IM019
www.scarlett.ru
13
SC-MC410S28
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін және біздің
компанияға сенім артқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске пайдалану нұсқаулығында суреттелген
техникалық талаптар орындалған жағдайда, SCARLETT компаниясы өзінің өнімдерінің жоғары сапасы
мен сенімді жұмысына кепілдік береді.
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде пайдаланған және іске
пайдалану нұсқаулығында келтірілген пайдалану ережелерін ұстанған кезде, бұйымның қызмет мерзімі
бұйым тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды. Аталған шарттар орындалған
жағдайда, бұйымның қызмет мерзімі өндіруші көрсеткен мерзімнен айтарлықтай асуы мүмкін екеніне
өндіруші тұтынушылардың назарын аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Пайдалану кезінде бұзылмауы үшін құралды қолданудың алдында осы нұсқауды ықыласпен оқып
шығыңыз.
Қауіпсіздік бойынша маңызды нұсқаулар. Мұқият оқып шығыңызы да, болашақта қарау үшін сақтап
қойыңыз.
Құрылғыны дұрыс пайдаланбаса, бұл оның бұзылуына әкелуі және пайдаланушыға зиян келтіруі мүмкін.
Алғаш рет іске қосар алдында бұйымда көрсетілген техникалық сипаттамалардың электр желісінің
параметрлеріне сәйкес келетін-келмейтінін тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ!
Қуат сымының ашасында жерге тұйықтау сымы мен түйіспесі бар. Аспапты тек жерге
тұйықталған тиісті розеткаларға қосыңыз.
Аспап тек тұрмыстық мақсаттарда ғана пайдалануға арналған. Аспап өнеркәсіптік және сауда-саттық
мақсатында қолдануға, сондай-ақ мына жерлерде пайдалануға арналмаған:
дүкендердегі, кеңселердегі және басқа да өнеркәсіптік үй-жайлардағы қызметкерлерге арналған асүй
аймақтарында;
фермерлердің үйлерінде;
қонақүйлерде, мотельдерде, пансионаттарда және соларға ұқсас тұрғын жайларда клиенттердің
пайдалануына арналмаған.
Сыртта, үйден тыс пайдаланбаңыз.
Құрылғыны тазалар алдында немесе егер оны пайдаланбасаңыз, электр желісінен әрқашан ажыратып
қойыңыз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе аспапты пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл аспапты қолдануына
болмайды.
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.Тоққа қосылған аспапты
бақылаусыз қалдырмаңыз.
Жеткізілім жинағына кірмейтін керек-жарақтарды пайдалануға болмайды.
Құрылғыны бүлінген қорек сымымен және (немесе) ашасымен бірге пайдалануға болмайды. Қатерден
сақтану үшін бүлінген қорек сымын уәкілетті сервис орталығында ауыстырту керек.
Қуат бауы бүлінген жағдайда оны өндірушіден немесе сервистік қызмет орталығынан алынған арнайы
сыммен алмастыру керек.
Қорек сымының өткір ұштар мен ыстық беткі қабаттарға тимеуін қадағалаңыз.
Қорек сымынан тартпаңыз, оны шиыршықтамаңыз және құрылғыны айналдырып орамаңыз.
Көп тағамдық қасқанды тек тамақ пісіру үшін ғана пайдаланыңыз. Ешқашан оның ішінде киім, қағаз
немесе басқа заттарды кептірмеңіз.
Көп тағамдық қасқанның кәстрөлі бос болғанда тоққа қоспаңыз.
Көп тағамдық қасқанды кәстрөлсіз пайдаланбаңыз.
Азық-түлікті көп тағамдық қасқанның түбіне тікелей қоймаңыз, ол үшін кәстрөлді қолданыңыз.
Кәстрөлдің орнына басқа ыдыс қолданбаңыз.
Кәстрөлге сызат түсіруі мүмкін металл заттарды пайдаланбаңыз.
Кәстрөлдің беткі қабатына жалатылған жабын біртіндеп үйкелуі мүмкін, сондықтан оны абайлап
пайдалану керек.
Тамақ дайындау рецептеріне сүйеніңіз.
Аспаптың қысқа тұйықталуына және бұзылуына жол бермеу үшін желдеткіш саңылауларға су ағуына жол
бермеңіз.
Ұзартқыш сым қолданған жағдайда, кабельдің ең үлкен шекті қуатының көп тағамдық қасқанның қуатына
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Ескерту! Жұмыс істеп тұрғанда аспап қатты қызып кетеді! Көп тағамдық қасқан жұмыс істеп тұрғанда, оны
ұстау қажет болса, ас үйге арналған қолғап киіңіз немесе ұстағышты пайдаланыңыз.
Бетіңіз бен қолыңызды саңылаудан шығатын будан сақтаңыз.
Бұйымның бу шығатын саңылауына немесе кез келген басқа бөлшектеріне металл немесе басқа
заттарды сұқпаңыз.
Көп тағамдық қасқанның қақпағын сүлгімен немесе басқа заттармен жаппаңыз.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис
орталығына апарыңыз.