14
ҚАЗАҚША
АКСЕССУАРЛАР, ФУНКЦИЯЛАР, ТӘРТІПТЕР
Тор (9)
Өнімдерді қуыру немесе жібіту үшін торды
пайдаланыңыз. Төменгі қыздырғыш элементтің
ластануына жол бермеу үшін тордың астына
міндетті түрде қаңылтыр табаны (10) орнатыңыз.
Торкөзді жұмыс камерасының ішінен тұтқаның (11)
көмегімен шығарып алыңыз.
Істік (12)
Құсты істікке жақсылап бекітіп, істікті камераның
ішкі қабырғаларында орналасқан ұстағышқа
орнатыңыз: істіктің оң жақ шетін, содан кейін сол
жақ шетін бекітіңіз. Істіктің сол жақ ұшы дұрыс
орнатылған жағдайда істік айналады. Төменгі
қыздырғыш элементтің ластануына жол бермеу
үшін тордың астына міндетті түрде қаңылтыр
табаны (10) орнатыңыз. Істікті жұмыс камерасының
ішінен тұтқаның (13) көмегімен шығарып алыңыз.
Құсты ростердің ішінен шығарған кезде тұтқаны
екі қолмен ұстаңыз, алдымен істіктің сол жақ ұшын
көтеріңіз, содан кейін істікті оң жақ ұстағыштан
шығарыңыз.
Қаңылтыр таба (10)
Қаңылтыр табаны өнімдерді дайындау үшін,
сондайақ
төменгі
қыздырғыш
элементті
ластанудан қорғау үшін пайдаланыңыз (оны
тордың (9) немесе істіктің астына (12) орнатыңыз).
Жұмыс кезінде таба қызады, оны жұмыс
камерасының ішінен тұтқаның (11) көмегімен
шығарып алыңыз.
Назар аударыңыз! Құралдың беті мен
аксессуарлары жұмыс кезінде қатты қызады!
Асүйлік қолғаптарды, ұстағыштарды және
тұтқаларды (11 және 13) қолданыңыз.
«ТЕМПЕРАТУРА» ТЕРМОСТАТЫН
РЕТТЕГІШ (2)
Реттегіш (2) пісіру, қуыру немесе тост дайындау
үшін 100 °C бастап 250 °C дейінгі керекті
температураны орнатуға мүмкіндік береді.
«ТАЙМЕР» ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ
ТАЙМЕРІ (5)
Таймерде уақытты орнатуға болады – 102030
405060 минут. Таймерді өшіру үшін тұтқаны
ӨШІРУ дейін бұрау керек.
«ФУНКЦИЯЛАР» ЖҰМЫС ТӘРТІПТЕРІНІҢ
АУЫСТЫРҒЫШЫ (3)
Ростерде функцияларды ауыстырудың төрт
деңгейі қарастырылған: Өшіру / Жоғарғы
қыздырғыш және гриль / Төменгі қыздырғыш /
Жоғарғы және төменгі қыздырғыш және гриль.
«КОНВЕКЦИЯ/ІСТІК» ТӘРТІПТЕРІН
ТАҢДАУ ТҰТҚАСЫ
–
конвекция
(тек конвекция жұмыс істейді (ауа
мен үрлеу));
–
істік
(істік айналады);
–
істік/конвекция
(істіктің айналуы мен үрлеу
қосылған).
ЖҰМЫС ИНДИКАТОРЫ (1)
Керекті функцияны таңдаңыз, тиісті неондық шам
жанады.
ӨНІМДІ ӘЗІРЛЕУ
–
Өнімдерді тордың (9) үстіне, қаңылтыр табаға(10)
немесе істікке (12) салыңыз.
Ескертпе: Торды (9) немесе істікті (12)
пайдаланған кезде майды, сұйықтықты немесе
қоқымдарды жинап алу үшін олардың астына
қаңылтыр табаны (10) орналастырыңыз.
–
Есікті (7) жабыңыз.
–
Желілік баудың айырын розеткаға салыңыз.
–
Дайындау
температурасын
термостатты
реттегішпен (2) орнатыңыз.
Ескертпе:
–
Егер сіз құралды өнімдерді жібіту үшін пайда-
ланатын болсаңыз, онда бұл қадамды өткізіп
жіберіңіз.
–
Жұмыс камерасының шағын көлемі белгіленген
температураға дейін тез қызады.
–
Нан, кекс немесе бәліш пісірген кезде темпе-
ратураны рецепте көрсетілгеннен 10-15 °С
градусқа төмен етіп орнатыңыз.
–
Жұмыстың керекті тәртібін ауыстырғыш (3) және
(4) арқылы таңдаңыз.
–
Дайындау уақытын таймердің тұтқасымен (5)
орнатыңыз. Әзірлеу уақытын орнату үшін таймердің
тұтқасын (5) оңға бұраңыз, ростер әзірлеу тәртібіне
өтеді, ал индикатор (1) жанады. Белгіленген уақыт
аяқталған кезде құрал өшеді, ол туралы дыбыстық
белгі хабарлайды, индикатор (1) сөнеді.
–
Ростерді тұрақты жұмыс істеу режиміне қосу үшін
таймердің тұтқасын (4) күйіне орнату керек
.
Ростер сіз өшірмейінше жұмыс істейді. Ростерді
ажырату үшін таймердің тұтқасын (45) «ӨШІРУ»
өшірулі күйіне орнатыңыз.
Ескертпе:
–
Дайындау уақыты пайдаланылатын өнімдердің
салмағына, сапасына және қалыңдығына бай-
ланысты болады, сондықтан ең қысқа әзірлеу
ұзақтығын орнатыңыз, қажет болған жағдайда
әзірлеу ұзақтығын ұлғайтуға болады.
–
Ростерді ажырату үшін таймердің тұтқасын (5)
«ӨШІРУ» күйіне орнатыңыз.
Ескертпе: Жанып тұрған индикатор (1) құралдың
дайындаудың қосулы тәртібінде тұрғанын білдіреді.