11
Samsung Charm
құрылғысын қолдану
Bluetooth арқылы жалғау
Bluetooth туралы
Bluetooth — әр түрлі қашықтықтардағы әр түрлі құрылғыларға қосылу үшін 2,4 ГГц
жиілігін пайдаланатын сымсыз технология стандарты. Ол кабельдерді жалғаусыз мобильді
құрылғылар, компьютерлер, принтерлер және басқа сандық үй құрылғылары сияқты басқа
Bluetooth қолдайтын құрылғыларға қосыла және олармен деректер алмаса алады.
Bluetooth функциясын пайдалану туралы ескертулер
•
Samsung Charm құрылғысын басқа құрылғыға қосқанда мәселелерді болдырмау үшін
құрылғыларды бір біріне жақын қойыңыз.
•
Samsung Charm құрылғысы мен екінші Bluetooth құрылғысы Bluetooth қосылым
ауқымының (10 м) ішінде екеніне көз жеткізіңіз. Қашықтық, құрылғылар пайдаланылатын
қоршаған ортаға байланысты өзгере алады.
•
Samsung Charm құрылғысы мен қосылған құрылғы арасында кедергілер, сның ішінде,
адам денелері, қабырғалар, бұрыштар немесе қоршамдар жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
•
Жалғанған құрылғының Bluetooth антеннасына тимеңіз.
•
Bluetooth кейбір өндірістік, ғылыми, медициналық және төмен қуатты өнімдермен
бірдей жиілікті пайдаланады және осы өнімдер түрлерінің жанында қосылымдар
орнатқанда кедергілер орын алуы мүмкін.
•
Кейбір құрылғылар, әсіресе Bluetooth SIG сынақтан өткізбеген немесе бекітпеген
құрылғылар Samsung Charm құрылғысымен үйлесімді болмауы мүмкін.
•
Bluetooth мүмкіндігін заңсыз мақсаттарда пайдаланбаңыз (мысалы, файлдардың
пираттық көшірмелерін жасау немесе коммерциялық мақсаттарда хабарларды заңсыз
түрде алу).
Қазақ тілі
9
Содержание EI-AN920
Страница 1: ...www samsung com User Manual Charm by Samsung EI AN920 2016 Rev 1 ...
Страница 515: ...시작하기 5 각 부분의 이름 제품 상태 표시등 충전 단자 스트랩 연결부 충전 도크 충전기 커넥터 연결잭 충전 단자 스트랩 한국어 3 ...
Страница 516: ...시작하기 6 스트랩 연결 방법 구성품으로 제공된 스트랩에 제품을 연결해 착용하세요 제품을 그림과 같이 돌려 고정하세요 스트랩 분리하기 제품을 살짝 돌려 스트랩과 분리하세요 한국어 4 ...