20
ҚазаҚша
Шаш түрі
Температура
Бүлінген, боялған,
түссіздендірілген, жұқа
+80°С-ден +120°С-ге дейін
Қалыпты
+120°С-ден +160°С-ге дейін
Кәсіби ретке келтіру үшін +160°С-ден +200°С-ге дейін
Ескерту:
- қылшақ тістері бетінің температурасы
деректері дисплейде көрсетілген көрсетілімдерден
ерекшеленуі мүмкін.
• Біртегіс таралған шашты біркелкі ені бар (5 см-ге таяу)
тарамдарға бөліңіз.
• Қылшақ тістерін (5) тарам тамырына жақын
орналастырыңыз және қылшақпен тарамның ұшына
дейін жүргізіңіз.
• Барлық шаш тарамдарын түзетіңіз.
• Шаш үлгісін соңғы ретке келтіру немесе лак жағу
алдында шашыңызды салқындатыңыз.
• Құрылғының ыстық беттерінің бетпен, мойынмен және
басқа дене бөліктерімен жанасуына жол бермеңіз.
• Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін іске қосу/
сөндіру батырмасын (2) басыңыз және ұстап тұрыңыз,
дисплей (4) сөнеді, желілік баусымның айыртетігін
электрлік ашалықтан шығарыңыз. Құрылғыға
салқындауға уақыт беріңіз.
Ескерту:
–
Егер құрылғы пайдаланылмайтын болса, міндетті
түрде оны сөнідіріңіз және электрлік желіден
ажыратыңыз
.
–
Ешқашан желіге қосылған құрылғыны қараусыз
қалдырмаңыз, егер Сіз құрылғыны сөндіруді ұмытып
кетсеңіз, онда ол 60 минуттан кейін автоматты
сөнеді.
–
Сіз сонымен қатар тарманың ұшын қысып және
шашты құрылғының сыртқы бетіне орап бұйра
жасай аласыз, біршама уақыт күтіңіз және бұйраны
құрылыдан шешіңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
• Тазалау алдында құрылғыны желіден ажыратыңыз
және толық салқындауына уақыт беріңіз
• Құрылғыны суға және басқа сұйықтықтарға матыруға
тыйым салынады.
IM VT-8446_70x130.indd 20
17.05.2017 11:47:12