16
ҚАЗАҚША
БЛЕНДЕРЛIK ЖИНАҚ VT-8537
Блендер жинағында ұсынылған блендер
бұлғауға,
араластыруға,
ұсақтауға,
сондай-ақ сұйық және қатты өнімдерді
бірге өңдеуге арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Алынбалы блендер-қондырма
2.
Қондырманы орнату орны
3.
Моторлық блок
4.
Қосу батырмасы
5.
Айналдыру жылдамдығының реттегіші
6.
Ұсақтағыштың қақпақ-редукторы
7.
Ұсақтағыш тостағаны
8.
Пышақ
9.
Бұлғауыш қондырмасының редукторы
10.
Бұлғауыш-қондырма
11.
Стақан
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Блендерлік жинақты пайдалану алдында
осы пайдалану нұсқаулығын мұқият
оқып шығыңыз және оны анықтамалық
материал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз. Блендерлік жинақты осы
нұсқаулықта баяндалғандай оның тікелей
мақсаты бойынша пайдалану керек.
Құралды дұрыс емес пайдалану оның
бұзылуына әкеліп соғуы, пайдаланушыға
немесе оның мүлкіне зиян келтіруі
мүмкін.
•
Құралды электр желісіне қосар алдында
құралда көрсетілген кернеу өз үйіңіздегі
электр желісінің кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріңіз.
•
Құралды үй-жайдан тыс жерде
пайдалануға тыйым салынады.
•
Құралды ыстық беттерге (газ немесе
электрлік плита, тұмшапеш шкафы
сияқты) жақын қолдануға болмайды.
•
Қуаттандыру бауы жиһаздың үшкір
жиегіне және ыстық беттерге тимеуін
қадағалаңыз.
•
Моторлық блоктың корпусына, желілік
бауға және желілік бау ашасына сулы
қолыңызбен тиіспеңіз.
•
Электр тогының соғу қауіпін немесе
жанып
кетуін
болдырмау
үшін
қуаттандыру бауын, қуаттандыру
бауының ашасын және құрылғы
корпусын суға немесе кез келген басқа
сұйықтыққа салмаңыз.
•
Егер құрылғы суға құлап кетсе:
–
суға қол тигізбеңіз;
–
электр
розеткасынан
дереу
қуаттандыру бауының ашасын
суырып алыңыз, және содан кейін
ғана құрылғыны судан алып шығуға
болады;
–
құрылғыны тексеру немесе жөндеу
үшін авторландырылған (уәкілетті)
сервис орталығына жүгініңіз.
•
Құралды
алғашқы
пайдалану
алдында тағамдармен жанасатын
барлық шешілмелі қондырмалар мен
ыдыстарды жуыңыз.
•
Жеткізу жинағына кіретін қондыр-
маларды ғана қолданыңыз.
•
Құралды пайдаланудығ алдында
қондыр малардың дұрыс орнатылғанына
және сенімді бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
•
Құралды қондырмалар мен қайта
өңдеуге
арналған
азықтарды
пайдаланусыз қосуға тыйым салынады.
•
Электр желісіне қосулы тұрған құралды
қараусыз қалдырмаңыз.
•
Қондырмаларды ауыстыру алдында
және пайдаланып болғаннан кейін
құралды электрлік желіден ажыратыңыз.
•
Ұсақтағыш тостағанын орнықты және
құрғақ бетке орналастырыңыз.
•
Өнімдерді ұсақтағыш тостағанына
құрыл ғыны қосқанға дейін салыңыз.
•
Ұсақтағыш
тостағанына
немесе
өлшеуіш стақанға салу алдында, ыстық
өнімдерді суытыңыз.
•
Ұсақтағыш тостағанын өніммен асыра
жүктемеңіз және құйылған сұйықтардың
деңгейін қадағалаңыз.
•
Ұсақтағыштың жұмыс істеу кезінде
пышақтың қиын айналуын байқасаңыз,
құрылғыны электр желісінен ажыра-
тыңыз және пышақтың айналуына
кедергі келтіріп тұрған өнімдерді
абайлап, шығарып алыңыз.
•
Пышақ айналуы толық тоқтағаннан
кейін ғана тостағаннан өнімдерді
шығаруға және сұйықтықтарды құйып
алуға болады.
•
Ұсақтағыш-пышағының кесетін жиегі
мен блендер-қондырмалары тым
өткір және қауіп төндіруі мүмкін. Осы
қондырмаларды қолданғанда өте абай
болыңыз!
IM VT-8537.indd 16
12/19/19 2:58 PM