
басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты:
бұрандаларды бұрап кіргізу
және сомындарды тарту үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын
(6)
солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты:
бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын
(6)
оңға тірелгенше
басыңыз.
Берілістің механикалық таңдалуы
u
Берілісті таңдау ауыстырып-қосқышын
(3)
электр
құрылғысы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Беріліс ауыстырып-қосқышы
(3)
арқылы 2 айналу
жиілігінің диапазонын таңдауға болады.
I беріліс:
Төмен айналу жиіліктерінің диапазоны; бұрауға немесе
шағын бұрғылау диаметрімен жұмыс істеуге арналған.
II беріліс:
Жоғары айналу жиіліктерінің диапазоны; үлкен бұрғылау
диаметрімен жұмыс істеуге арналған.
Беріліс ауыстырып-қосқышы
(3)
тірелгенше бұралмаса,
редуктор шпинделін бұрғымен айналдырыңыз.
Ажыратқыш
Электр құралды
қосу
үшін қосқышты/өшіргішті
(7)
басып
тұрыңыз.
Жарық диоды қосу/өшіру қосқышы
(7)
сәл немесе толық
басылғанда жанып, жарық жеткіліксіз жұмыс аймақтарын
жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Электр құралды
өшіру
үшін қосқышты/өшіргішті
(7)
жіберіңіз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті
(7)
басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті
(7)
жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде айналу саны артады.
Артық жүктемеден жылу қорғанышы
Тағайындалуына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралы
артық жүктелмейді. Асқын жүктелгенде немесе
аккумулятор температурасы ұйғарынды мөлшерден асып
кетсе, электроника электр құралын тиісті температура
аймағына қайту үшін автоматты өшіреді.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
u
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
күйде салыңыз.
Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Айналу моменті қағу ұзақтығына байланысты болады.
Максималды мақсатты айналу моменті барлық соққылар
арқылы жеткен айналу моменттерінің қосындысынан
шығады. Максималды айналу моментіне 6–10 секундтық
қағу ұзақтығынан кейін қол жеткізіледі. Осы уақыттан
кейін тарту моменті минималды шамаға ғана көтеріледі.
Қағу ұзақтығын әрбір талап етілген тарту моменті үшін
есептеу керек. Дәл жеткен тарту моментін әрдайым
динамометрлік кілтпен тексеріңіз.
Қатты, иілгіш немесе жұмсақ тіректі бұрандалы
қосылымдар
Сынау кезінде бір қағу әрекетінде қол жеткізілген айналу
моменттері өлшеніп, диаграммаға көшірілсе, айналу
моменті процесінің қисық сызығы пайда болады. Қисық
сызық биіктігі максималды қол жеткізілетін айналу
моментіне сай келеді, құламалығы қол жеткізілетін
уақытты көрсетеді.
Айналу моментінің процесі төмендегі факторларға
байланысты болады:
– Бұрандалар/гайкалардың қаттылығы
– Тіректің түрі (шеңбер, дискілік серіппе, тығыздауыш)
– Бұралатын материал қаттылығы
– Бұрандалы қоспаның майланғаны
Сәйкесінше төмендегі пайдалану жағдайлары пайда
болады:
–
Қатты тірек
металдан металға біріктірген кезде астына
салатын шайбаларды пайдаланғанда пайда болады.
Қысқа қағу уақытынан соң максималды айналу
моментіне қол жеткізіледі (құламалы сипаттамалы
сызық). Керек болмаған ұзақ қағу уақыты машинаға
зиян тигізеді.
–
Иілгіші тірек
металдан металға біріктірген кезде,
бірақ серіппелі сақиналарды, дискілік серіппелерді,
тіректі болттарды немесе конустық тіректі
бұрандаларды/гайкаларды және ұзартқыштарды
пайдаланған кезде пайда болады.
–
Жұмсақ тірек
металды ағашқа біріктірген кезде
немесе тірек ретінде қорғасын немесе талшықты
шеңберлерді пайдаланған кезде пайда болады.
Иілгіш немесе жұмсақ тіректе максималды тарту моменті
қатты тіректен төмен болады. Сонымен қатар ұзақ қағу
уақыты талап етіледі.
Максималды бұрандалар тарту бұрау моменті үшін нысана көлемдер
деректер Нм ретінде берілген, кернеу көлденең қимасынан есептелген; аққыштық шегінің қолдануы 90 % (үйкелу
коэффициенті µ
жал
= 0,12). Бақылау үшін тарту бұрау моментін әрдайым динамометрлік кілтпен тексеріңіз.
DIN 267 бойынша
қаттылық
сыныпы
Стандартты бұрандалар
Берік бұрандалар
3.6
4.6
5.6
4.8
6.6
5.8
6.8
6.9
8.8
10.9
12.9
M6
2.71
3.61
4.52
4.8
5.42
6.02
7.22
8.13
9.7
13.6
16.2
M8
6.57
8.7
11
11.6
13.1
14.6
17.5
19.7
23
33
39
Bosch Power Tools
1 609 92A 5GN | (21.01.2020)