IM011
23
•
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2 сағат
бөлме температурасында ұстау керек.
•
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
•
Ең алғаш рет пайдаланар алдында барлық алмалы бөліктерді жуғыш зат қосылған жылы сумен жуыңыз да,
әбден құрғатыңыз. Қозғалтқыш бөліктің сыртын сәл дымқыл жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
•
Қозғалтқыш бөлікті кез келген сұйық заттарға батыруға және оны сумен жууға тыйым салынады.
БАТЫРЫЛАТЫН БЛЕНДЕР
•
Блендер езбе көжелерді, түрлі тұздықтар мен асқатықтарды, сондай-ақ балалар тағаын дайындау үшін, сан
алуан түрлі коктейльдерді араластыру үшін аса қолайлы.
•
Қоспаның шашырауына жол бермеу үшін блендерді іске қосар алдында оны араластырылатын
тағамдарға батырыңыз.
•
Ағытып алу үшін батырылатын блендерді сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІН ҰСАҚТАУҒА АРНАЛҒАН ПЫШАҚ / ШАҒЫН УАТҚЫШ
•
Шағын уатқыш асшөп пен көкөністі, ірімшікті, жаңғақ түрлерінің көпшілігін, кептірілген жеміс-жидекті ұсақтау
үшін са қолайлы. Ет, ірімшік, пияз, сәбіз сияқты ірі өнімдерді алдын ала турап алу керек. Жаңғақтың қабығын
аршу керек, етті сүйегі мен сіңірінен ажыратып алу керек.
•
Уатқыш мұзды жару үшін, кофе дәндері, мускат жаңғағы, дәнді дақылдар сияқты аса қатты азық өнімдерін
ұсақтауға жарамайды.
•
Ескерту! Ұсақтауға арналған пышақтың жүзі өте өткір! Тек үстіңгі пластмасса бөлігінен ғана ұстаңыз!
•
Ұсақтауға арналған пышақты шараның ортаңғы істігіне орнатыңыз.
•
Шараға азық өнімдерін салыңыз.
•
Шараны шара жетегімен жабыңыз.
•
Қозғалтқыш бөлікті шараның жетегіне бекігенше кіргізіңіз.
•
Ұсақтау кезінде бір қолыңызбен қозғалтқыш бөлікті, екінші қолыңызбен ұсақтауға арналған қондырманың
шарасын ұстаңыз.
•
Пайдаланып болғаннан кейін ең бірінші кезекте қозғалтқыш бөлікті ажыратыңыз.
•
Қозғалтқыш бөлікті шараның жетегіне кіргізіңіз, қозғалтқыш бөлікті түймешіктің (4) көмегімен бекітіңіз.
•
Пайдаланып болғаннан кейін ең бірінші кезекте қозғалтқыш бөлікті түймешікті (4) басып ағытыңыз.
•
Содан кейін шараның жетегін ажыратыңыз.
•
Ұсақтауға арналған пышақты еппен шығарып алыңыз.
•
Тек содан кейін ғана ұсақталған азық өнімдерін ұсақтауға арналған шарадан басқа ыдысқа салып алыңыз.
АЛМАЛЫ ПЫШАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ДИСКІ
•
Пышақтары бар әмбебап дискі көкөністі, мысалы, қиярды, сәбізді, картопты, порей пиязды және домалақ
пиязды, сондай-ақ ірімшіктің кейбір сұрыптарын тілімдеп кесуге (11) және ұсақтап турауға (10,9) арналған.
•
Алмалы пышақтардың бірін дискіге орнатыңыз.
•
ЕСКЕРТУ: Алмалы пышақтар аса өткір! Оларды үлкен сақтықпен қолданыңыз!
•
Пышақты дискідегі саңылауға орнату үшін пышақтың бекіткіштері саңылаудың жиегіне ілінетіндей етіп оның
үстінен басу керек.
•
Дискіні оське тығыздап отырғызыңыз.
•
Шараға жетекті кигізіңіз.
•
Қозғалтқыш бөлікті шараның жетегіне орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Азық-түлікті тек итергіш арқылы ғана салыңыз, оның үстінен шамалап басыңыз. Қатты басқан сайын
өңдеу нәтижесі сапасыз болады.
МИКСЕР
•
Шайқауға арналған қондырма (13) вафля мен жұқа шелпектерге арналған қамырды шайқап араластыру үшін,
сұйық тұздықтарды, кремдерді, шайқалған кілегейді, картоп езбесін дайындауға арналған жұмыртқаның ағын
көпіршіту үшін қолданылады.
•
Қамыр илеуге арналған қондырма (14) ашыған қамырды илеу үшін қолданылады.
•
Корпусқа қондырмаларға арналған өтпелік сағат тіліне қарсы тығыздап ораңыз.
•
Сәл бұрай, ауысымды саптамаларды бекіту ұясына салыңыз.
•
Саптамаларды араластырылған өнімдерге батырыңыз.
ЖҰМЫС
•
Жинақтауды толық әрі тиісті түрде іске асырғаныңызға көз жеткізіңіз.
•
Процессорды электр желісіне қосыңыз.
•
Импульстік режимнің батырмасын басыңыз да, ұстап тұрыңыз – процессор осы батырма басулы тұрғанша
жұмыс істейтін болады.
Содержание Silverline SL-HB43K01
Страница 1: ......
Страница 4: ...IM011 www scarlett europe com SL HB43K01 4 220 240 V 50 Hz II 1000 W 1 9 2 315 kg mm 380 155 155...
Страница 7: ...IM011 www scarlett europe com SL HB43K01 7 40 C 0 C 2 4 4 11 10 9 13 14...
Страница 12: ...IM011 www scarlett europe com SL HB43K01 12 UA SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 40 o C 0 C 2...
Страница 14: ...IM011 www scarlett europe com SL HB43K01 14 SCG 40 o C 0 C 2 oje 4 4 11 9 10...
Страница 23: ...IM011 www scarlett europe com SL HB43K01 23 0 C 2 4 4 11 10 9 13 14...