25
ҚазаҚша
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құрылғыны төмен температура жағдайында
тасымалдау немесе сақтау кезінде оны үш сағаттан
кем емес уақыт бойы бөлме температурасында
ұстау керек.
• Құрылғыны ораудан шығарыңыз және құрылғының
жұмыс істеуіне кедергі бола алатын кез-келген
жапсырманы жойыңыз.
• Желілік бауды оның толық ұзындығына тарқатыңыз.
• Бекіткішті (8) қолсап (6) бағытында жылжытып, жұмыс
тілімдерін (10) босатыңыз.
• Құрылғының тұтастығын тексеріңіз, бұзылулар болған
жағдайда құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны іске қосу алдында электр желісінің кернеуі
сіздің үйіңіздегі жұмыс кернеуіне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
ШАШТЫ ТҮЗЕТУ
• Аспап ұзын, және сонымен бірге қысқа шаштар үшін
қолданыла алады.
• Аспапты тек сау, боялмаған және жасанды жолмен
бұйралабаған шаштар үшін, немесе арнайы түзететін
заттармен пайдаланыңыз.
• Егер шаштар боялған немесе химиялық бұйраланған
болса, онда аспапты сирек пайдалану ұсынылады.
• Шашты түзетудің ең жақсы нәтижесіне қол жеткізу
үшін олар таза және құрғақ болуы керек.
• Желілік баудың айыртетігін электрлік ашалыққа
салыңыз, қоректендіру сөндіргішін (5) «
I
» (құрылғы
іске қосылған) күйіне белгілеңіз, осы кезде іске қосылу
көрсеткіші (4) жанады.
• Аспапты түзу тұрақты және термотөзімді бетке
қойыңыз.
• Құрылғыға 1-2 минут бойы қызуға уақыт беріңіз.
• Жұмыр таралған шаштарды ені бірдей (5 см таяу)
тарамдарға бөліңіз.
• Шаш тарамын жұмыс тілімдерінің (10) арасына
салыңыз.
• Жұмыс тілімдерін бір-бірімен қысыңыз және оларды
біркелкі күш салмай шаштың ұшына дейін жүр-
гізіңіз.
Маңызды: ешбір жағдайда жұмыс тілімдерін
шаштың бір бөлігінде 2 секундтан артық
ұстамаңыз.
• Осыдан кейін келесі тарамды түзетуге кірісіңіз.
• Аспапты 30 минуттан артық пайдаланбаңыз.
IM VT-8424.indd 25
28.06.2016 17:12:55