21
ҚазаҚ
• Балаларға құрылғыны ойыншық
ретінде қолдануға тиым салыңыз.
• Құрылғыны өз бетінше жөндеуге тыйым
салынады. Құрылғыны өз бетіңізше
бөлшектемеңіз, қандай да бір қиындық
туындаған жағдайда, сонымен қатар
құрылғы құлаған жағдайда құрылғыны
электрлік розеткадан ажыратыңыз
немесе кепілдік талонындағы байланыс
мекен-жайлары және www.vitek.ru
сайтында көрсетілген кез келген
авторизацияланған (өкілетті) қызмет
көрсету орталықтарының мекен-
жайларына жүгініңіз.
• Құрылғыны зауыттан шығарылған
қорабына салып алып жүріңіз.
• Құрылғыны тек балалардың және
мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА
ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН
ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚТЫ
САҚТАП ҚОЙЫҢЫз
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАЛУ
• Барлық басқару түймешелері (13, 14, 17)
сөніп тұрған жағдайда тұрғанын
тексеріңіз.
• Бу жіберу қызметі сөніп тұрғанын
тексеріңіз, ол үшін тұтқаны (5) сағат
тілімен тірелгенше бұраңыз.
• Кофеқайнатқышты алғаш қолдану
алдында барлық алынбалы
бөлшектерін жылы сумен жуып,
кептіріңіз.
• Қосу алдында электр желісінің кернеуі
құрылғының корпусында көрсетілген
кернеуге сәйкес келетінін тексеріңіз.
• Сыйманы алып (3), оған суық суды
MAX белгісіне дейін толтырыңыз және
оны орнына қойыңыз.
• Кофе сүзгісін (6) ұстағышқа
(12)орнатыңыз,сүзгінің (6) шығыңқы
жерін ұстағыштағы (12) саңылаумен
сәйкестеңіз де сүзгіні (6) сағат тілімен
/қарсы бұраңыз.
• Сүзгі ұстағышын кофеқайнатқышқа
орнатыңыз. Ұстағыштың (12) шығыңқы
жерлері бойлердің тесіктерімен
сәйкестену керек, содан кейін сүзгі (8)
ұстағышын қысылғанша оңға қарай
бұраңыз.
• Лайық шыныаяқты таба қақпағына
қойыңыз (10).
• Желі бауының ашасын розеткаға
салыңыз.
• Кофеқайнатқышты ON/OFF (17)
түймешесін басу арқылы қосыңыз, сол
кезде индикатор (16)жанады.
• Бойлерге су толтыру үшін түймешені
басыңыз (13), 15-20 секунд өткеннен
кейін немесе шыныаяқта су көрінген
сәтте, су жіберуді тағы бір рет
түймешені басып (13) сөндіріңіз.
• Индикатор (15) жанғанша күтіңіз, содан
кейін су жіберуді қосыңыз, ол үшін
түймешені (13) басыңыз, шыныаққа су
толғаннан кейін түймешені(13) тағы
бір рет басып, су жіберуді тоқтатыңыз,
шыныаяқтан суды төгіңіз. Шыныақтың
көлеміне қарай бұл шараны бірнеше
рет қайталаңыз, содан кейін бойлер
жуылған болады.
Назар аударыңыз!
- (13), (14) түймешелері басылып
тұрғанда сүзгі ұстағышын шешуге
тиым салынады.
- Сүзгі ұстағышын (12) кофе
әзірленгеннен кейін бірден шешуге
болмайды, өйткені, сүзігінің ішінде су
мен будың артық қысымы болуы мүмкін,
кофеқайнатқыштың суығанын күтіңіз.
- Сүзгі ұстағышын шешу үшін (12)
тұтқаны сол жаққа бұрап, ұстағышты
шешіп алыңыз.
ЭСПРЕССО КОФЕСІН ӘЗІРЛЕУ
• Барлық басқару түймешелері (13, 14, 17)
сөніп тұрған жағдайда тұрғанын
тексеріңіз.
• Бу жіберу қызметі сөніп тұрғанын
тексеріңіз, ол үшін тұтқаны (5) сағат
тілімен тірелгенше бұраңыз.
IM VT-1519.indd 21
08.06.2016 15:36:01