116
| Қазақ
– Шаңсорғыш толтыру деңгейінің датчиктерімен
(14)
жабдықталған. Максималды толтыру биіктігіне жетсе,
шаңсорғыш өшеді.
Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты
(4)
"Off"
күйіне орнатыңыз.
Нұсқау:
өткізгіш емес сұйықтықтарды (мысалы,
бұрғылау эмульсиясы) сору кезінде, сорғыш толы
контейнер күйінде өшіп қалады. Толтыру деңгейін жүйелі
түрде тексеру және контейнерді дер кезінде босату
керек.
– Сорғышты
өшіру
үшін, жұмыс режимдерін
ауыстырып-қосқышты
(4)
"Off" белгісіне орнатыңыз.
– Контейнерді
(9)
босатыңыз.
Ылғалды шаң сорғаннан кейін зең басудың алдын алу
үшін:
– Қатпарлы сүзгіні
(12)
шығарып, оны жақсылап
кептіріңіз.
– Сорғыштың жоғарғы бөлігін
(3)
алып тастаңыз және
жақсылап кептіріңіз.
Электрмагниттік сүзгіні тазалау (SFC)
Құрылғы шаңды қатпарлы сүзгіден
(12)
жинайтын
электрмагниттік сүзгіні тазалау жүйесімен жабдықталған.
Сору қуаты жеткіліксіз болған мезеттен кешіктірмей,
сүзгіні тазалау функциясын іске қосу қажет.
Сүзгіні тазалау жиілігі шаң түрі мен көлеміне байланысты.
Жүйелі түрде пайдаланылса, максималды қуат ұзақ
сақталады.
– Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты
(4)
"Электрмагниттік сүзгіні тазалау (SFC)" белгісіне
орнатыңыз.Кез келген қосылған электр құралын өшіру
керек.
Сорғыш шамамен 10 секундтай дірілдеп, автоматты
түрде өшеді.
– Сору жұмысын жалғастырмас бұрын, шаң
контейнерде басылуы үшін біраз күтіңіз.
Техникалық күтім және қызмет
Техникалық қызмет көрсету және тазалау
u
Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін
алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз.
Осы сақтық
шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол
бермейді.
u
Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен
желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
u
Шаңсорғышты күту немесе тазалауда шаңтұтқыш
маскасын киіңіз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек
Bosch
компаниясы немесе
Bosch
электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Пайдаланушы техникалық қызмет көрсетуі үшін,
сорғышты бөлшектеу, тазалау және оған мүмкіндігінше
қызмет көрсету керек, тек осы жағдайда қызмет
көрсетуші мамандар мен басқа тұлғаларға қауіп төнбейді.
Ықтимал тәуекелдерге жол бермеу үшін сорғышты
бөлшектеу алдында тазалау керек. Сорғышты бөлшектеу
жұмысы өткізілетін бөлме жақсы желдетілуі керек.
Техникалық қызмет көрсету кезінде жеке қорғаныс
жабдығын киіңіз. Техникалық қызмет көрсеткеннен кейін
техникалық қызмет көрсету аймағын тазалау керек.
Жылына кем дегенде бір рет өндіруші немесе тапсырыс
алған тұлға сүзгінің зақымдалуы, сорғыштың
саңылаусыздығы және бақылау құрылғысының жұмысы
сияқты шаңға қатысты тексеру жұмыстарын орындауы
қажет.
Кір айналада тұрған
L
класындағы сорғыштардың сырты
және барлық агрегат бөліктерін тазалау және
герметикпен өңдеу қажет. Техникалық қызмет көрсету
және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде
тазаланбайтын бөліктерді алып тастау керек. Бұл
бөліктерді өткізбейтін қаптарда қалдықтарды жою
бойынша қолданылатын заңдарға сай тастау керек.
– Сорғыштың корпусын мезгіл-мезгіл дымқыл
шүберекпен тазалап тұрыңыз.
Контейнерді тазалаңыз
– Контейнерді
(9)
стандартты ысқаланбайтын тазалау
құралымен тазалап кептіріңіз.
Сүзгіні тазалау
Шаң ыдысын жүйелік ретте босату және сүзгіні тазалау
оптималды сору қуатын қамтамасыз етеді. Егер сору
қуаты жетілмесе шаңсорғышты қызмет көрсету
шеберханасына апару керек.
Қатпарлы сүзгіні шығару/алмастыру (C суретті
қараңыз)
Зақымдалған қатпарлы сүзгіні бірден алмастырыңыз.
– Тиынмен немесе басқа нәрсемен айналдырыңыз.
ысырмадағы бекітпені
(6)
көрсеткі бағыты бойынша
1/4 айналымға бұрап, ысырманы басыңыз.
– Сорғыштың жоғарғы бөлігін
(3)
ашып, оны мықтап
ұстаңыз.
Қатпарлы сүзгіні
(12)
қалқасынан ұстап, оны жоғары
қарай шығарыңыз.
– Қатпарлы сүзгінің
(12)
пластиналарын жұмсақ
қылшақпен тазалаңыз.
немесе
Зақымдалған қатпарлы сүзгіні
(12)
алмастырыңыз.
– Жаңа немесе тазаланған қатпарлы сүзгіні
(12)
орнатып, оның берік және дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
– Сорғыштың жоғарғы бөлігін
(3)
қайта
төңкеріңіз.Ысырманы
(6)
үстінен сәл басқан кезде
қайта бекітіледі.
Қозғалтқышты қорғау сүзгісін тазалау (C суретті
қараңыз)
Қозғалтқышты қорғау сүзгісі айтарлықтай техникалық
қызмет көрсетуді қажет етпейді.
1 609 92A 6U5 | (04.07.2022)
Bosch Power Tools