![Vitek VT-3519 SR Скачать руководство пользователя страница 18](http://html1.mh-extra.com/html/vitek/vt-3519-sr/vt-3519-sr_manual-instruction_1035215018.webp)
18
ҚазаҚ
• Құрылғыны түзу, тұрақты
бетке, күшті магнитті өрісі бар
жабдықтардан, мысалы видео-,
аудиомагнитофондардан немесе үлкен
колонкалардан алыс орнатыңыз, себебі
бұл құрылғылардың магнитті өрісінің
электр тізбектері дыбысқа шуылдар
енгізуі мүмкін.
• FM-антеннаны сыртқы антеннамен
қоспаңыз.
• Құрылғыны жылу көздерінің,
мысалы, радиаторлардың, электр
жылытқыштардың, тандырлардың
және жылу көзі болып табылатын
басқа құрылғылардың қасында,
сонымен қатар тікелей күн сәулелерінің
әсеріне, шамадан тыс шаңдануға,
вибрацияға немесе механикалық
соққыларға ұшырайтын жерлерде
орналастырмаңыз. Құрылғыға шырақ
сияқты ашық от көздерін қоймаңыз.
• Құрылғы қорабындағы саңылауларына
бөтен заттардың түсуіне жол бермеңіз.
• Берілген құрылғы балаларға немесе
мүмкіндіктері шектеулі адамдарға
пайдалануға арналмаған. Ерекше
жағдайларда, олардың қаупсіздігі
үшін жауап беретін тұлға, құрылғыны
қауіпсіз пайдалану және оны дұрыс
пайдаланбаған кезде пайда бола
алатын қауіптер туралы сәйкес және
түсінікті нұсқаулықтар беруі керек.
• Аспапты балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
• Балаларға аспапты ойыншық ретінде
пайдалануға рұқсат етпеңіз
• Құрылғы үйде пайдалануға ғана
арналған
Қоректендіруді қосу
–
Құрылғыны электр желісіне қосу үшін
желілік бейімдеуіш бауының штекерін
(24) қоректендіру ұясына (19) салыңыз.
Желілік бейімдеуішті (25) ауыспалы тоқ
желісінің ашалығына салыңыз.
–
Аспап қосымша қоректендірудің
іштетілген батареялық жүйесімен
жабдықталған, ол ауыспалы тоқ
желісінде кернеу болмаған жағдайда
ағымдағы уақыттың, таймердің,
оятқыштың баптауларын және
бағдарламаланған радиостанциялар
баптауларын сақтауға мүмкіндік береді.
Желідегі кернеу қалпына келгенде,
құрылғы желілік бейімдеуіштен
қоректенуге көшеді.
–
Батареялық бөлік қақпағын (22) ашыңыз
және, үйектілікті сақтай отырып, CR2032
қоректендіру элементін салыңыз
(қоректендіру элементтері жеткізілім
жинағына енбейді).
–
Батареялық бөліктің қақпағын жабыңыз
және бұранданы бұраңыз.
Назар аударыңыз!
Қоректендіру элементінің ағып кетуі
жарақаттардың немесе құрылғының
бұзылуының себебі болуы мүмкін.
Құрылығының бұзылуын болдырмау үшін
төменде келтірілген нұсқаулықтарды
ұстаныңыз:
–
қоректендіру элементін үйектілікті
сақтап орнатыңыз;
–
егер құрылғы ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмайтын болса қоректендіру
элементін алып тастаңыз;
–
қоректендіру элементін қайта
зарядтамаңыз, оны бөлшектемеңіз,
жоғары температура әсеріне
ұшыратпаңыз;
–
қоректендіру элементін уақытында
айырбастап тұрыңыз.
Уақытты баптау
1.
Құрылғыны электр желісіне қосыңыз.
2.
«MEM TIME» батырмасын (7) басып
ұстап тұрыңыз, дисплейде уақытты
көрсету өлшемін білдіретін таңбалар
жанып-сөне бастайды: 12 сағат (12Hr)
немесе 24 сағат (24Hr).
3.
Батырмаларды (8) және (9) пайдаланып,
уақытты көрсету өлшемін таңдаңыз.
4.
«MEM TIME» батырмасын (7) басыңыз
.
Дисплейде сағат сандары жанып-сөне
бастайды.
5.
Батырмаларды (8) және (9) пайдаланып,
қажетті сағатты таңдаңыз.
6.
«
MEM TIME» батырмасын (7) басыңыз
.
Дисплейде минут сандары жанып-сөне
бастайды.
7.
Батырмаларды (8) және (9) пайдаланып,
қажетті минут мәнін таңдаңыз.
VT-3519 IM.indd 18
25.12.2013 10:57:05
Содержание VT-3519 SR
Страница 1: ...1 VT 3519 IM indd 1 25 12 2013 10 57 03...
Страница 2: ...2 23 VT 3519 IM indd 2 25 12 2013 10 57 03...
Страница 11: ...11 90 270 1 1 1 220 240 50 6 5 250 A 3 CR2032 FM 87 5 108 3 3 38 7 1070 VT 3519 IM indd 11 25 12 2013 10 57 05...
Страница 16: ...16 1 1 1 220 240 50 6 5 250 A 3 CR2032 FM 87 5 108 3 3 2004 108 2006 95 VT 3519 IM indd 16 25 12 2013 10 57 05...
Страница 28: ...VT 3519 IM indd 28 25 12 2013 10 57 06...