20
ҚАЗАҚ
АСХАНА ПРОЦЕССОРЫ
СИПАТТАМАСЫ
1. Блендер жетегінің қорғау қақпағы
2. Пышақтар сақтайтын бөлім
3. Қосу тұтқасы/жылдамдықты реттегіш
4. Импульсті жұмыс режимінің батырмасы
5. Желілік сымды айналдыру орны
6. Саптамалар жетегінің білігі
7. Корпус
8. Пышақтардың дискілі ұстағышы
9. Үккіштер/тілімдегіштер:
A – майда майдалауға арналған үккіш
B – ірі майдалауға арналған үккіш
С – жұқа тіліктермен кесуге арналған
тілімдегіш
D – ірі тіліктермен кесуге арналған тілімдегіш
E – майдалауға арналған үккіш
F – фри картобын кесуге арналған пышақ
10. Өнімдерді өңдеуге арналған ыдыс
11. Пышақтардың қорғау қаптамасы (12, 13)
12. Негізгі майдалағыш пышақ
13. Үстіңгі майдалағыш пышақ
14. Көпсіткіш
15. Қамырды илеуге арналған саптама
16. Ыдыс қақпағы
17. Итергіш
18. Цитрус тұқымдас жемістерге арналған
шырын сыққыштың сепараторы
19. Цитрус тұқымдас жемістерге арналған
шырын сыққышқтың конусы
20. Сепараторы бар шырын сыққыш
21. Шырын сыққыш қақпағы
22. Шырын сыққыштың итергіші
23. Блендер ыдысы
24. Блендер ыдысының қақпағы
25. Мөлшерлегіш-тығын
26. Өңделген өнімдерді шығаруға арналған
қалақша
МАҢЫЗДЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Электр аспапты пайдаланбастан бұрын
пайдалану жөніндегі осы нұсқаулықпен жете
танысып шығыңыз.
•
Пайдалану жөніндегі осы нұсқаулықты
анықтамалық материал ретінде сақтап
қойыңыз.
• Аспапты электр желісіне қосудың алдында,
аспапта көрсетілген кернеу сіздің үйіңіздегі
электр желісінің кернеуіне сəйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
• Процессорды тегіс жазық бетке орнатыңыз.
• Аспапты жайдан тыс пайдалануға тыйым
салынады.
• Тек жеткізу топтамасына кіретін бөлшектерді
немесе жинақтаушы бөлшектерді
пайдаланыңыз.
• Желілік сым, аша немесе басқа бөлшектер
зақымданған жағдайда аспапты
пайдаланбаңыз.
• Желілік сым зақымданған жағдайда не болмаса
процессорды жөндеу үшін арнайы рұқсаты бар
сервис орталығына хабарласыңыз.
• Аспапты бірінші пайдаланудың алдында
тағамдық өнімдермен байланысқа түсетін
барлық алмалы-салмалы бөлшектерді
жақсылап жуыңыз.
• Өнімдерді майдалауға арналған пышақтарды
пайдаланбастан бұрын олардан қорғау
қаптамаларын шешіңіз.
• Қолыңызда үккіш/тілімдегіш саптамаларын
немесе пышақтарды ұстап тұрғанда абай
болыңыз, өйткені олардың кесу жиектері өте
өткір.
• Өнімдерді өңдеу кезінде ұсынылған өнімдер
мөлшерінен асырмаңыз.
• Жұмыс істеу кезінде қақпақ аузына өнімдерді
бармақтармен немесе қандай да бір
заттармен (мысалы, қалақшамен) тыққылауға
тыйым салынады. Осы мақсатта итергішті
пайдаланыңыз.
• Процессордан қандай да бір саптаманы
шешудің алдында оны өшіріңіз жəне желілік
сымның ашасын розеткадан шығарыңыз.
•
Жұмысты аяқтағаннан кейін бірден
процессорды өшіріңіз жəне желілік сымның
ашасын розеткадан шығарыңыз.
• Қосулы аспапты қараусыз қалдыруға тыйым
салынады.
• Электр аспапты балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
• Аспапты балалар немесе мүмкіндігі шектеулі
адамдар не болмаса олардың қасында
пайдалану кезінде аса сақ болған жөн.
• Электр қозғалтқыштың блогын суға немесе
басқа сұйықтықтарға салуға, сонымен қатар
оны ағынды судың астында жууға тыйым
салынады. Электр қозғалтқыштың блогын
тазалау үшін ылғал шүберекті пайдаланыңыз.
• Құрылғы тек үй жағдайларында пайдалануға
арналған, процессорды коммерциялық
мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады.
Маңызды ақпарат
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін асхана
комбайны процессорды қосуды блоктау жүйесімен
жабдықталған.
Аспап мына жағдайларда қосылмайды:
- блендер жетігінің қорғау қақпағы (1) дұрыс
орнатылмаса;
1616new.indd 20
1616new.indd 20
18.07.2008 12:19:36
18.07.2008 12:19:36