38
• Пеш жұмыс істеп тұрған кезде шыны төсемнің айналымына кедергі жасамаңыз.
• Тағамды дайындау кезінде үнемі шыны төсемді, аунақша шеңберін жəне төсем
тіреуін пайдаланыңыз.
• Тағамды жəне тағамды əзірлеуге арналған ыдысты тек шыны төсемге орналастыру
керек.
• Шыны төсем сағат тілімен/тіліне қарсы айнала береді – солай болуы керек.
• Шыны төсемде жарықтар мен опырылымдар пайда болған кезде оны дереу
ауыстырыңыз.
Орнату
• Қысқа толқынды пешті қоспас бұрын жұмыс кернеу мен тұтынатын қуаты электр
желісінің параметрлеріне сəйкес келетіндігін тексеріңіз. Қысқа толқынды пешті
жерге сенімді қосылған желілік рорзеткаға қосыңыз.
• Пешті тегіс тұрақты бетке орналастырыңыз. Кішкентай балалардың қолдары
жетпейтін жерді таңдап алыңыз.
• Пешті артқы жəне бүйір қабырғалары үйдің қабырғасынан кемінде 7-8 см қашықтықта,
ал пештің үстіндегі еркін кеңістік кемінде 30 см құрайтындай етіп орнатыңыз.
• Қысқа толқынды пештің түбінің тіреу аяқтарын шешпеңіз.
• Қысқа толқынды пештің корпусындағы желдету саңылауларын жаппаңыз.
•
Қысқа толқынды пешті теле- жəне радио-сигналдарды қабылдау кезінде
кедергілерді пайда болдырмас үшін теледидардан жəне радиоқабылдағыштан
алшақ орналастыру керек.
ЕСКЕРТУ:
Қысқа толқынды пешті қызатын бетке (ас үй плитасы) жəне өзгеде жылу
көздерін шығаратын беттерге орналастырмаңыз.
Қысқа толқынды пеш оның иесінің кінəсі бойынша істен шығып қалса, ол тегін кепілді
қызмет көрсету мен жөндеу құқықтарынан айырылады
ПЕШТІ ПАЙДАЛАНУ
Қуат деңгейлері:
Сіз қуаттың 11 деңгейінің біреуін таңдай аласыз:
Деңгей
10
9
8
7
6
5
4
3
2
1
0
Қуат
100%
90%
80%
70%
60%
50%
40%
30%
20%
10%
0
Дисплейдегі
көрініс
PL10
PL9
PL8
PL7
PL6
PL5
PL4
PL3
PL2
PL1
PL0
Ағымдағы уақытты орнату
1. «Сағат/Таймер» тетігін бір рет басыңыз, дисплейде «0:00» таңбасы көрінеді.
2. Сандық тетіктердің көмегімен ағымдағы уақытты 01-ден 12-ге аралықта белгілеңіз.
Мысалы, «12:10» уақытты орнату үшін «1», «2», «1», «0».
3. Аяқталғаннан кейін «Старт» тетігін басыңыз, «:» таңбасы жыпылықтап тұрады, ал
дисплейде белгіленген уақыт көрінеді.
Ескертпе:
• Сіз орнатқан уақыт 01:00 -12:59 аумағында болуы керек.
• Егер орнату кезінде сіз «Стоп/Болдырмау» тетігін бассаңыз немесе 1 минут
ішінде ешқандай əрекет жасалмаса, онда өздігінен бастапқы күйге қайтады.
• Ағымдағы уақытты қайта орнату қажет болса, 1-3 пунктты орындаңыз.
ҚАЗАҚ
1683.indd 38
1683.indd 38
12.04.2010 10:21:40
12.04.2010 10:21:40
Downloaded From Microwave-Manual.com Manuals