Жұмысты бастау
4
Қазақ тілі
Қораптың ішіндегісі
Өнімнің қорабын келесі элементтерге тексеріңіз:
•
Құлақаспап
•
Зарядтау құрылғысы
•
Құлақ ілгегі
•
Динамик
•
Жылдам бастау нұсқаулығы
Құлақаспаппен берілетін элементтер және кез келген қол жетімді аксессуарлар
аймаққа байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Құлақаспапты зарядтау
Құлақаспапты ұзақ уақыт бойы пайдаланылмағанда немесе алғаш рет пайдаланғанда
құлақаспапты зарядтаңыз.
Samsung бекіткен зарядтау құрылғыларын ғана пайдаланыңыз. Бекітілмеген
зарядтағыштар мен кабельдер батареяның атылуына немесе құлақаспаптың
зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
Батарея зарядының деңгейі төмен болған кезде, индикатор жарығы қызыл түспен
жыпылықтайды және құлақаспап дыбыстық сигнал шығарады. Қоңырау кезінде
құлақаспап өшіп қалған жағдайда, қоңырау автоматты түрде қосылған мобильді
құрылғыға аударылады.
Зарядтауыштың кішкентай бөлігін құлақаспаптағы зарядтау саңылауына қосыңыз және
зарядтағыштың үлкен бөлігін электр розеткасына қосыңыз.
Зарядтағышты қате қосу құлақаспаптың қатты зақымдалуына әкелуі мүмкін. Қате
пайдаланудан болған кез келген зақым кепілдікпен қамтылмайды.
Содержание EO-MG920
Страница 1: ...www samsung com User Manual 12 2016 Rev 1 1 BT Headset EO MG920 ...
Страница 257: ...Bijlage 16 Nederlands Drukfouten voorbehouden ...
Страница 477: ...Қосымша 16 Қазақ тілі ...
Страница 522: ...16 简体中文 生产厂商 越南三星电子有限公司 生产厂地址 越南北宁省安风县安中1号安风工业区 邮编 220000 进口厂商 三星 中国 投资有限公司 进口厂商地址 北京市朝阳区东三环中路5号财富金融中心 ...