
14
ҚАЗАҚ
НҰСҚАУЛЫҚТЫ ҚОЛ ЖЕТЕРЛІК ЖЕРДЕ
САҚТАҢЫЗ
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Егер тазалау кезінде шаңсорғыштың
сорып алу қуаты кенеттен төмендеп кетсе,
шаңсорғышты бірден өшіріңіз де телескоптық
түтіктің немесе иілгіш шлангтің қоқысқа
толып қалмауын тексеріңіз. Шаңсорғышты
өшіріңіз жəне желіден ажыратыңыз, қоқысты
алып тастаңыз, сосын тазалауды жалғастыра
беріңіз.
- Тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтау
орнында шаңсорғышты пайдалануға
болмайды.
- Желілік ашаны розеткаға тек құрғақ қолмен
қосыңыз.
- Тазалау алдында
НЕРА
-сүзгінің
зақымдануына жол бермеу үшін еденнен
өткір заттарды алып тастаңыз.
- Желілік ашаны розеткадан ажыратқан
кезде ашадан ұстаңыз, желілік кабельден
тартпаңыз.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ЖИНАУ
Шаңсорғышты қаптамасынан шығарыңыз
жəне онда зақымданулардың бар-жоғын
тексеріңіз. Тасымалдау кезінде туындаған кез
келген зауыттық ақаулық немесе зақымдану
VITEK фирмасының кепілдік қызметіне кіреді.
Қосудың алдында электр желісінің кернеуі
шаңсорғыштың жұмыс кернеуіне сəйкес
келетінін тексеріңіз.
Саптама щеткаларды айырбастау кезінде,
сонымен қатар алдын алу кезінде үнемі
шаңсорғышты өшіріп отырыңыз жəне желілік
ашаны розеткадан ажыратыңыз.
Иілгіш шлангті жалғау жəне шығару (1-
сурет)
Иілгіш шлангтің ұшын (4) шаңсорғыш
корпусының алдыңғы бөлігінде орналасқан
ауа өтетін тесікке салыңыз.
Телескоптық түтікті жəне саптамаларды
жалғау
- Телескоптық ұзарту түтігін (2) иілгіш
шлангтің сабына (3) қосыңыз (2-сурет).
Бекіту батырмасын басып, телескоптық
түтіктің төменгі жағын қажетті ұзындыққа
шығарыңыз (3-сурет).
- Қажетті саптаманы таңдап алыңыз: еден/
кілемге арналған щетка (1), кішкене щетка
(14), жиһаз қаптамасын тазалауға арналған
щетка (15) немесе саңылау саптамасы
(16) немесе жəне оны телескоптық ұзарту
түтігіне жалғаңыз (4-сурет).
САПТАМА ЩЕТКАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Еденді/кілем жабындарын тазалауға
арналған щетка (1)
(5-6 сурет)
Тазалау жүргізіп жатқан беттің түріне
байланысты щеткадағы ауыстырыпқосқышты
қажетті жағдайға қойыңыз.
Кішкене щетка (14)
Щетка жиһаз бетінен шаңды тазалауға
арналған, түктің болуы жиһаздың өңделген
бетінің зақымдануына жол бермейді.
Жиһаз қаптамасын тазалауға арналған
щетка (15)
Саптама матадан жасалған жұмсақ жиһаздың
беттерін тазалауға арналған.
Саңылау саптамасы (16)
Осы саптама радиаторларды, саңылауларды,
бұрыштарды жəне диван жастықтары
арасындағы жерлерді тазалауға арналған.
ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Жұмыс басында желілік кабельді қажетті
ұзындыққа шығарыңыз да желілік ашаны
розеткаға қосыңыз.
Назар аударыңыз!
- Су сүзгісі бар шаңсорғыш тек құрғақ
тазалауға арналған, шаңсорғышпен суды
немесе басқа сұйықтықтарды жинауға
тыйым салынады.
-
Ауа ағынын реттегіш, су сепараторы,
НЕРА-
сүзгі орнатылмаса, шаңсорғышты
пайдаланбаңыз
.
1. Ілмекті (8) көтеріңіз жəне мотор блогын
шешіңіз.
2. Су сепараторын (18) НЕРА-сүзгімен (19)
бірге шаңжинағыш ыдысынан (9) шешіңіз.
3. Шаңжинағыш ыдысына (9) су құйыңыз,
шамамен 1,8 литр.
18321.indd 14
18321.indd 14
26.06.2007 17:27:44
26.06.2007 17:27:44