25
KK
• Кофені айналым аяқталғанға дейін құю ыңғайлы болу үшін,
бұл құрал тамшылауды уақытша тоқтататын механизммен
жабдықталған. Кофе құйып болған соң, құманды немесе
изотермалық шәйнекті орнына қойыңыз.
• Мөлшері: Бір кесе үшін бір өлшейтін қасық кофе ұнтағын
салыңыз.
• Екінші рет кофе әзірлеу үшін, бірнеше минут күтіңіз.
• Егер құманда әлі кофе бар болса, екінші кесе кофені жасамай
тұра тұрыңыз.
Изотермалық шәйнек *
• Изотермалық шәйнекті қақпақсыз қолданбаңыз.
• Әзірлеу үшін және кофені ыстық күйінде сақтау үшін, қақпағын
тоқтағанша оңға қарай бұрап, жабу қажет.
• Кофені құю үшін, қақпақтың сырғытпасын төмен басыңыз
немесе қақпақты солға қарай 1/2 бұраңыз*.
• Изотермалық шәйнекті микротолқын пешіне немесе ыдыс
жуатын машинаға салмаңыз.
• Ыстық күйінде жақсы сақталу үшін, изотермалық шәйнекті
қолданарда ыстық сумен шайып алыңыз және кофе әзір болған
соң кофені құманнан құйып алыңыз.
• Изотермалық шәйнек кофені ыстық күйінде 4 сағатқа дейін
сақтайды.
Хош иіс түрін таңдау*
(7-суретті қараңыз)
• Хош иіс түрін таңдау
(7-сур)
кофенің қоюлығын реттеу
мүмкіндігін ұсынады.
• Қою кофе жасау үшін хош иіс таңдау циферблатын қара кофе
режиміне қойыңыз.
Автоматты тоқтату
• Қуатты үнемдеу үшін кофеқайнатқыш автоматты түрде өшеді.
–
Шыны шәйнегі бар үлгілер:
Кофе қайнату циклы аяқталғаннан шамамен 30 минуттан
кейін (яғни, ыдыста су қалмағаннан шамамен 30 минуттан
кейін) кофеқайнатқыш автоматты түрде өшеді. Қосу/өшіру
түймесіндегі шам өшеді.
*Үлгісіне байланысты