Сапар құлпын өшірген кезде дисплейдегі
көрсеткіштер қысқа уақытқа жанады. Сапар
құлпы өшірілсе, сапар құлпы таңбасы
жыпылықтап өшеді. Ұстара қосылып, енді қайта
пайдалануға дайын.
Ескертпе: ұстара қабырға розеткасына жалғанған
кезде автоматты түрде құлыптан босатылады.
Тазалау және техникалық қызмет көрсету
Жүйелі тазалау әрекеті жақсы қырыну
нәтижелерін береді.
Ұстара қосулы кезде қыратын бөлігін тазалауға,
алуға немесе ауыстыруға болмайды.
Қыратын басының тарақтарына қысым
түсірмеңіз.
Қыратын бастарын қатты нысандарға тигізбеңіз,
себебі бұл дәл кесілген тарақтарды
майыстыруы немесе зақым келтіруі мүмкін.
Ұстараны тазалау үшін бензин немесе ацетон
сияқты агрессивті сұйықтықтарды, абразивті
немесе қырғыш заттарды пайдаланбаңыз.
Ұстараны ағын су астында тазалау
Оңтайлы өнімділікке (көріңіз 'Тазалау және
техникалық қызмет көрсету') қол жеткізу үшін,
қолданған сайын ұстараны тазалап отырыңыз.
Қолды күйдірмес үшін, судың ыстықтығын тексеріп
тұрыңыз.
Қыратын бөлігін орамалмен немесе шүберекпен
сүртпеңіз. Қыратын бастары зақымдануы мүмкін.
Қыратын бөлікті шаю кезінде ұстара негізінен су
тамуы мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай.
1 Ұстараны қосыңыз.
373
Қазақша
Содержание SW5700
Страница 1: ...SW5700 Lucasfilm Ltd Disney ...
Страница 2: ......
Страница 3: ...1 2 3 4 5 6 7 10 8 9 12 13 11 ...
Страница 4: ...empty page before TOC ...
Страница 383: ...Empty page before back cover ...