
16
ҚазаҚ
Бірінші қадам
Қондырма-тарақты 3 мм (10) немесе
6 мм (11) орнатыңыз. Сөндіргішті (3) «І»
күйіне белгілеп, машинканы іске қосыңыз.
Ұстараларын жоғары қаратып машинканы
ұстаңыз. Шашты қиюды бастың төменгі
жағынан бастаңыз. Машинканы жоғары
бағытта баяу жылжытыңыз. Бастың артқы
жағының астындағы барлық шашты және
құлақтың жанын қырқыңыз (сур. 4, 5, 6).
Екінші қадам
Сөндіргішті (3) «0» күйіне белгілеп,
машинканы сөндіріңіз, және желілік баудың
айыртетігін электрлік ашалықтан суырыңыз,
анағұрлым ұзын шашқа арналған қондырма-
тарақты 9 мм (8) немесе 12 мм (9) орнатыңыз,
машинканы іске қосыңыз және шашты
көмейге таяу қырқуды жалғастырыңыз
(сур. 7).
Үшінші қадам – самай маңындағы
шашты қию
Машинканы сөндіріңіз және желілік
баудың айыртетігін электрлік ашалықтан
шығарыңыз, қондырма-тарақты 3 мм
(10) немесе 6 мм (11) орнатыңыз және
самайдағы шашты қырқыңыз. Содан кейін 9
мм (8) немесе 12 мм (9) қондырма-тарақты
орнатыңыз және көмей бағытында шашты
қырқуды жалғастырыңыз (сур. 6).
Төртінші қадам – төбе шашты қию
Қондырма-тарақты 9 мм (8) немесе 12 мм
(9) пайдаланып, көмейден төбеге қарай
шаштың өсуіне қарсы қырқыңыз (сур. 7).
•
Шашты өсуіне қарсы және өсуі бойынша
қиюға болады, бірақ өсуіне қарсы
қырқылған шаштар өсуі бойынша
қырқылған шашқа қарағанда қысқарақ
болатынын есте сақтаңыз.
•
3 мм (10) немесе 6 мм (11) қондырмаларды
өте қысқа қырқу үшін пайдаланыңыз.
Шашты ұзынырақ қалдыру үшін 9 мм
(8) немесе 12 мм (9) қондырмаларды
пайдаланыңыз.
•
Анағұрлым ұзын шаш қалдыру үшін шаш
тарамдарын саусақтардың арасына
қысыңыз және оларды машинкамен
қырқыңыз (сур. 8).
•
Тарақты пайдалануға болады: шаш
тарамдарын көтеріңіз және оларды
машинкамен тарақтың үстінен қиыңыз
(сур. 9).
•
Әрқашан қиюды бастың артқы жағынан
бастаңыз.
•
Біркелкі емес тарамдарды табу үшін
шашты тарақпен тараңыз.
•
Қайшыны (13) шашты түзету үшін
пайдаланыңыз.
Бесінші қадам – соңғы бөлім
Шаш үлігісін модельдеудің соңғы сатысында
машинкадан қондырма-тарақты шешіңіз,
ауыстырғышты (2) 0,9 мм күйіне белгілеңіз,
машинканы ұстараларымен шаш жаққа
бұрыңыз және самай мен мойындағы
шашты ұқыпты түзетіңіз. Машинкаға күшпен
баспаңыз, ашық ұстаралардың терімен
жанасқан кезде жарақат немесе жаралар
келтіруге болады (сур. 10).
Конус тәрізді қырқу
Қажетті қондырма-тарақты орнатыңыз және
шашты қырқуды бастың артқы жағынан
төбесіне қарай бастаңыз. Шашты олардың
өсуіне қарсы бастың алдыңғы жағынан
және шеттерінен төбесіне қарай қырқыңыз
(сур. 11). Төбесі жалпақ шаш үлгісін алу үшін
тарақты пайдаланыңыз: шаш тарамдарын
тарақ бойынша көтеріңіз және қырқыңыз.
Біркелкі емес тарамдарды табу үшін шашты
тарақпен тараңыз.
Ескерту:
Жұмыстағы
үзілістерде
машинканы қоректендіру сөндіргішімен (3)
алдын-ала сөндіріп, оны ілмекке (4) ілуге
болады.
Шашты қырқуды аяқтап, қоректендіру
сөндіргішін (3) «0» күйіне белгілеп,
машинканы сөндіріңіз, және желілік баудың
айыртетігін ашалықтан шығарыңыз,
қорғаныс қақпақты (5) ұстараларға (1)
кигізіңіз.
IM VT-2576.indd 16
27.12.2016 16:29:36