48
49
48
49
Ауыстыруға болатын бөлшектері мен
керек-жарақтары
Тек өндіруші ұсынған бөлшектер мен керек-жарақтарды ғана
қолданыңыз.
Өрт қатерін азайту үшін тек №26 AWG немесе
үлкенірек телекоммуникация байланыс сымын
қолданыңыз.
Бұл өнімді қауіпті деген санатқа жатқызылған жерде
қолданбаңыз. Бұндай жерлердің қатарына, медицина
немесе стомотология орталықтарындағы науқасқа
күтім көрсету бөлімдері, оттегіге қаныққан жерлер
немесе өндіріс алаңдары жатады.
Батареяны тастау
Қайта зарядталатын батареяларды немесе
алынбайтын, бірақ қайта зарядталатын батареялардан
қуат алатын өнімдерді қоқысқа тастамаңыз.
Қайта қолдануға немесе қайта зарядтауға келмейтін
батареяларды тастау туралы ақпаратты, Samsung желідегі
қызметіне хабарласып алыңыз.
Ескі батареяларды тастағанда, жергілікті ережелердің
барлығын орындаңыз.
БАТАРЕЯНЫҢ ОРНЫНА, САЙ КЕЛМЕЙТІН
БАТАРЕЯНЫ САЛҒАН КЕЗДЕ ЖАРЫЛЫС ШЫҒУ
ҚАУПІ БАР.
ҚОЛДАНЫСТАН ШЫҚҚАН БАТАРЕЯЛАРДЫ НҰСҚАУ
БОЙЫНША ТАСТАҢЫЗ.
Лазер қауіпсіздігі
CD немесе DVD құралдарымен жабдықталған жүйелердің
барлығы, тиісті қауіпсіздік стандарттарына, соның ішінде
IEC 60825-1 стандартына сай келеді. Осы құрылғыдағы
лазер құралдардың барлығы, АҚШ Денсаулық және халықты
әлеуметтік қамтамасыз ету департаментінің, Радиоактивті
құрылғылар стандартының “1-шi топқа жататын лазер
құрылғылары” санатына жатады. Құрылғыға қызмет
көрсету қажет болса, уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Лазер қауіпсіздігі туралы ескерім:
●
Осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген
әрекеттерден басқа басқару немесе реттеу немесе
құрылғы жүмысына қатысты әрекеттерді жүзеге
асыру, сәулелену әсеріне ұшыратуы мүмкін. Лазер
сәулелерінен қашық болу үшін, CD немесе DVD
құралдарының қаптамасын ашпаңыз.
Жұмыс істеп тұрған бөлігі ашық тұрса, 1M тобына
●
жататын лазерлік сәулелену бөлінеді.
Оптикалық құралдың көмегімен тура қарауға
болмайды.
Ашық тұрса, 3B тобына жататын, көзге көрінбейтін
●
сәулелену орын алады.
Сәуледен қашық тұрыңыз.
АТ адаптерін жалғау және ағыту
Розетка құрылғының қасында, және қол оңай жететін жерде
тұруға тиіс.
Қорек сымын тек сымның өзінен тартып суырмаңыз.
Қорек сымы стандарты
Компьютермен бірге келген қорек сымының жинағы (ашасы,
сымы мен АТ адаптерінің ашасы), құрылғы сатылған елдегі,
құрылғыны қолдану стандартына сай келеді.
Басқа елде қолданылатын қорек сымының жинағы, компьютер
қолданылатын елдегі стандарттарға сай болуға тиіс. Қорек
сымының жинағы туралы қосымша ақпаратты, уәкілетті
дилер, бөлшек сауда немесе қызмет орталығына хабарласып
алыңыз.
Жалпылама талаптар
Төменде көрсетілген талаптар, барлық елдерге қатысты:
Қорек сымының жинақтарының барлығы, корек сымының
●
жинақтары қолданылатын елдегі, өнімді сертификаттауға
жауапты, аккредиттелген агенттіктің тексерісінен өтіп,
құптауын алуға тиіс.
Қорек сымының жинағы, әр елдің қуатпен жабдықтау жүйесі
●
талап ететін, 7 A мин. тоқ өткізу және 125 не 250 Вольт АТ
кернеу мәніне сай келуге тиіс. (ТЕК АҚШ ҮШІН)
Құрылғы муфтасы, компьютердің ішкі құрылғыларына
●
кіріктіріп орнату үшін EN 60 320/IEC 320 стандарты
парағының C7(не C5) жалғастырғыш құралдарға арналған
механикалық конфигурацияға сай келуге тиіс.
Содержание NP300E5ZH
Страница 2: ...2 ...