ҚАЗАҚША
15
–
Аккумуляторлық батареяның толық
қуаттану уақыты 8 сағатты құрайды,
аккумуляторлардың қызмет ету
мерзімін қысқартуға жол бермеу үшін
бұл уақыттан асырмаңыз.
–
Толық қуаттандырылған батареяның
қуаты шамамен 45 минут үздіксіз
жұмыс істеуге жетеді.
–
Аккумулятор қуаттандырылғаннан
кейін, желілік адаптерді (12)
резеткеден шығарыңыз және штекерді
ұядан (5) шығарыңыз, осы кезде
қуаттандыру индикаторы (4) өшеді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
–
Аккумуляторлық батареяның қызмет
ету мерзімін қамтамасыз ету үшін, әр
келесі пайдалану алдында, оны толық
қуатсыздандырыңыз.
–
Аккумуляторды қуаттандыруды +5°C-
ден тɵмен емес және +35°C-ден
жоғары емес температурада жүзеге
асырыңыз.
–
Егер сіз құралды бір ай және одан да кɵп
уақыт бойы пайдаланбаған болсаңыз,
онда шаш қырқатын машинаны
пайдалану алдында аккумуляторды
толық қуаттандырыңыз.
–
Желіге қосылған құралды қараусыз
қалдырмаңыз.
ҰСТАРАЛАР БЛОГЫН МАЙЛАУ
Алғашқы пайдаланар алдында ұстара
блогын (1) шешіп, оны маймен (11)
(жеткізілім жинағына кіреді) майлаңыз.
–
Ұстара блогын шешу үшін машинаны
ұстараны өзіңізге қаратып ұстап, ұстара
блогының (1) жоғарғы жиегін үлкен
саусағыңызбен басыңыз (1-сурет).
–
Майлайтын майды (11) ұстараның жыл-
жымалы және жылжымайтын бөлік-
терінің байланысатын орнына
жағыңыз.
–
Ұстара блогын орнату үшін бірінші
оның төменгі бөлігін отырғызу орнына
қойыңыз, артынан ұстара блогының
(1) жоғарғы жиегін ақырын басыңыз.
Ұстара блогы (1) дұрыс орнатылып,
бекітілгендігіне көз жеткізіңіз (2-сурет).
–
Машинканы сөндіргіш (3) арқылы
қосып, майлайтын майдың үйкеліс
беті бойынша таралуы үшін шамамен
30 секунд ұстай тұрыңыз. Машинканы
сөндіргіш (3) арқылы өшіріп, артық
майды құрғақ матемен немесе қағаз
майлықпен сүртіп тастаңыз.
Ескерту:
–
Ұстара блогын (1) машинканы әр
қолданған сайын майлаңыз.
–
Жеткізілім жинағына кіретін майды (11)
немесе ұқсас құралдарға арналған
майды ғана пайдаланыңыз.
–
Өсімдік майын немесе құрамына
еріткіштер кіретін майларды
пайдалануға болмайды. Еріткіштер
буланады, ал қалған қою май
ұстаралардың қозғалу жылдамдығын
баяулатады.
ҚОНДЫРМАНЫ ОРНАТУ
–
Қондырмаларды (6, 7, 8, 9) орнатар
немесе шешер алдында сөндіргішті
(3) «0» күйіне орнатып, құралды
өшіріңіз.
–
Таңдалған қондырманы (6, 7, 8, 9)
жүзге (1) орнатыңыз, қондырманың
(6, 7, 8, 9) астыңғы бөлігін бекіту
үшін оны басыңыз. Қондырма өзінің
отыратын орнына бекітілгендігіне көз
жеткізіңіз.
–
Қондырманы (6, 7, 8, 9) шешу үшін
төменгі бөлікті басып, қондырманы
шешіңіз.
СӘНДІ ШАШ МОДЕЛЬДЕУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛЫҚ
•
Шаш алу кезінде шаш таза және құрғақ
болуы керек.
•
Шашты қию алдында, сөндіргішті
(3) «I» күйіне белгілеп, машинканы
қосыңыз және ол іркіліссіз жұмыс
істейтіндігіне, ұстаралардың жүрісі
жұмсақ екеніне көз жеткізіңіз. Ұстара
жүзінде майлайтын май артық болған
кезде, сөндіргішті (3) «0» күйіне
белгілеп, машинканы сөндіріңіз, және
құрғақ матаның көмегімен артық
майды сүртіп тастаңыз.
•
Адамды оның басы сіздің көзіңіздің
деңгейінде болатындай етіп отырғыңыз,
адамның иықтарын сүлгімен жабыңыз,
тарақпен шашты тараңыз.
Содержание VT-1350
Страница 1: ...7 3 13 18 23 Hair clipper Набор для стрижки VT 1350 28 ...
Страница 2: ......