IM011
32
SC-MC410S01
•
Алғаш рет іске қосар алдында бұйымда көрсетілген техникалық сипаттамалардың электр желісінің
параметрлеріне сәйкес келетін-келмейтінін тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ!
Қуат сымының ашасында жерге тұйықтау сымы мен түйіспесі бар. Аспапты тек жерге
тұйықталған тиісті розеткаларға қосыңыз.
•
Осы Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, тек тұрмыстық мақсаттарда пайдалану керек. Құрылғы
өнеркәсіптік мақсатта қолдануға арналмаған.
•
Сыртта, үйден тыс пайдаланбаңыз.
•
Құрылғыны тазалар алдында немесе егер оны пайдаланбасаңыз, электр желісінен әрқашан ажыратып
қойыңыз.
•
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны
қолдануына болмайды.
•
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
•
Тоққа қосылған аспапты бақылаусыз қалдырмаңыз.
•
Жеткізілім жинағына кірмейтін керек-жарақтарды пайдалануға болмайды.
•
Құрылғыны бүлінген қорек сымымен және (немесе) ашасымен бірге пайдалануға болмайды. Қатерден
сақтану үшін бүлінген қорек сымын уәкілетті сервис орталығында ауыстырту керек.
•
Аспапты және қорек сымын суға немесе басқа сұйық заттарға малмаңыз. Егер ондай жағдай орын алса,
құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз да, оны қайтадан пайдаланбас бұрын, аспаптың жұмысы мен
қауіпсіздігін білікті мамандарға тексертіп алыңыз.
•
Қорек сымының өткір ұштар мен ыстық беткі қабаттарға тимеуін қадағалаңыз.
•
Қорек сымынан тартпаңыз, оны шиыршықтамаңыз және құрылғыны айналдырып орамаңыз.
•
Көп тағамдық қасқанды тек тамақ пісіру үшін ғана пайдаланыңыз. Ешқашан оның ішінде киім, қағаз
немесе басқа заттарды кептірмеңіз.
•
Көп тағамдық қасқанның кәстрөлі бос болғанда тоққа қоспаңыз.
•
Көп тағамдық қасқанды кәстрөлсіз пайдаланбаңыз.
•
Азық-түлікті көп тағамдық қасқанның түбіне тікелей қоймаңыз, ол үшін кәстрөлді қолданыңыз.
•
Кәстрөлдің орнына басқа ыдыс қолданбаңыз.
•
Кәстрөлге сызат түсіруі мүмкін металл заттарды пайдаланбаңыз.
•
Кәстрөлдің беткі қабатына жалатылған жабын біртіндеп үйкелуі мүмкін, сондықтан оны абайлап
пайдалану керек.
•
Тамақ дайындау рецептеріне сүйеніңіз.
•
Аспаптың қысқа тұйықталуына және бұзылуына жол бермеу үшін желдеткіш саңылауларға су ағуына жол
бермеңіз.
•
Ұзартқыш сым қолданған жағдайда, кабельдің ең үлкен шекті қуатының көп тағамдық қасқанның қуатына
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
•
Ескерту! Жұмыс істеп тұрғанда аспап қатты қызып кетеді! Көп тағамдық қасқан жұмыс істеп тұрғанда, оны
ұстау қажет болса, ас үйге арналған қолғап киіңіз немесе ұстағышты пайдаланыңыз.
•
Бетіңіз бен қолыңызды саңылаудан шығатын будан сақтаңыз.
•
Бұйымның бу шығатын саңылауына немесе кез келген басқа бөлшектеріне металл немесе басқа
заттарды сұқпаңыз.
•
Көп тағамдық қасқанның қақпағын сүлгімен немесе басқа заттармен жаппаңыз.
•
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
•
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ОРНАТУ
•
Көп тағамдық қасқанның ішінде орауыш материалдар мен бөгде заттардың жоқ екенін тексеріңіз.
•
Тасымалдау кезінде төмендегілердің бүлінбегенін тексеріңіз: қақпақ; корпус; қосымша керек-жарақтар;
алмалы кәстрөл. Кез келген ақаулық анықталған жағдайда аспапты тоққа қоспаңыз; сатушыға немесе
сервис орталығына хабарласыңыз. Аспапты құрғақ, біртегіс әрі ыстыққа төзімді беткі қабатқа орнатыңыз.
•
Аспапты жанғыш материалдардың, жарылғыш заттардың және өздігінен тұтанғыш газдардың жанында
орнатпаңыз. Аспапты газ немесе электр пештерінің, сондай-ақ басқа жылу көздерінің қасына қоймаңыз.
•
Аспапты қабырғаға немесе жиһазға тым жақын жерде орналастырмаңыз.
•
Көп тағамдық қасқанның үстіне ештеңе қоймаңыз. Желдеткіш саңылауларды бітеп тастамаңыз.
•
Көп тағамдық қасқанды шкафтың ішіне орналастыруға болмайды. Аспаптың қалыпты жұмыс істеуі үшін
ауа еркін айналатын бос кеңістікті қамтамасыз ету қажет: кем дегенде: үстінен 20 см, артқы панелі
жағынан 10 см және екі бүйірінен кем дегенде 5 см. Алғаш рет пайдаланар алдында алмалы кәстрөлді, бу
қасқан сауытты, өлшер тостақты, қасықты, көп тағамдық қасқанның ішкі және сыртқы бөліктерін таза
дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
«КРУПЫ/КАШИ» (ЖАРМАЛАР/БОТҚА) БАҒДАРЛАМАСЫ
•
Бұл режим ботқаның, палаудың алуан түрлерін дайындау үшін пайдаланылады
•
Жарманы рецептке сәйкес өлшер тостақпен өлшеп алыңыз. Қажет болған жағдайда жарманы алдын ала жуып
алу керек. Бұл мақсатты көп тағамдық қасқанның шарасын пайдаланбаңыз, оның жабынын бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.