13
ҚазаҚша
VT-1934 ЕДЕН ЖЕЛДЕТКІШІ
Желдеткіш үй-жайларды жасанды желдету
үшін арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Алдыңғы қорғаныс торы
2.
Сомын мен бұрандасы бар бекіткіш жиек
3.
Қалақтар бекіткіші
4.
Қалақтар
5.
Артқы торды бекітетін сомын
6.
Тасымалдауға арналған қолсабы бар артқы
тор
7.
Мотор блогі
8.
Айналу режимін қосу/сөндіру батырмасы
9.
Басқару тақтасы
10.
Қосу/сөндіру батырмасы « »
11.
Желдеткіштің мотор блогі бекіткіші
12.
Жылжымалы қарнақ
13.
Жылжымалы қарнақ бекіткіші
14.
Еден тіреулерін орнату орны
15.
Тіреулер (4 дн.)
Басқару тақтасы (9)
16.
Жұмыстың жылдамдық режимін таңдау
батырмасы « »
17.
Ауа ағыны режимін таңдау батырмасы « »
18.
Табиғи ауа ағыны режимінің белгісі « »
19.
Төменгі ауа ағыны жылдамдығының
белгісі «
L
»
20.
Желдету режимінің белгісі « »
21.
Температура/таймер жұмысының уақыты
белгілері
22.
Таймер жұмысының белгісі « »
23.
Ауа ағынының жоғары жылдамдығы
белгісі «
Н
»
24.
Жұмыстың түнгі режимінің белгісі « »
25.
Ауа ағынының орташа жылдамдығы
белгісі «
М
»
26.
Таймерді қосу/сөндіру батырмасы « »
27.
Қашықтықтан басқару пульті
28.
Қуаттандыру элементтері бөлігінің қақпағы
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Желдеткішті алғаш пайдалану алдыда берілген
пайдалану бойынша нұсқаулықты зейін
қойып оқып шығыңыз және оны анықтамалық
материал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай
тікелей мақсатына сай ғана пайдаланыңыз.
Құрылғыны дұрыс пайдаланбау оның сынуына,
пайдаланушыға немесе оның мүлігіне зиян
келтіруге әкелуі мүмкін.
•
Алғашқы қосу алдында, электр желісіндегі
кернеу құрылғының жұмыс кернеуіне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
•
Желдеткішті пайдаланбас бұрын желі
бауын мұқият тексеріп шығыңыз және
оның бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Егер сіз
желі бауының зақымдалуын байқасаңыз,
құрылғыны пайдаланбаңыз.
•
Қуаттандыру бауы зақымданған жағдайда
қауіп тууға жол бермеу үшін оны дайындаушы,
сервистік қызмет немесе баламалы білікті
маман ауыстыруы керек.
•
Желдеткішті үй-жайлардан тыс пайдалануға
тыйым салынады.
•
Құрылғыны түзу, құрғақ және тұрақты бетке,
жылу және ашық жалын көздерінен алыс
жерге орналастырыңыз.
•
Құрылғыны су құйылған ыдыстардың
қасында, асүйлік раковинаның тікелей
қасында және сыз жертөле үй-жайларында
немесе хауыздың қасында пайдаланбаңыз.
•
Желдеткішті, желі бауын және желі бауының
айырын суға немесе кез-келген басқа
сұйықтықтарға батырмаңыз.
•
Құрылғы корпусын және желі бауының
айырын сулы қолмен ұстамаңыз.
•
Егер желдеткіш суға түсіп кетсе, оны судан
шығарғанға дейін, желі бауының айырын
электр розеткасынан суырыңыз, және содан
кейін ғана желдеткішті судан шығаруға
болады. Желдеткішті тексеру немесе жөндеу
үшін кепілдеме талонында және www.vitek.ru
сайтында көрсетілген байланысу мекен-
жайлары бойынша кез-келген авторланған
(уәкілетті) қызмет көрсету орталығына
жүгініңіз.
•
Желі бауының ыстық беттерге және
жиһаздың үшкір жиектеріне тиюіне жол
бермеңіз.
•
Құрастырылмаған желдеткішті іске қосуға
тыйым салынады.
•
Жарақаттар алуға немесе құрылғының
бүлінуіне жол бермеу үшін желдеткіштің
қорғаныс торларының саңылауларына
бөтен заттарды салуға тыйым салынады.
•
Желдеткіш жұмыс істеп тұрған уақытта
айналатын қалақтарды ұстауға тыйым
салынады.
IM VT-1934_2.indd 13
03.12.2018 16:13:53