KZ
3
3. Индикатор шамын қайтадан тексеріңіз: егер қажет
болса, бастапқы əрекетті орындап, оны қайтадан
реттеңіз. Егер тағам көп мөлшерде салынса немесе
тоңазытқыштың есігі жиі ашылса, индикатор шамда
OK сөзінің көрінбеуі - қалыпты жағдай. ТОҢАЗЫТҚЫШ
ЖҰМЫСЫ тетігін жоғарырақ параметрге ауыстырмас
бұрін кем дегенде 10 сағат күтіңіз.
ТАҒАМ САҚТАУ АЙМАҒЫ 0 °C / ҚАУІПСІЗ ЖІБІТУ *
Ет пен балық сияқты жас тағамды сақтауға арналған
бөлімше. Бөлімшенің ішіндегі төмен температура
тағамның нəрлілігін, сыртқы түрі мен дəмін
өзгертпестен бір аптаға дейін сақтауға мүмкіндік
береді - сынақ ет тағамдарымен жүргізілді. Бүл
бөлімше сондай-ақ тағамды денсаулыққа зиянсыз
түрде жібітуге қолайлы, себебі төмен температурада
жібіту микроорганизмдердің өсіп-өнуіне жол бермей,
тағамның дəмі мен органолептикалық сипаттарын
қорғайды. Бұл бөлімше жеміс-жидекке, көкөніс пен
көк салатқа жарамайды. Алайда оны толтырмасы
бар жаңа піскен макарон жəне тіпті піскен тамақ
немесе қалған тамақ үшін пайдалануға болады.
ЖЕМІС-ЖИДЕК ПЕН КӨКӨНІС ЖӘШІГІ *
Тоңазытқыштың ішіндегі салат контейнерлері көкөністер
мен жемістерді жас жəне солмаған күйінде сақтауға
арналған. Егер жеміс сияқты тағамды ылғалдылығы
төмендеу ортада сақтағыңыз келсе, ылғалдылықты
реттегішті ашыңыз (B бағыты) немесе тағамды ылғалдау
ортада сақтағыңыз келсе оны жабыңыз (A бағыты).
A
B
A
B
СӨРЕЛЕР *
Арнайы бағыттауыштарының көмегімен сөрелерді алып
шығуға болады жəне биіктігі реттеліп, көлемі үлкен
ыдыс пен тағамды оңай сақтауға мүмкіндік береді.
ДАБЫЛДАР КЕСТЕСІ
ДАБЫЛ ТҮРІ
СИГНАЛ
СЕБЕБІ
ШЕШІМІ
Ашық есік
дабылы.
Тоңазытқыш шамы
жыпылықтайды.
ДАБЫЛ индикаторы
жыпылықтайды.
Есік 2 минуттан артық
ашық тұр.
Есікті жабыңыз немесе дыбыстық
дабылдың дауысын басу үшін
Дабылды тоқтату түймешігін
басыңыз.
Температура
дабылы.
Тоңазытқыш шамы
ӨШІРУЛІ.
Есік 4 минуттан артық
ашық тұр.
Есікті жабыңыз.
Ақаулық.
Кез келген температура
индикаторлары
жыпылықтайды.
Өнімнің ақаулығы.
Кепілдік бойынша қызмет көрсету
бөліміне хабарласыңыз.
ЖҰМЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСТІЛУІ
МҮМКІН КЕЙБІР ДЫБЫСТАР
Құрылғыны бірінші рет немесе
ұзақ іркілістен кейін қосу кезіндегі
ысылдаған дыбыс.
Хладагент сұйықтығы түтіктерге
кірген кездегі бүлкілдеген дыбыс.
Жұмыс істеп тұрған компрессордан
шығатын "бррр" дыбысы.
Су краны немесе желдеткіш
жұмысты бастаған кездегі
быжылдаған дыбыс.
Компрессор іске қосылған кездегі
сатырлаған дыбыс.
Сыртылдаған дыбыс
компрессордың қаншалықты
жиі жұмыс істейтінін реттейтін
термостаттан шығады.