Қaзақша |
117
Bosch Power Tools
1 609 92A 32L | (8.8.16)
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Тек электр құралыңыздың зауыттық
тақтайшасында белгіленген қуатты түпнұсқалық
Bosch литий-иондық аккумуляторын
пайдаланыңыз.
Басқа аккумуляторларды пайдалану
жарақаттану және өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Ескертпе:
Электр құралыңызға арналмаған
аккумуляторды пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе
электр құралының зақымдануына алып келуі мүмкін.
Зарядталған аккумуляторды
2
разъемға бекітілгенін және
разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше салыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралын
қосу
үшін
алдымен
қосу блокадасын
4
оңға немесе солға басыңыз.
Сосын
қосқыш/өшіргішті
3
басып ұстап тұрыңыз.
Шырақ
5
косқыш/өшіргішті
3
жай немесе толық
басылқанда жанып жетерлік болмаған жарықтық
жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.
Электр құралын
өшіру
үшін қосқыш/өшіргішті жіберіңіз
3
.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Литий-иондық аккумулятор “Electronic Cell Protection
(ECP)” арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Электр құралы автоматты ретте өшкеннен соң
қосқыш/өшіргішті басқа баспаңыз.
Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Жүріс санын басқару
Қосқышты/өшіргішті
3
басу күшін өзгерте отырып,
қосылған электр құралының жүрістер санын біртіндеп
реттеуге болады.
Қажетті жүрістер саны дайындама және жұмыс
жағдайларына байланысты болуы мүмкін.
Ара полотносын дайындамаға қоюда және пластмасса,
алюминийді аралау кезінде жүрістер санын азайтқан
дұрыс.
Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды пайдалану
оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара полотносын алып
тастап электр құралын аз суыту үшін оны шамамен 3 минут
максималды жүрістер санында істетіңіз.
Аккумулятор зарядталу күйі индикаторы
Аккумуляторды зарядтау күйінің индикаторы
10
бірнеше
секунд жартылай немесе толық басылған қосқыш/өшіргіш
3
күйінде аккумулятордың зарядталғанын көрсетеді және
жасыл үш жарық диодын қамтиды.
Пайдалану нұсқаулары
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Кіші немесе жіңішке дайындамаларды өңдеуде
әрдайым қозғалмайтын төсем немесе аралау
құрылғысын пайдаланыңыз.
Нақты жұмыс үшін электр құралын жұқа ара ретінде
пайдалану мүмкін дөрекі және жылдам кесіктер үшін
қылышты ара ретінде. Жұқа арамен аралау үшін ара
полотносын кесік бағытымен алдынға орнатыңыз,
қылышты арамен аралау үшін кесік бағытымен артқа.
Оптималды және нақты аралау нәтижесіне жету үшін қатты
басып аралаңыз.
Қалын ағашта ұзын тік кесіктер тікелей болмауы мүмкін.
Дұрыс кесіктер үшін бұл жағдайда Bosch дөңгелек арасын
пайдалану ұсынылады.
Қол арасы (C суретін қараңыз)
Қол ара әдісінде тек жұмсақ ағаш, гипсокартон т.б.
сияқты материалдарды өңдеу мүмкін!
Қол ара үшін тек қысқа ара полотноларын пайдаланыңыз.
Электр құралын тіреу тақтасының
7
алғы шетімен
дайындамаға салып ара полотносын
8
дайындамаға
тигізбей электр құралды қосыңыз. Жүрісі басқарылатын
электр құралдарында максималды жүріс санын таңдаңыз.
Электр құралын дайындамаға басып ара полотносын
ақырын кіргізіңіз.
Тіреу тақтасы
7
толық бетімен дайындамада жатқанда
қажетті аралау сызығымен аралаңыз.
Жарық диоды
Қуаты
Үздіксіз жарық жасыл
≥66 %
Үздіксіз жарық қызғылт сары
33–66 %
Үздіксіз жарық қызыл
≤33 %
OBJ_BUCH-2927-001.book Page 117 Monday, August 8, 2016 11:04 AM