ТД-ды тұрғыға бекіту
Көрсетілген керек-жарақтардың барлығының бар екеніне көз жеткізіп, тұрғыны құрастыру нұсқауларында көрсетілген
жолмен құрастырыңыз.
Сақтық шарасы: ТД-ды қабырғаға бекіту
Абайлаңыз:
ТД-ды тартса, итерсе немесе үстіне шықса, ТД құлап кетуі мүмкін.
Сондай-ақ, балалардың ТД-ға артылып тұрмауына немесе оны қозғамауына
көз жеткізіңіз. Себебі ТД аударылып кетіп, адам қатты жарақат алуы немесе
мерт болуы мүмкін. ТД жинағымен қоса берілген қауіпсіздік парағындағы сақтық
шараларының барлығын орындаңыз. Қосымша тұрақтылық пен қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін төменде сипатталған, аударылып қалуға қарсы құралды
сатып алып орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Теледидарды ешқашан орнықсыз жерге қоймаңыз. Теледидар құлап, адамды қатты жарақаттауы
немесе мерт қылуы мүмкін. Мына сияқты қарапайым сақтық шараларын орындау арқылы көптеген
зақымдарға, әсіресе балалардың жарақат алуына жол бермеуге болады.
•
Теледидар өндірушісі жиһазды немесе тұрғыны пайдалануды ұсынады.
•
Теледидарды қауіпсіз көтеріп тұра алатын жиһазды ғана пайдаланыңыз.
•
Теледидардың астындағы жиһаз жиегінен шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
•
Теледидар мен жиһаз екеуін де жарамды тірекке бекітпей тұрып, теледидарды жиһаз үстіне (мысалы,
шкаф не кітап сөреге) қоймаңыз.
•
Теледидарды теледидар мен оның астындағы жиһаз арасындағы шүберекке не басқа материалға
қоймаңыз.
•
Балаларға теледидарға және оның басқару құралдарына бару үшін жиһазға өрмелеудің қауіпті екенін
үйретіңіз.
Ескі теледидарыңызды қалдырып, басқа жерге ауыстырып қойғыңыз келсе, жоғарыдағы сақтық шараларын
орындау керек.
ТД-дың құлап қалуына жол бермеу
1.
Бұрандаларды бір қапсырмалар жинағына салыңыз да, қабырғаға мықтап
бекітіңіз. Бұрандалардың қабырғаға мықтап бекітілетініне көз жеткізіңіз.
-
Қабырғаның түріне байланысты анкер шегесі тәрізді қосымша зат қажет
болуы мүмкін.
2.
Бұрандаларды екінші қапсырмалар жинағына салыңыз және оларды ТД-ға
бекітіңіз.
-
Бұрандалар құрылғымен бірге жеткізілмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда,
келесі техникалық сипаттамаға ие бұрандаларды сатып алыңыз.
3.
ТД-ға бекітілген қапсырмалар мен қабырғаға бекітілген қапсырмаларды
берік сым арқылы жалғап, содан кейін сымды мықтап байлаңыз.
-
ТД артқа қарай құлап кетпес үшін қабырғаға жақын орнатыңыз.
-
Қабырғаға бекітілген қапсырмалар ТД-ға бекітілген қапсырмалармен бір
деңгейде немесе олардан төменірек тұру үшін сымды жалғаңыз.
Казақ - 12
KS7500_RU_BN68-07863H-02_L04.indb 12
2016-04-28 오후 12:18:53