Қазақ |
41
Батарея бөлімі қақпағының
(7)
ішіндегі суретте
көрсетілгендей полюстердің дұрыс орналасуын
қамтамасыз етіңіз.
Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір
өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды
пайдаланыңыз.
u
Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз,
батареяны өлшеу құралынан шығарып алыңыз.
Ұзақ уақыт сақтаған жағдайда, өлшеу құралындағы
батареяларды тот басуы және олардың заряды
өздігінен таусылуы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
u
Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн
сәулелерінен сақтаңыз.
u
Өлшеу құралына айрықша температура немесе
температура өзгерістерінің әсерін тигізуге
болмайды.
Оны, мысалы, автомобиль ішінде ұзақ
уақытқа қалдырмаңыз. Температура өзгерістері шұғыл
болған жағдайда, алдымен өлшеу құралының тұрақты
температурасын сақтаңыз және жұмысты
жалғастырмас бұрын әрдайым дәлдік тексерісін
өткізіңіз (қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін
тексеру“, Бет 42).
Айрықша температура немесе температура өзгерістері
орын алған жағдайда, өлшеу құралының дәлдігі
төмендеуі мүмкін.
u
Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден
сақтаңыз.
Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу
құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым
дәлдік тексеруін орындау керек (қараңыз „Өлшеу
құралының дәлдігін тексеру“, Бет 42).
u
Өлшеу құралын тасымалдаған кезде маятникті
бұғаттау ауыстырып-қосқышын
күйіне
жылжытыңыз.
Осылайша тербелу блогы
құлыптанады, кері жағдайда ол қатты қозғалыстардан
зақымдалуы мүмкін.
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын
қосу
үшін қосу/өшіру түймесін
(3)
басыңыз. Өлшеу құралы қосылғаннан кейін бірден
шығыс саңылаулардан
(1)
лазер сызықтарын жібереді.
u
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Өлшеу құралын
өшіру
үшін қосу/өшіру түймесін
(3)
күй
индикаторы
(2)
сөнгенше басыңыз. Тербелу блогын
құлыптау үшін маятникті бұғаттау ауыстырып-қосқышын
(4)
күйіне жылжытыңыз.
u
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз
қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан
соң өшіріңіз.
Лазер сәулесімен адамдардың көзін
шағылыстыру мүмкін.
Пайдалану түрлері
Өлшеу құралы қосылғаннан кейін қиылысу режимінде
болады. Жұмыс режимін ауыстыру үшін қосу/өшіру
түймесін
(3)
қажетті жұмыс режимі реттелгенше
басыңыз.
Төмендегі жұмыс режимдерін таңдауға болады:
Белгі
Жұмыс режимі
Қиылысу режимі
(
A
−
C
және
F
суреттерін
қараңыз): өлшеу құралы алдыңғы лазер
шығару саңылауынан
(1)
бір көлденең
және бір тік лазер сызығын, ал бүйірлік
лазер шығару саңылауынан бір тік лазер
сызығын шығарады. Екі тік лазер сызығы
бір-біріне 90° бұрышта өтеді.
Көлденең режим
(
D
суретін қараңыз):
өлшеу құралы алдыңғы лазер шығару
саңылауынан
(1)
бір көлденең лазер
сызығын шығарады.
Тік режим
(
E
суретін қараңыз): өлшеу
құралы алдыңғы лазер шығару
саңылауынан
(1)
бір тік лазер сызығын
шығарады.
Жұмыс режимдерінің барлығын нивелирлеу
автоматикасымен де, маятникті бұғаттау тетігімен де
таңдауға болады.
Нивелирлеу автоматикасы
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу (A–
E суреттерін қараңыз)
Өлшеу құралын көлденең, берік бетке қойып, штативте
(14)
бекітіңіз.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін
маятникті бұғаттау ауыстырып-қосқышын
(4)
күйіне
жылжытыңыз. Күй индикаторы
(2)
жасыл түспен жанады
(
/
green
белгісі).
Нивелирлеу автоматикасы ±
4
° шамасындағы өздігінен
нивелирлеу аймағында тегіс емес жерлерді автоматты
түрде тегістейді. Лазер сызықтары одан ары қозғалмаса,
нивелирлеу аяқталады.
Егер автоматты түрде нивелирлеу мүмкін болмаса,
мысалы, өлшеу құралы тұратын беттің көлденең
сызықтан ығысуы
4
° шамасынан артық болса, күй
индикаторы
(2)
қызыл түспен жанып, лазер сызықтары
жыпылықтайды және дыбыстық сигнал беріледі.
Бұл жағдайда өлшеу құралын көлденеңінен қойып,
өздігінен нивелирлеу аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы
±
4
° шамасындағы өздігінен нивелирлеу диапазонына
қайтып оралғанда, лазер сызықтары үздіксіз жанып, күй
индикаторы
(2)
жасыл түспен жанады және дыбыстық
сигнал тоқтап қалады.
±
4
° өздігінен нивелирлеу аймағынан тыс нивелирлеу
автоматикасымен жұмыс істеу мүмкін емес, себебі кері
жағдайда лазер сәулелерінің нивелирлеу дәлдігі де,
лазер сәулелерінің арасындағы дұрыс бұрыш та
қамтамасыз етілмейді.
Bosch Power Tools
1 609 92A 58S | (09.06.2020)