20
ҚазаҚша
•
Желілік бауды толық тарқатыңыз.
•
Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз, бүлінулер болғанда
құрылғыны пайдаланбаңыз.
•
Іске қосу алдында аспаптың жұмыс кернеуі электр
желісінің кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
ШАШТЫ ТҮЗЕТУ
•
Аспап ұзын шашқа да, қысқа шашқа қолданылуы мүмкін.
•
Аспапты сау, боялмаған және жасанды жолмен
бұйраланбаған шаштарға, немесе арнайы түзететін
заттарсыз пайдаланыңыз.
•
Егер шаштар боялған немесе химиялық бұйраланған
болса, онда аспап сирек пайдалану ұсынылады.
•
Ең жақсы нәтижеге жету үшін шаштар таза және құрғақ
болуы керек.
•
Бекіткішті (4) жылжытып, шаш түзеткішті ашыңыз.
•
Аспапты тегіс, тұрақты және термотөзімді бетке
қойыңыз.
•
Желі бауының ашасын электр розеткасына тығыңыз,
құрылғыны іске қосыңыз, ол үшін қоректендіру
сөндіргішін (3) сағат тілі бағыты бойынша бұрыңыз және
қажетті температураны қойыңыз, осы кезде іске қосылу
индикаторы (2) жанады да жыпылықтай бастайды.
Ескерту:
Алғашқы пайдалану кезінде қыздырғыш
элементтен иіс пайда болуы мүмкін, бұл қалыпты
құбылыс.
Шаш түрі
Температура
Зақымдалған, боялған,
түссіздендірілген, жұқа
+100° С-ден +160° С-ге дейін
Қалыпты
+160° С-ден +180° С-ге дейін
Кәсіби ретке келтіру үшін +180° С-ден +220° С-ге дейін
•
Құрылғыға белгіленген температураға дейін қызуға
мүмкіндік беріңіз, көрсеткіш (2) тұрақты жанып тұрады.
•
Тегіс таралған шаштарды біркелкі ені бар тарамдарға (5
см таяу етіп) бөліңіз.
•
Шаш тарамын тілімдер (1) арасына салыңыз.
•
Құрылғыны қолсабынан (5) ұстаңыз және тілімдерді
(1) қысыңыз.
•
Асыра күш салмаңыз, жұмыс тілімдерін (1) шаш
тарамдарының ұшына дейін жүргізіңіз.
МАҢЫЗДЫ:
ешбір жағдайда тілімдерді шаш тарамының
бір бөлігінде 2 секундтан артық ұстамаңыз.
IM VT-8417_70x130.indd 20
15.05.2018 11:52:17