17
ҚАЗАҚ
алатын қауіптер туралы оларға түсінікті
нұсқаулықтар берілген болмаса арналмаған.
•
Моторлық блокты суға немесе басқа
сұйықтықтарға батыруға, сонымен
қатар оны су ағынының астында жууға
тыйым салынады. Моторлық блокты
тазарту үшін оны алдын-ала электр
желісінен ажыратып, дымқыл матаны
пайдаланыңыз.
• Желілік баудың, айыртетіктің немесе басқа
бөлшектердің бүлінуі кезінде аспапты
пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны өз бетіңізден жөндемеңіз.
Желілік баудың бүлінуі жағдайында немесе
құрылғыны жөндеу үшін туындыгерлес
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Электр аспабын құрғақ, салқын, балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Құрылғы үйде пайдалануға ғана арналған,
шырынсыққышты коммерциялық
пайдалануға тыйым салынады.
Жұмысқа дайындалу
• Құрылғыны ораудан шығарыңыз.
• Алғашқы іске қосу алдында, аспаптың
жұмыс істеу кернеуі электр желісі кернеуіне
сəйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Азық-түлікпен жанасатын барлық шешілмелі
бөлшектерді жақсылап жуыңыз, жəне
оларды кептіріңіз.
Ескерту
: Қолыңызда үккіш-сүзгішті
ұстағанда, сақ болыңыз, үккіштің өткір беті
бар.
• Көкөністерді/жемістерді жуыңыз жəне
шырынсыққыш қақпағының аузына жеңіл
өтетін бөліктерге бөліңіз.
• «Сүйекті» жемістерден (мысалы, шиеден,
шабдылан жəне т.с.с-лардан) шырын
шығарғанда, міндетті түрде жемістерден
сүйектерді алып тастаңыз.
Шырынды дайындау
• Шырынсыққышты түзу, құрғақ жəне тұрақты
бетке қойыңыз.
• Құрастыру алдында, аспаптың сөнгеніне
жəне желіден ажыратылғанына көз
жеткізіңіз.
• Шырынды құюға арналған шүмекті (5)
шырынжинауышқа (4) орнатыңыз (сур.1)
• Шырынжинауышты (4) моторлық блокқа (7)
орнатыңыз (сур.1)
• Үккіш-сүзгішті (3) шырынжинауышқа (4)
орнатыңыз (сур.2)
Ескерту
: Механикалық бұзылулар табылған
кезде үккіш-сүзгішті пайдаланбаңыз.
• Сығындыларға арналған сауытты (9)
орнатыңыз.
Алдымен бас бөлігін, ал кейін төменгісін
қосыңыз.
• Қақпақты (2) шырынжинауышқа орнатыңыз
(сур.3)
• Қақпақты (2) бекіткіштер (6) көмегімен
бекітіңіз (сур.4)
• Сығындыларға арналған сауытты (10)
орнатыңыз (сур.5)
• Шырынды жинауға арналған ыдысты
(11) тікелей шырынды құюға арналған
шүмектің астына (5) орнатыңыз (сур.6),
шырынсыққыш жұмысқа дайын.
• Желілік баудың айыртетігін ашалыққа
салыңыз.
• Батырманы (7) «I» іске қосу күйіне орнатып
шырынсыққышты қосыңыз. Егер барлық
шешілмелі бөліктер дұрыс орнатылған жəне
қақпақ (2) бекіткіштермен (6) бекітілген
жағдайда ғана шырынсыққыш іске
қосылады.
• Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде ғана
азық- түлікті жүктеңіз.
• Көкөністердің немесе жемістердің алдын-
ала туралған бөліктерін қақпақтың аузына
(2) біртіндеп салыңыз жəне оларға
итергішпен (1) сəл басыңыз. Итергішке тым
қатты баспаңыз, себебі бұл алынған шырын
сапасының төмендеуіне жəне тіпті – үккіш-
сүзгіштің (3) айналуының тоқтауына əкелуі
мүмкін. Көкөністер мен жемістерді өңдеу
неғұрлым баяу болса, соғұрлым шырынның
шығуы көп болады.
• Саусақтарды жəне басқа заттарды
қақпақтың аузына (2) салуға тыйым
салынады.
• Жұмыс істеу уақытында сүзгіш торының
сығындылармен бітеліп қалуы затына
үккіш-сүзгіштің (3) жағдайын кезекті тексеріп
тұрыңыз, жəне қажет болғанда жуып
тұрыңыз.
• Сығындыларға арналған сауыттың (10)
толуын байқаңыз. Егер сауыт (10) толса,
шырынсыққышты сөндіріңіз, желілік баудың
айыртетігін ашалықтан суырыңыз жəне
сауыттан сығындыларды алып тастаңыз.
1635.indd 17
1635.indd 17
07.12.2010 14:13:44
07.12.2010 14:13:44