Қазақ |
199
u
Электр құралын тек құрғақ ажарлау үшін
пайдаланыңыз.
Электр құралының ішіне су кірсе, ол
электр тоғының соғу қауіпін арттырады.
u
Өрт қауібі бар! Ажарланатын материалды немесе
ажарлау құрылғысын қызып кетуден сақтаңыз.
Шаңтұтқыш қабын жұмыс істеуден алдын
тазартыңыз, босатыңыз.
Шаң қабындағы,
микросүзгідегі, қағазқабындағы ажарлау шаңы
(немесе сүзгі қабында немесе шаңсорғыш сүзгісіндегі)
металлды ажарлауда болатын ұшқындар жануы, өрт
тудыруы мүмкін. Ажарлау шаңы лак, полиуретан
қалдықтары немесе химиялық заттектермен араласуы,
ажарлау материалының ұзақ өңделуінен қызуы аса
жоғары қауіп тудырады.
u
Қолыңызды аралау аймағынан қашық ұстаңыз.
Дайындама астына тимеңіз.
Ара полотносына тию
жарақаттану қаупін тудырады.
u
Электр құралыңыздың желдеткіш саңылауын
жүйелі түрде тазалаңыз.
Қозғалтқыш турбинасы
құрылғы ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып
электр қаупін тудыруы мүмкін.
u
Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз.
Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
алып келуі мүмкін.
u
Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз.
Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
u
Алмалы-салмалы аспаптарды алмастыру кезінде
қорғау қолғабын киіңіз.
Алмалы-салмалы аспаптар
ұзақ уақыт жұмыс істегеннен қызады.
u
Ылғалды материалдарды (мысалы тұсқағаз) және
ылғалды жерде қырмаңыз.
Электр құралының ішіне
су кірсе, ол электр тоғының соғу қауіпін арттырады.
u
Өңделетін бетті құрамында еріткіш бар
сұйықтықтармен сүртпеңіз.
Қыру кезіндегі
материалдар қызып кетуі себебінен улы булар пайда
болуы мүмкін.
u
Қырғыш және пышақпен жұмыс істеу кезінде сақ
болыңыз.
Аспаптар өте өткір болып жарақаттану
қауіпін тудырады.
u
Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс
пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы
мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып
қалуы мүмкін.
Таза ауа ішке тартыңыз және
шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
u
Аккумуляторды ашпаңыз.
Қысқа тұйықталу қауіпі
бар.
u
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін.
Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
u
Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші
өнімдерінде пайдаланыңыз.
Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ,
мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан,
кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
туындайды.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып
келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы ағаш заттектер, пластмасса, гипс, түсті
металды және бекіту элементтерін (мысалы шыңдалмаған
шеге, қапсырма) аралау және ажыратуға арналған.
Жұмсақ қабырға плиткаларын өңдеу және кіші
аймақтарды құрғақ ажарлау мен қыруға да арналған.
Әсіресе қыруға жақын және біріктіру жайындағы
жұмыстарға арналған. Электр құралын тек Bosch
жабдықтарымен пайдалану қажет.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1)
Ажыратқыш
(2)
Аккумуляторды босату түймесі
(3)
Аккумулятор
A)
(4)
Желдеткіш саңылауы
(5)
Тербелістер санын алдын ала таңдауға арналған
реттегіш дөңгелек
(6)
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
(7)
Құрал бекіткіші
(8)
Тереңдік шектегішінің қыспа иінтірегі
A)
(9)
Тереңдік шектегіші
A)
(10)
Батырма ара дискісі
A)
(11)
Қысқыш бұранда
(12)
Алты қырлы дөңбек кілт
(13)
Тұтқа (беті оқшауланған)
(14)
Шаңсорғыш
A)
(15)
Ажарлағыш тақта
A)
(16)
Ажарлағыш диск
A)
(17)
Шаңсорғыштың қыспа иінтірегі
A)
Bosch Power Tools
1 609 92A 5V6 | (20.08.2020)