132
| Қазақ
Аккумуляторды зарядтау
u
Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау
құралдарын пайдаланыңыз.
Тек қана осы зарядтау
құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий-
иондық аккумулятормен сәйкес.
Нұсқау:
аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық
зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең
заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ
болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы
өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
u
Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/
өшіргішті енді басушы болмаңыз.
Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Bosch
компаниясы қуаты кемінде
3,0 Aсағ болатын аккумуляторларды
пайдалануға кеңес береді.
Аккумуляторды енгізу және шығару (A1−A2
суреттерін қараңыз)
u
Аккумуляторды енгізу кезінде күш салмаңыз.
Аккумулятор электр құралына тек дұрыс күйде
салынатындай етіп құрастырылған.
– Аккумуляторды
(11)
аккумулятор бөліміне тірелгенше
кіргізіңіз.
– Аккумуляторды
(11)
шығару үшін аккумулятордағы
босату түймесін
(13)
басып, оны аккумулятор
бөлімінен тартып шығарыңыз.
Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы
(17)
жасыл түсті жарық диодтары аккумулятордың
(11)
заряд
деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд
деңгейін электр құралының жұмыссыз күйінде ғана
шақыруға болады.
Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің
индикаторына арналған түймені
(16)
басыңыз. Мұны
аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады.
Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені
(16)
басқаннан кейін ешбір жарық диоды жанбаса, бұл
аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру қажет
екендігін білдіреді.
Аккумулятор түрі GBA 18V... (B1 суретін қараңыз)
Жарық диодтары
Қуаты
Үздіксіз жарық 3× жасыл
60−100 %
Үздіксіз жарық 2× жасыл
30−60 %
Үздіксіз жарық 1× жасыл
5−30 %
Жыпылықтау 3× жасыл
0−5 %
Аккумулятор түрі ProCORE18V... (B2 суретін қараңыз)
Жарық диодтары
Қуаты
Үздіксіз жарық 5× жасыл
80−100 %
Үздіксіз жарық 4× жасыл
60−80 %
Үздіксіз жарық 3× жасыл
40−60 %
Үздіксіз жарық 2× жасыл
20−40 %
Үздіксіз жарық 1× жасыл
5−20 %
Жыпылықтау 1× жасыл
0−5 %
Қосымша тұтқаны қайыру (C суретін
қараңыз)
Қосымша тұтқаны
(14)
қозғалтып, қауіпсіз және ыңғайлы
жұмыс күйіне реттей аласыз.
– Қосымша тұтқаның
(14)
астыңғы бөлігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны
(14)
қалаулы
күйге қайырыңыз. Содан кейін қосымша тұтқаның
(14)
астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.
Қосымша тұтқаның кергіш таспасы корпустағы арнайы
ойықта болғанына көз жеткізіңіз.
Құралды алмастыру
u
Зақымдалған шаңнан қорғайтын қаптаманы дереу
ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету
орталығында орындауға кеңес беріледі.
Шаңнан қорғайтын қаптама
(3)
жұмыс кезіндегі бұрғылау
шаңының құрал бекіткішіне кіріп кетуіне жол бермейді.
Құралды пайдалану кезінде шаңнан қорғайтын
қаптаманың
(3)
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
SDS-plus алмалы-салмалы аспабын салу (D1 суретін
қараңыз)
SDS-plus-алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан бос
қозғалады. Сол себептен бос айналуда радиал қағу пайда
болады. Бұл ойық дұрыстығына әсер етпейді, өйткені
бұрғылау кезінде бұрғы өзін өзі ортаға дәл келтіреді.
SDS-plus-бұрғылау патронымен алмалы-салмалы аспапты
жай және оңай ретте қосымша аспаптарды пайдаланбай
алмастыру мүмкін.
– Алмалы-салмалы аспаптың жалғанбалы ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне өздігінен
бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
– Құралды тарту арқылы оның құлыптанғанын
тексеріңіз.
1 609 92A 5B9 | (07.02.2020)
Bosch Power Tools
Summary of Contents for Professional GBH 180-LI
Page 3: ... 3 2 3 4 5 6 7 1 8 9 10 11 12 13 14 15 10 14 Bosch Power Tools 1 609 92A 5B9 07 02 2020 ...
Page 4: ...4 A1 A2 B1 C D1 D2 11 13 14 4 B2 17 16 16 17 1 609 92A 5B9 07 02 2020 Bosch Power Tools ...
Page 5: ... 5 X E F G 8 2 15 5 18 Bosch Power Tools 1 609 92A 5B9 07 02 2020 ...
Page 214: ...214 1 609 92A 5B9 07 02 2020 Bosch Power Tools ...