14
ҚАЗАҚША
сонымен қатар сұйық өнімдерді араластыру
үшін бұлғауышты (3) пайдаланыңыз. Жұмыс
істеудің ұсынылатын жылдамдық режимдері –
6-ға дейін.
Ескерту:
–
Қондырманың дұрыс орнатылуын қадаға-
лаңыз және жұмыс істеуді бастау алдында
қондырманың
бекітілу
сенімділігін
тексеріңіз.
–
Жұмыс істеген уақытта моторлық
блоктағы (8) желдетіс саңылауларын
жаппаңыз, бұл электрмоторныңы қызып
кетуіне әкелуі мүмкін.
–
Асүйлік машинаның үздіксіз жұмыс істеуінің
максималды
ұзақтығы
1 минуттан
10 минутқа дейін («Жұмыс уақыты» кестесін
қараңыз). Қайта қосуды 30-35 минуттан
кейін ғана жүзеге асырыңыз.
Жұмыс істеу уақыты
Қондырмалар
Ұсынылатын
жылдамдық
Жұмыс істеу уақыты
Қамыр илеуге арналған
қондырма (1)
1, 2, 4
1 жылдамдықта 1 мин., 2 жылдамдықта 1 мин.,
4 жылдамдықта 4 мин., 700 г ұн және 350 мл су
(температура 40 +/- 5 °С)
Араластыруға арналған
қондырма (2)
4-5
10 мин.
Көпіршітуге арналған
бұлғауыш (3)
6
10 мин.
АСҮЙЛІК МАШИНАНЫ ПАЙДАЛАНУ
–
Қондырмаларды орнату алдында жұмыс тәртіп-
терін ауыстырғыштың (11) «0» күйінде тұрған-
дығына, ал желілік баудың ауыры электрлік
розеткаға салынбағанына көз жеткізіңіз.
–
Мотор блогін (8) қолмен ұстап тұрып, батырманы
(9) басыңыз және, мотор блогін (8) көтеріңкіреңіз
және оны жоғары күйіне бекітіңіз (сур. 1).
–
Тостағанды (5) орнату орнындағы ойықтарды
тостағандағы шығыңқы жерлермен сәйкес-
тендіріп, орнату орнына (7) қойыңыз және сағат
тілі бағытымен тірелгенше бұраңыз (сур. 2).
–
Тостағанның қақпағын (4) орнатыңыз (3-сурет).
–
Шашыратқышты (12) қондырмалардың біріне
(1, 2 немесе 3) орнатыңыз және шашыратқышы
бар қондырманы білікке (6) орнатыңыз, білік
(6) шығыңқысын қондырма ойықтарымен (1,
2 немесе 3) сәйкестендіріңіз қондырманы
жоғары қарай сәл басыңыз және қондырманы
сағат тілі бағытына қарсы тірелгенге дейін
бұраңыз. Қондырманың сенімді бекітілгендігіне
көз жеткізіңіз (сур. 4).
–
Қажетті ингредиенттерді тостағанға (5)
салыңыз.
–
Мотор блогінің (8) жоғарғы жағын басып
тұрып, батырманы (9) басып, ұстап тұрыңыз,
оны жұмыс күйіне орнатыңыз, батырманы (9)
жіберіңіз. Мотор блогінің (8) жұмыс күйіне берік
бекігендігіне көз жеткізіңіз (сур. 5).
Ескертпе: қақптақта (4) асүйлік машине жұмыс
істеп тұрған кезінде ингредиенттерді қосуға
арналған саңлауы бар.
–
Желі бауының ашасын электр розеткаға
салыңыз.
–
Жұмыс режимдерін ауыстырғышын (11)
бұру арқылы асүйлік машинаны іске
қосыңыз, қондырма айналымының қажетті
жылдамдығын орнатыңыз («Жұмыс уақыты»
кестесін қараңыз).
Ескертпе: асүйлік машинаның максималды
үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығы 1 минуттан
10 минутқа дейінді құрайды. 30-35 минут
өткеннен кейін ғана қайтадан қосуды жүзеге
асырыңыз.
–
Жұмыс істеп болғаннан кейін жұмыс
режимдерін ауыстырғышын (11) «0» күйіне
орнатыңыз және желі бауының ашасын электр
розеткасынан суырыңыз.
–
Мотор блогін (8) қолмен ұстап тұрып,
батырманы (9) басып ұстап тұрыңыз, мотор
блогін (8) көтеріңкіреңіз және оны жоғары
күйіне бекітіңіз (сур. 6).
–
Орнатылған қондырманы сағат тілі бағыты
бойынша бұрап, шешіп алыңыз.
–
Тостаған қақпағын (4) шешіңіз.
–
Тостағанды (5) сағат тіліне қарсы бұрап шешіп
алыңыз.
–
Ингредиенттерді тостағаннан (5) шығарыңыз.