Қазақша -
© 2009 Samsung Electronics Co., Ltd. Барлық құқықтары қорғалған.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулар
Бейнебеттегі қимылсыз кескін
Қимылсыз кескінді (бейне ойындарындағы сияқты немесе осы СКБ теледидарға компьютер жалғаған кезде) плазмалық
мониторда 2 сағаттан артық ұстамаңыз, себебі бұл кескіннің бейнебетте қалып қоюына әкелуі мүмкін. Кескіннің
бұлайша қалып қоюы “бейнебеттің жанып кетуіне” әкелетіні мәлім. Кескіннің осылайша қалып қоюының алдын алу
үшін қимылсыз суретті көрсеткен кезде бейнебеттің жарықтылығы мен контрастылығын азайтыңыз.
Биіктігі
СКБ 2000 метрден төмен биіктікте ғана қалыпты жұмыс істей алады. Ол 2000 метрден жоғары биіктікте дұрыс жұмыс
істемейді, сондықтан ондай жерде орнатпаңыз және жұмысқа қоспаңыз.
СКБ теледидар үстінің қызуы
Құрылғының үстіңгі жағы ұзақ пайдаланылғаннан кейін ысып кетуі мүмкін, себебі оның жоғарғы жағындағы желдеткіш
саңылаудан жылы ауа тарайды. Бұл қалыпты жағдай және құрылғыда қандай да бір ақау немесе жұмыс іркілісі бар
дегенді білдірмейді. Алайда, құрылғының жоғарғы жағын балалардың ұстауына жол бермеңіз.
Құрылғыдан сыртылдаған дыбыс шығуы мүмкін.
Сыртылдаған дыбыс қоршаған ортаның температурасы немесе ылғалдылығы өзгерген кезде құрылғы көлемінің
қысылуына немесе ұлғаюына байланысты болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай әрі құрылғы ақауы емес.
Фотоэлемент ақаулары
СКБ 2,360,000 (HD-деңгей) пикселден 6,221,000 (FHD-деңгей) пикселге дейінгі панельді пайдаланады, оны жасап шығару
күрделі технологияны қажет етеді. Дегенмен де, бейнебетте шамалы жарық немесе күңгірт пикселдер болу мүмкін. Бұл
пикселдер құрылғының жұмысына әсер етпейді.
Теледидарды 5°C-тан (41°F) төмен температурада іске қоспаңыз.
Қимылсыз кескіннің тым ұзақ уақыт көрсетілуі СКБ панеліне елеулі зақым келтіруі мүмкін.
СКБ теледидарды 4:3 пішімінде ұзақ уақыт бойы қараған кезде, бейнебеттегі жарық сәулеленуінің
әр түрлі болуы себепті пайда болатын жиек іздері бейнебеттің сол жағы мен оң жағында және
ортасында қалып қоюы мүмкін. DVD дискілерін ойнату немесе ойын қондырмасын пайдалану да
бейнебетке осылайша әсер етуі мүмкін. Жоғарыда аталған әсерден болған зақымдар кепілдік
шартына жатпайды.
Бейнебеттегі қалдық кескін
Бейнебетте бейне ойындарынан және компьютерден келген қимылсыз кескіннің белгілі бір мерзімнен артық уақыт
көрсетілуі бейнебетте жартылай қалдық кескін қалдыруы мүмкін. Мұндай әсерді болдырмау үшін қимылсыз кескінді
көрсеткен кезде “жарықтылық” пен “контраст” деңгейлерін азайтыңыз.
Кепілдік
- Кескіннің қалып қоюы салдарынан келген зақым кепілдік арқылы өтелмейді.
- Жанып кету кепілдік арқылы өтелмейді.
Орнату
Теледидарды әуежай, теміржол бекеті, т.с.с. сияқты шаңы өте көп, температурасы тым жоғары немесе тым төмен,
ылғалдылығы жоғары, химиялық заттар орналасқан және теледидар үздіксіз жұмыс істейтін жерлерде орнатқан кезде,
уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Сандық теледидарға қатысты құлақтандыру
1.
Сандық теледидар (DVB) функциялары тек DVB-T (MPEG2 және MPEG4 AVC) сандық жерүсті сигналдары
таратылатын немесе DVB-C(MPEG2 және MPEG4 AAC) сигналдарымен сыйысымды кабельдік телевизия
қызметі көрсетілетін елдер/аймақтарда ғана бар. DVB-T немесе DVB-C сигналдарын қабылдау мүмкіндігінің
бар-жоғын білу үшін жергілікті дилерге хабарласыңыз.
.
DVB-T дегеніміз, сандық жерүсті сигналдарын таратуға қатысты, ал DVB-C дегеніміз, сандық сигналдарды
кабельдік теледидар арқылы қабылдау бойынша DVB Еуропалық консорциум стандарты болып табылады.
.
Дегенмен, EPG (Бағдарламалардың Электрондық Нұсқаулығы), VOD (Сұраныс бойынша Видео) тағы сол
сияқты ерекше функциялардың түрі бұл нұсқаулықта қамтылмаған. Сондықтан оларға осы сәтте қолдау
көрсетілмейді.
3.
Бұл теледидар DVB-T және DVB-C соңғы стандарттарына [Тамыз,2008] сай жасалса да, аталмыш теледидарға
бұдан кейін шығатын DVB-T сандық жерүсті және DVB-C кабельдік теледидар таратылым сигналдарын
қолдайды деген кепілдік берілмейді.
4.
Кейбір кабельдік теледидар қызметінің провайдерлері көрсеткен қызметтері үшін қосымша төлемақы алуы
және сіздің олар көрсетіп отырған қызмет шарттарына келісім беруіңіз қажет болуы мүмкін.
5.
Кейбір елдер немесе аймақтарда сандық теледидардың кей функциялары жұмыс істемеуі және
провайдерлердің кейбірі DVB-C қызметін дұрыс көрсете алмауы мүмкін.
6.
Қосымша ақпаратты жергілікті SAMSUNG тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласып алыңыз.
SAMSUNG компаниясына дүние жүзі бойынша хабарласыңыз
Samsung компаниясының өнімдері турасында қандай да бір сұрақтарыңыз немесе ескертпелеріңіз болса,
SAMSUNG тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз. (Қосымша ақпарат үшін артқы қабын қараңыз.)
BN68-02333H-Kaz.indb 2
2009-8-27 9:56:13