Samsung Smart қашықтан басқару пульті құралы
(Дауысты тану): Дауыс әрекеттестігі функциясын қосады. Түймені басып, дауыстық пәрменді беріп,
содан кейін Дауыс әрекеттестігі функциясын іске қосу үшін түймені босатыңыз. Бір рет басқанда Дауыс
әрекеттестігі нұсқаулығы пайда болады.
(Қуат): ТД-ды қосу және сөндіру үшін басыңыз.
123
(Сан тақтасы): Басқан кезде экранда сан жолағы пайда болады.
Сандарды таңдап, санды енгізу үшін
Дайын
параметрін таңдаңыз. Арнаны
өзгерту, PIN код енгізу, ZIP кодты енгізу, т.б. үшін пайдаланыңыз.
-
1 секунд немесе бұдан астам басылғанда,
TTX
мәзірі көрінеді.
EXTRA
(қосымша): Мазмұн көріп отырып, мазмұн провайдері ұсынатын
қосымша ақпаратты шығару үшін басыңыз.
4 түрлі түсті түйме
(Түс): Сондай-ақ осы түсті түймелерді қолданылып тұрған
функцияда жұмыс істейтін параметрлерге бару үшін пайдаланыңыз.
VOL
(Дыбыс деңгейі): Дыбысты реттеу үшін түймені жоғары немесе төмен
жылжытыңыз.
Дыбысты үнсіз режимге қою үшін түймені басыңыз. 1 секунд немесе бұдан
астам басылғанда,
Арнайы мүмкіндіктердің төте жолдары
мәзірі көрінеді.
CH
(Арна): Арнаны өзгерту үшін түймені жоғары немесе төмен жылжытыңыз.
Нұсқау.
экранын көру үшін түймені басыңыз.
-
1 секунд немесе бұдан астам басылғанда,
Арналар тізімі
экраны пайда
болады.
Бағыт түймелері бар тақта
: Меңзерді жылжытады және ТД мәзірінде
көрсетілген мәндерді өзгертеді.
(Қайту) : Алдыңғы мәзірге қайтуға арналған. 1 секунд немесе бұдан астам
басылғанда, жұмыс істеп тұрған функция ажыратылады. Бағдарлама көріп
отырып басқанда, алдыңғы арна пайда болады.
(Ойнау/кідірту): Басқан кезде, ойнатуды басқаратын құралдар пайда
болады. Осы басқару құралдарымен ойнап тұрған мазмұнды басқаруға
болады.
(Смарт хаб):
Бірінші экран
ашылады.
Таңдау
: Меңзер қойылған элементті таңдайды немесе іске қосады. Мазмұн
көріп отырып басқанда, бағдарлама туралы толық ақпарат көрсетіледі. Қайта
басқанда, көрсетілген функциялардың кез келгенін таңдауға немесе іске
қосуға болады.
Samsung Smart қашықтан басқару пульті құралына батареяларды орнату
Samsung Smart қашықтан басқару пульті құралын
пайдалану үшін артқы қақпақты көрсеткі бағытымен
итеріп, батареяларды суретте көрсетілгендей салыңыз.
Оң және теріс полюстерінің дұрыс бағытта салынғанына
көз жеткізіңіз.
-
Батареяның қолданыс мерзімін ұзарту үшін сілті
батареяларын пайдалануды ұсынамыз.
Казақ - 5
Каз
ақ
KS7500_RU_BN68-07863H-02_L04.indb 5
2016-04-28 오후 12:18:49