
39
Құрылғыны бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құрылғыны сүйiр бұрыштарға
соғылуынан сақтаңыз, оны қыздыру не жылу шығаратын көздерінен және өзге де электрлі
құралдардан алыс қашықтықта орналастырыңыз. Құрылғы және оның электрлі желілік баусымы
ыстық ауаның тікелей күн көзіне, жоғары температураның әсеріне, тікелей күннің жарық
сәулесінің және де жауын-шашындардың түсуіне және ылғалға ұшырамайтындай етіп, яғни
құрылғылардың бұзылу қаупін туғызатын себептерін болдырмайтындай етіп, сақталуы керек
(құрылғыны ешбір жағдайда суға немесе басқа сұйықтықтарға батырып салуға мүлдем
болмайды).
Электрмен қоректендіру адаптерін ылғалды қолыңызбен желіге жалғастырып қоспаңыз
(дымқыл қолыңызбен оны ұстамаңыз).
Аккумулятордың қуаттандыруы аяқталған соң, адаптердің ашасын әрдайым электр
желісінен ажыратып тастаңыз және адаптердің істікшесін құрылғының/зарядтау базасының
корпусында орналасқан істікшелі ағытпасынан (зарядтау ұяшығынан) ажыратыңыз.
Робот-шаңсорғышты, оның адаптерін және зарядтау құрылғысын (зарядтау базасын)
бақылаусыз қалдырмаңыз. Шаңсорғышты, оның адаптері мен зарядтау құрылғысын (зарядтау
базасын) балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Адаптерді электр желілік баусымнан ұстап, тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, адаптерді
оның электр желілік баусымнан ұстап, электрлік желісінен ажыратуға тыйым салынады.
Адаптерді электр желіден ажырату барысында адаптердің корпусынан ұстаңыз, тоқ жүретін
істіктерге қолыңызды тигізбеңіз.
Кепілдік қызмет көрсету әрекетін сақтау мақсатында және техникалық мәселелерінің
алдын алу үшін бұл электрлік құрылғыны және оның жиынтықтығына кіретін керек-жарақтары
мен бөлшектерін өз бетіңізбен бөлшектеуге және жөндеуге тырыспаңыз. Жөндеу жұмыстары
техникалық біліктілігі жоқ немесе біліктілілігі төмен деңгейдегі маман тарапынан, сондай-ақ,
жоғарыда аталған техникалық білікті мамандарының санатына жатпайтын тұлға тарапынан
жасалған болса, бұл қолданушыны қауiп-қатерге ұшыратуы мүмкін. Құрылғыны жөндеу және
қарап-тексеру, сондай-ақ, оның қалыпты күйге келтіру жұмыстарын тек техникалық білікті
мамандарының санатына жататын тұлға тарапынан ғана жүзеге асырылуы керек, яғни аталған
жұмыстарды қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері ғана жүзеге асыруы керек.
Құрылғыны жөндеу үшін тек түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді ғана пайдалануға қажет.
ЭЛЕКТРЛІК ШАҢСОРҒЫШПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ НҰСҚАУЛАР
Шаңсорғыштың жұмысы барысында, тазаланатын бөлме еденінде жұмыс жасап тұрған
қыздыру құралдары мен өзге де қыздыру не жылу шығаратын көздерін және басқа да электрлік
құрылғыларды орналастырып қалдырмаңыз, оларды тазаланатын бөлмеден тыс шығарған
дұрыс,яғни құрылғыдан алыс қашықтықта орналастырыңыз.
Шаңсорғышты шаң мен қоқыс жинауға арналған шаңжинағыш контейнерсіз пайдалануға
тыйым салынады, сондай-ақ шаңжинағыш контейнерде болуы тиіс сүзгі мен HEPA - сүзгісіз
қолданбаңыз, сонымен қатар бұл бұйымдар осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ережелері
мен талаптарына сәйкес құрылғыға дұрыс орнатылуы тиіс және де, бұл бұйымдардың тұрмыстық
қажеттілігіне сәйкес тағайындалған күтім мен тазарту ретінде көрсетілетін қызметтердің түрлері
лайықты түрде көрсетілуі тиіс. Шаңсорғышты қолданар алдында, оның шаң мен қоқыс жинауға
арналған шаңжинағыш контейнері мен сүзгілердің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Шаңсорғышты және оның бөлшектері мен керек-жарақтарын тазалау барысында
химиялық еріткіштерді ешқашан пайдаланбаңыз.
Шаңсорғышпен келесі заттар мен материалдарды жинамаңыз:
тез тұтанатын заттектерді: күл, көмір түйірлері, темекі тұқылы және т.б.;
өткір заттарды: сынған шыны, ине, кеңселік жапсырма шеге, қағаз қыстырғыш және т.б.;
принтер мен көшірме машиналарында қолданылатын бояу, себебі ол электр өткізгіш
қоспасы болып табылады және ол сүзгіштерден толығымен жойылмайды;
улы және күйдіргіш заттарды, сонымен қатар жарылуға қауіпі бар заттарды;
Содержание PVCR 3000 Cyclonic PRO
Страница 1: ......
Страница 2: ...2 1 2 3 4 5 ...
Страница 3: ...3 6 7 8 9 10 11 ...
Страница 4: ...4 12 ...
Страница 5: ...5 13 14 15 16 ...
Страница 6: ...6 17 18 19 20 ...
Страница 7: ...7 21 22 ...
Страница 8: ...8 23 24 25 ...
Страница 134: ...134 ...