IM020
SC-HD70IT24
9
•
Алғаш рет іске қосар алдында бұйымда көрсетілген техникалық сипаттамалардың электр
желісінің параметрлеріне сәйкес келетін-келмейтінін тексеріңіз.
•
Осы Пайдалану нұсқауына сәйкес тек қана тұрмыстық мақсаттарда қолданылады. Құрал
өнеркәсіптік қолдануға арналмаған.
•
Фенмен жайдан тыс пайдаланбаңыз.
•
Жабдықты тазалаудың алдында немесе Сіз оны қолданбасаңыз электр жүйесінен әрқашан
сөндіріп тастаңыз.
•
Құралды не бауды суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз. Егер бұл жағдай болса,
құрылғыны электр жүйесінен дереу сөндіріп тастаңыз және оны әрі қарай пайдаланбастан
бұрын, жұмысқа қабілеттілігі мен құралдың қауіпсіздігін білікті мамандарға тексертіңіз.
•
Электр тоғының ұруына және жануға тап болмау үшін, құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз. Егер бұл жағдай болса, бұйымды ҰСТАМАҢЫЗ, оны электр жүйесінен дереу
сөндіріп тастаңыз және сервис орталығына тексертіңіз.
•
Қосымша қорғаныш үшін ванна бөлмесінің қорек тізбегіне 30 мА аспайтын іске қосылудың
номиналды тогы бар қорғаныш ажырату құрылғысын (ҚАҚ) орнатқан дұрыс, орнатқанда кеңес
алу үшін маманға жүгінген жөн.
•
Жұмыс істеп тұрған құрылғының жанында шашты жайластыруға арналған заттарды бүркімеңіз.
•
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін
тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап
беретін адам қадағаламаса немесе аспапты пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл
аспапты қолдануына болмайды.
•
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
•
Қуат бауы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші, сервистік
қызмет немесе соған ұқсас білікті қызметкерлер іске асыруға тиіс.
•
Фенмен балаларға пайдалануға рұқсат етпеңіз.
•
Бересі жинаққа енгізілмеген керек-жарақтарды қолданбаңыз.
•
Фенді бауынан немесе ілге арналған ілмектен ұстап алып жүрмеңіз.
•
Қоректену бауы зақымдалған құралды қолданбаңыз.
•
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы
сервис орталығына апарыңыз.
•
Қуат көзіне қосу сымы өткір жиектер мен ыстық заттарға тиіп тұрмауын қадағалаңыз.
•
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем
дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау керек.
•
НАЗАР:
•
Ауа өтетін тесіктерге шаш, шаң немесе түбіттің түспеуін қадағалаңыз.
•
Кіріс мен шығыс ауа өтерледі жаппаңыз – қозғалтқыш және феннің жылытқыш элементтері күйіп
кетуі мүмкін.
•
Сақ болыңыз, жұмыс кезінде саптама қатты қыздырылады!
•
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер
етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде
қалдырады.
•
ЕСКЕРТУ! Аспапты жуынатын бөлмелерге, бассейндерге және ішінде суы бар басқа
ыдыстарға жақын жерде пайдалануға болмайды.
•
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада,
XX.XXXX пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі
төрт сан «XXXX» – жасап шығарылған жылы.
ЖҰМЫС
•
Аспап шашты сәндеп жатқызуға арналған.
•
Қоректену бауын толық тарқатып алыңыз.
•
Саптаманы кигізіңіз.
•
Электр жүйесіне фенді қосыңыз.
•
Ауа ағынының жылдамдығын/температурасын ауыстырып қосқыштарымен тілеген тәртіпке
орнатыңыз.
АУА АҒЫНЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
0 –
өшірілген;
–
шашты жұмсақ кептіруге не жайластыруға арналған орта күшті ауа ағыны;
–
жылдам кептіруге арналған қуатты ауа ағыны.
ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ ТӘРТІПТЕР
–
салқын ауа ағыны;
–
орта температура – шашты жұмсақ кептіру не жайластыру үшін;
–
жоғары қызу – жылдам кептіру үшін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
:
Қызу күшейген кезде автоматты түрде ауа ағымы күшейеді.
Содержание Top Style
Страница 1: ...SC HD70IT24 HAIR DRYER ФЕН ИНСТРУКЦИЯ ...