ЧОППЕР
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Шағын чопперді бірінші рет қосудың алдында
электр желісінің кернеуі құрылғы корпусында
көрсетілген кернеуге сəйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
• Тоққа түсіп қалмау үшін мотор блогын суға
немесе басқа сұйықтықтарға салмаңыз.
Құрылғыны суға толтырылған раковина
жанында қолданбаңыз, мотор блогын ылғал
қолмен ұстамаңыз.
• Құрылғы суға түскен жағдайда:
• Қолды суға салмаңыздар.
• Бірден құрылғыны желіден ажыратыңыз.
• Құрылғыны бұдан кейін қоланудың алдында
оны қарау үшін (қажет болса, жөндеу үшін)
рұқсат берілген сервис орталығына апарыңыз.
• Құрылғыны жайдан тыс қолданбаңыз.
• Егер құрылғы электр желісіне қосылған болса,
оны ешқашан қараусыз қалдырмаңыз!
• Құрылғы жабдықтарын шешу немесе орнату,
аспапты тазалау кезінде не болмаса қандай
да бір бұзылулар орын алған жағдайда, оны
желіден ажыратыңыз.
• Желілік ашаны ажырату кезінде тек ашадан
ұстаңыз, ешқашан желілік кабельден
тартпаңыз.
• Жұмыс кезінде құрылғыны балалардың немесе
қабілеті шектеулі тұлғалардың қолы жетпейтін
жерлерге қойыңыз.
• Құрылғыны ешқашан қызып тұрған беттердің
жанында қолданбаңыз.
• ПЫШАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕ САҚ
БОЛЫҢЫЗДАР, СЕБЕБІ ОЛАР ӨТЕ ӨТКІР.
• Құрылғы тек тұрмыстық мақсаттарда ғана
қолдану үшін арналған. Құрылғының үздіксіз
жұмыс істеуі 1 минуттан аспауы қажет, содан
кейін электр мотор суу үшін 15 минуттық үзіліс
жасау қажет.
• Желілік кабелі немесе ашасы зақымданған
құрылғыны, сонымен қатар қолдану кезінде
іркелістер туындайтын аспапты, егер аспапты
құлатсаңыз немесе ол басқа түрде зақымданса,
оны қолданбаңыз.
• Құрылғыны өз бетіңізше ашып бөлшектемеңіз
жəне жөндемеңіз, əрқашан рұқсат берілген
сервис орталығына жүгініңіз.
БІРІНШІ ҚОЛДАНУДЫҢ АЛДЫНДА
Құрылғыны қораптан шығарыңыз жəне барлық
қаптама материалдарын алып тастаңыз, мотор
блогын ылғал шүберекпен сүртіп алыңыз, ал
чоппер табағын, қақпағын жəне пышағын жылы
сабынды суда жуыңыз жəне кептіріңіз.
ҚОЛДАНУ
1. Чоппер табағын, тегіс құрғақ бетке қойыңыз.
2. Пышақты табақ центріндегі оське қойыңыз.
3. Өнімдерді чоппер табағына салыңыз. Қажет
болған жағдайда оларды кішірек бөлшектерге
бөліңіз (шамамен бірдей өлшемде). Салынған
өнімдер чоппер табағындағы “MAX” белгісінен
аспайтынын тексеріңіз.
4. Чоппер табағының қақпағын жабыңыз, ондағы
шығыңқы жерлер табақтағы тесіктермен сəйкес
келуі қажет. (Егер қақпақ дұрыс орнатылмаса
құрылғы қосылмайды).
5. Мотор блогын табақ қақпағына орнатыңыз
жəне желілік кабельдің ашасын розеткаға
тығыңыз.
6. Чопперді қосу үшін мотор блогының жоғарғы
бөлігіне басыңыз.
Мотор блогын алудың алдында пышақтың
толық тоқтағанын күтіңіз.
7. Қатты өнімдерді өңдеу кезінде жұмыстың
импульсты режимін қолданыңыз (чопперді
бірнеше секундқа қосыңыз, үзіліс жасаңыз,
сосын чопперді қайта қосыңыз).
Шағын чоппер өнімдерді тез майдалауға мүмкіндік
береді, алайда үздіксіз жұмыстың максималды
уақыты 1 минуттан аспауы қажет. Чоппердің кейінгі
жұмысы үшін электр мотор суу үшін 15минут үзіліс
жасау қажет.
Өнімдерді шығарудың алдында құрылғыны
желіден ажыратыңыз.
КЕҢЕСТЕР МЕН НҰСҚАУЛАР
• Осы құрылғы егер қақпақ орнатылмаса,
құрылғының қосылуына мүмкіндік бермейтін
блоктаумен жабдықталған.
• Шағын чоппер етті, ірімшікті, пиязды, хош иісті
шөптерді, сəбізді, грек жаңғақтарын, бадамды
жəне жемістерді тез майдалау үшін арналған.
Назар аударыңыз:
Өте қатты өнімдерді майдалауға тыйым
салынады, атап айтқанда: мускат жаңғағы, кофе
дəндері жəне астық тұқымдастар, мұз немесе
мұздатылған өнімдер.
• Пышақты табаққа өнімдерді салатыннан бұрын
орнатыңыз.
• Пышақтың дұрыс орнатылғанын жəне оның
еркін айналуын тексеріңіз.
• Егер пышақ айналмаса немесе қиын айналса,
құрылғыны желіден ажыратыңыз, табақта бөтен
заттардың бар-жоғын тексеріңіз, бар болса,
алып тастаңыз.
• Егер пышақ максималды айналымдарға бірден
жетпесе, құрылғыны желіден ажыратыңыз да
табақтан өнімдердің бір бөлігін шығарыңыз.
9
ҚАЗАҚ
1606.indd 9
1606.indd 9
10.12.2010 15:36:39
10.12.2010 15:36:39
Содержание VT-1606 VT
Страница 1: ...1606 indd 1 1606 indd 1 10 12 2010 15 36 37 10 12 2010 15 36 37 ...
Страница 2: ...2 1606 indd 2 1606 indd 2 10 12 2010 15 36 39 10 12 2010 15 36 39 ...
Страница 22: ...1606 indd 22 1606 indd 22 10 12 2010 15 36 40 10 12 2010 15 36 40 ...
Страница 23: ...1606 indd 23 1606 indd 23 10 12 2010 15 36 40 10 12 2010 15 36 40 ...