![Samsung EB-PN930 Скачать руководство пользователя страница 209](http://html.mh-extra.com/html/samsung/eb-pn930/eb-pn930_user-manual_337554209.webp)
Жұмысты бастау
3
Батарея топтамасын зарядтау
Батареяны зарядтау кезіндегі кеңестер мен сақтық
шаралары
•
Батареялар топтамасын зарядтағышты (бөлек сатылады) пайдаланып зарядтауға болады.
•
Пайдаланылатын зарядтағыш түріне байланысты микро USB жалғағышын пайдалану
керек болуы мүмкін.
•
Компьютер сияқты зарядтағыштан ерекшеленетін қуат көзін пайдалану, токтың ең төмен
жылдамдығы себебінен зарядтау жылдамдығының төмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
•
Батарея топтамасын зарядталып жатқанда пайдалануға болады, бірақ батареяны толық
зарядтауға ұзағырақ уақыт кетуі мүмкін.
•
Зарядтау кезінде, батарея топтамасы қызып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және
батарея топтамасының қызмет мерзіміне немесе өнімділігіне әсер етпеуі тиіс. Егер
батарея әдеттегіден ыстығырақ болса, зарядтағыш зарядтауды тоқтатуы мүмкін.
•
Нақты сыйымдығы (Вт·сағ) шығыс тогы мен батареяның кернеуі бойынша өлшенеді.
Ол, шығыс қуатының шарттарына, жалғанған құрылғы тізбектерінің конфигурациясына
және пайдалану шарттарына байланысты, құрылғыда көрсетілген сыйымдықтан (Вт·сағ)
ерекшеленуі мүмкін.
•
Батарея топтамасы дұрыс зарядталмай жатса, батарея топтамасы мен зарядтағышты
Samsung сервис орталығына апарыңыз.
Қазақ тілі
3