IM021
SC-HB42M41
11
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі мен
білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам қадағаламаса
немесе аспапты пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл аспапты қолдануына болмайды.
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Токқа қосылған аспапты қараусыз қалдырмаңыз.
Жеткізілім жинағына кірмейтін керек-жарақтарды пайдаланбаңыз.
Қуат бауы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші, сервистік қызмет немесе
соған ұқсас білікті қызметкерлер іске асыруға тиіс.
Қуат көзіне қосу сымы өткір жиектер мен ыстық заттарға тиіп тұрмауын қадағалаңыз.
Қуат көзіне қосу сымын тартқыламаңыз, ширатпаңыз және ешқандай затқа оны орамаңыз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін, азық-түлік пен қондырмаларды алып шықпас бұрын аспапты электр желісінен
ажыратыңыз да, электр қозғалтқыш толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
ЕСКЕРТУ:Саптамаларды қосудан өшіру батырмасын басып, саптаманы шешіңіз.
ЕСКЕРТУ: Аспапты асыра толтыруға немесе азық-түліксіз пайдалануға тыйым салынады. Үздіксіз жұмыс
істеуге рұқсат етілген уақыттан асырып жібермеңіз.
Процессорды ыстық азық-түлік салмаңыз (> 70 ºC).
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис
орталығына апарыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2 сағат
бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX
пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» –
жасап шығарылған жылы.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Ең алғаш рет пайдаланар алдында барлық алмалы бөліктерді жуғыш зат қосылған жылы сумен жуыңыз да, әбден
құрғатыңыз. Қозғалтқыш бөліктің сыртын сәл дымқыл жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Қозғалтқыш бөлікті кез келген сұйық заттарға батыруға және оны сумен жууға тыйым салынады.
БАТЫРЫЛАТЫН БЛЕНДЕР
Блендер езбе көжелерді, түрлі тұздықтар мен асқатықтарды, сондай-ақ балалар тағаын дайындау үшін, сан алуан
түрлі коктейльдерді араластыру үшін аса қолайлы.
Батырылатын блендерді қозғалтқыш бөлікке орнатыңыз. Қондырманы мықтап бекіту үшін.
Қоспаның шашырауына жол бермеу үшін блендерді іске қосар алдында оны араластырылатын тағамдарға
батырыңыз.
Ағытып алу үшін батырылатын блендерді сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІН ҰСАҚТАУҒА АРНАЛҒАН ПЫШАҚ / ШАҒЫН УАТҚЫШ
Шағын уатқыш асшөп пен көкөністі, ірімшікті, жаңғақ түрлерінің көпшілігін, кептірілген жеміс-жидекті ұсақтау үшін са
қолайлы. Ет, ірімшік, пияз, сәбіз сияқты ірі өнімдерді алдын ала турап алу керек. Жаңғақтың қабығын аршу керек,
етті сүйегі мен сіңірінен ажыратып алу керек.
Уатқыш мұзды жару үшін, кофе дәндері, мускат жаңғағы, дәнді дақылдар сияқты аса қатты азық өнімдерін
ұсақтауға жарамайды.
Ескерту! Ұсақтауға арналған пышақтың жүзі өте өткір! Тек үстіңгі пластмасса бөлігінен ғана ұстаңыз!
Ұсақтауға арналған пышақты шараның ортаңғы істігіне орнатыңыз.
Шараға азық өнімдерін салыңыз.
Шараны шара жетегімен жабыңыз.
Қозғалтқыш бөлікті шараның жетегіне сырт еткенше.
Ұсақтау кезінде бір қолыңызбен қозғалтқыш бөлікті, екінші қолыңызбен ұсақтауға арналған қондырманың шарасын
ұстаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін ең бірінші кезекте қозғалтқыш бөлікті ажыратыңыз.
Содан кейін шараның жетегін ажыратыңыз.
Ұсақтауға арналған пышақты еппен шығарып алыңыз.
Тек содан кейін ғана ұсақталған азық өнімдерін ұсақтауға арналған шарадан басқа ыдысқа салып алыңыз.
СҰЙЫҚ АЗЫҚ ӨНІМДЕРІН ШАЙҚАУҒА / АРАЛАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРМА
Былғауышты кілегейді, жұмырқаның ағын, түрлі тәтті тағамдарды шайқап көпіршіту үшін пайдаланыңыз. Бұл
қондырманы ешқашан да қатты қамыр илеу үшін пайдалануға болмайды.
Шайқауға арналған қондырманы өтпелікке қондырыңыз, сондай-ақ өтпелігі бар қондырманы қозғалтқыш бөлікке
орнатыңыз.
Жұмысқа кіріспес үшін былғауышты көпіршітілетін азық өнімдері салынған шараға батырыңыз. Жұмысты төмен
жылдамдықтан бастаңыз.
ЖҰМЫСЫ
Дұрыс әрі тиісті түрде құрастырылғанына көз жеткізіңіз.
Аспапты электр желісіне жалғаңыз.
Блендердің “TURBO” режимі бар (8-ші түймешік). Қуаттылығын барынша арттыру үшін TURBO түймешігін басып
ұстап тұрыңыз. Қалыпты режимге оралу үшін оны босатыңыз.
Содержание SC-HB42M41
Страница 6: ...IM021 www scarlett ru SC HB42M41 6 RUS 70 C 0 C 2 XX XXXX XX XXXX...
Страница 8: ...IM021 www scarlett ru SC HB42M41 8 UA SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 i 70 C 0 C 2...
Страница 9: ...IM021 www scarlett ru SC HB42M41 9 XX XXXX XX XXXX TURBO TURBO 100 15 200 10 20 15 150 200 15 100 15...
Страница 11: ...IM021 www scarlett ru SC HB42M41 11 70 C 0 C 2 XX XXXX XX XXXX TURBO 8 TURBO...