IM019
www.scarlett.ru
14
SC-MC410S28
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Өндірілген күні өнімде және/немесе қорапта, сондай-ақ қосымша құжаттарда көрсетілген.
ОРНАТУ
Көп тағамдық қасқанның ішінде орауыш материалдар мен бөгде заттардың жоқ екенін тексеріңіз.
Тасымалдау кезінде төмендегілердің бүлінбегенін тексеріңіз: қақпақ; корпус; қосымша керек-жарақтар;
алмалы кәстрөл. Кез келген ақаулық анықталған жағдайда аспапты тоққа қоспаңыз; сатушыға немесе
сервис орталығына хабарласыңыз. Аспапты құрғақ, біртегіс әрі ыстыққа төзімді беткі қабатқа орнатыңыз.
Аспапты құрғақ, біртегіс әрі ыстыққа төзімді беткі қабатқа, шетінен кем дегенде 30 см алыс орнатыңыз.
Аспапты жанғыш материалдардың, жарылғыш заттардың және өздігінен тұтанғыш газдардың жанында
орнатпаңыз. Аспапты газ немесе электр пештерінің, сондай-ақ басқа жылу көздерінің қасына қоймаңыз.
Аспапты қабырғаға немесе жиһазға тым жақын жерде орналастырмаңыз.
Көп тағамдық қасқанның үстіне ештеңе қоймаңыз. Желдеткіш саңылауларды бітеп тастамаңыз.
Көп тағамдық қасқанды шкафтың ішіне орналастыруға болмайды. Аспаптың қалыпты жұмыс істеуі үшін
ауа еркін айналатын бос кеңістікті қамтамасыз ету қажет: кем дегенде: үстінен 20 см, артқы панелі
жағынан 10 см және екі бүйірінен кем дегенде 5 см. Алғаш рет пайдаланар алдында алмалы кәстрөлді, бу
қасқан сауытты, өлшер тостақты, қасықты, көп тағамдық қасқанның ішкі және сыртқы бөліктерін таза
дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Кәстрөлдің ішінде жарма мен судың мөлшері көрсетілген шартты шәкіл көрсетілген: оң жақта – күріш
салынған тостақ саны; сол жақта – судың литрмен өлшенген мөлшері. Пісірілетін жарманың ең үлкен
мөлшері - 10 тостақ және 1,8 л сұйықтық.
ЖҰМЫСЫ
Ең бірінші кезекте шараны жуыңыз, қыздырғыштың беткі қабатын және әмбебап пісіргіштің ішкі бетін
сүртіңіз.
Әмбебап пісіргішке су құйған кезде МАХ деңгейінен асырмаңыз.
Шараға су құйып, азық-түлікті салыңыз. Азық-түлікті әмбебап пісіргіштің шарасының 3/5 көлемінен
асырмай салыңыз. Ыстық суда бөрте алатын (күріш, құрғақ көкөніс) немесе көбік түзетін азық-түлікті
пісірген кезде, кәстрөлдің көлемінің жартысынан асыра толтыруға болмайды. Бұл орайда азық-түлік пен
судың жалпы көлемі шараның толық көлемінің кем дегенде 1/5 бөлігіндей болуға тиіс.
Шараны әмбебап пісіргіштің ішіне қойыңыз.
Қақпағын сырт еткенше жабыңыз.
Әмбебап пісіргішті электр желісіне жалғаңыз. Бейнебетте 88:88 көрінеді.
Әмбебап пісіргіштің ас пісіретін 10 бағдарламасы бар, бағдарламалардың параметрлерінің толық
суреттемесі кестеде келтірілген.
ТҮЙМЕЛЕР
«МЕНЮ» (МӘЗІР) түймесі
«МЕНЮ» (Мәзір) түймесінің көмегімен тамақ дайындаудың уақыты алдын ала орнатылған керекті
бағдарламасын таңдауға болады.
«МЕНЮ» (Мәзір) түймесін қанша керек болса, сонша рет басқаннан кейін таңдалған бағдарламаның
индикаторы жанады.
«СТАРТ» (БАСТАУ) түймесі
Мәзірден бағдарламаны таңдағаннан кейін тамақ дайындауды бастау үшін «СТАРТ» (Бастау) түймесін
басыңыз.
«ОТМЕНА» (БОЛДЫРМАУ) түймесі
Егер әмбебап пісіргіш бағдарламаны орындамаса, онда «ОТМЕНА» (Болдырмау) түймесі басылған кезде
ол жылыту режиміне ауысады.
Егер әмбебап пісіргіш бағдарламаның біреуін орындаса, онда «ОТМЕНА» (Болдырмау) түймесі басылған
кезде бағдарлама болдырылмайды, ал әмбебап пісіргіш күту режиміне ауысады.
«ТАЙМЕР» түймесі
«МЕНЮ» (Мәзір) түймесінің көмегімен бағдарламаны таңдағаннан кейін, бастауды кейінге қалдыру
уақытын таңдау үшін «ТАЙМЕР», «ВРЕМЯ +» (Уақыт +) немесе «ВРЕМЯ -» (Уақыт -) түймесін басыңыз
(тамақ дайындау берілген уақыттан кейін басталады). Бастауды 0,5 сағаттан 24 сағатқа дейінгі кезеңге
кейінге қалдыруға болады. Кейінге қалдырылған бастау уақыты диплейде көрінеді.
«ЙОГУРТ» және «ДЕСЕРТ» «ЖАРКА» бағдарламарында бастауды кейінге қалдыруға болмайды.
«ВРЕМЯ +» (Уақыт +) және «ВРЕМЯ -» (Уақыт -) түймелері
«ВРЕМЯ +» (Уақыт +) және «ВРЕМЯ -» (Уақыт -) түймелері «ТАЙМЕР» түймесін басылғаннан кейін
бастауды кейінге қалдыру уақытын өзгерту үшін және бағдарлама таңдалғаннан кейін тамақ дайындау
уақытын өзгерту үшін пайдаланылады.
ЖҰМЫСЫ
Әмбебап пісіргішті тоққа қосқаннан кейін дыбыстық белгіге назар аударыңыз: ол бағдарламалардың
барлығы экранда көрсетілгеннен кейін бір секунд өткенде естілуге тиіс, содан кейін әмбебап пісіргіш күту
режиміне ауысады. • Жарық диодты жарықтамасы бар экранда “_ _ _ _ “ белгісі пайда болады, содан кейін
«МЕНЮ» (Мәзір) түймесін басып, бағдарламаны таңдаңыз.
Бағдарламаны таңдау үшін «МЕНЮ» (мәзір) түймесін басыңыз: