Күнделікті тегіс ету үшін түкті қайта шығуын тоқтату
Бұл әдіс түктің қайта шығуын ұзақ уақытқа тоқтатады және теріні
жібектей теп-тегіс етеді. Біздің зерттеулеріміз екі рет қолданғаннан
кейін түктің едәуір азайғанын көрсетті. Жалпы төрт-бес рет
қолданғаннан кейін оңтайлы нәтижелерге қол жеткізді. Әр қолданғаннан
кейін түк тығыздығының азайғаны білінеді. Әсердің қаншалықты жылдам
білінетіні және нәтижелердің ұзақтығы әр адамға байланысты әр түрлі
болады. Толық ақпаратты «Құралды пайдалану» тарауының «Оңтайлы
нәтижелерге қол жеткізу тәсілі» бөлімінен қараңыз.
Сезімтал дене тұстарында да жұмсақ әдіспен
қолданылады
Philips Lumea Precision Plus жетекші дерматологтармен тығыз
байланыста әзірленді және тиімді әрі жеңіл қолдану үшін 2000 әйел
адам денесінің, тіпті ең сезімтал аумақтары мен бетінде тексерілді.
Дербес және икемділікке арналған сымсыз әрекет
Зарядталатын батареялармен жұмыс жасайтын болғандықтан ол
жылжымалы және кез келген жерде пайдаланылады.
Бүкіл денедегі және беттегі түкті алуға арналған ұзаққа
жететін батарея
Толық зарядталған батарея қуаты бүкіл денедегі және беттегі түктерді
(үстіңгі ерін, қолтықтар, бикини тұсы мен тірсектердегі) үздіксіз алуға
мүмкіндік береді.*
*Әр аумақ үшін орташа түк алу уақыттарына және бір пайдаланушы
үшін ұсынылған қарқындылықтар негізінде.
ауыстырылатын бөлшектер қажет емес, жасырын
шығындар жоқ
Philips Lumea Precision Plus ауыстыруды қажет етпейтін өнімділігі
жоғары шаммен жабдықталған. Бұл шам 100000-нан аса жарық
шығарады және қымбат ауыстырылатын шамдарға ақша үнемдей
отырып, 5 жылдан* аса нәтижелерді үзіліссіз ұстап тұруға мүмкіндік
беруі керек.
*Әр аумақ үшін орташа түк алу уақыттарына және бір пайдаланушы
үшін ұсынылған қарқындылықтар негізінде.
Philips компаниясының қарқынды импульсті жарық
шығару технологиясының жұмыс істеу әдісі
Түк өсуі
Түктің өсу мөлшерлері жасына, зат алмасуына және басқа жағдайларға
байланысты әр адамда әр түрлі болады. Дегенмен, барлық адамның түгі
қалыпты жағдайда 3 кезеңмен өседі.
1 Өсу кезеңі (анагендік кезең)
Түк түбінен белсенді түрде өседі. Бұл кезеңде меланиннің шоғыры өте
жоғары. Меланин түктің пигментіне жауапты. Сонымен бірге меланин
шоғыры осы әдістің тиімділігін анықтайтын фактор болып табылады.
Осы өсу кезеңіндегі түкке ғана жарық әсер етеді.
2 Әлсіреу кезеңі (катагендік кезең)
Түк өсуі тоқтайды және түспестен бұрын, түбі кішірейеді.
3 Демалыс кезеңі (телогендік кезең)
Ескі түк фолликулынан бөлектеніп түседі. Биологиялық сағат оның
қайтадан белсенді болып, жаңа түк өсетінін білдіргенше, фолликул
демалады.
ҚазаҚша
33
Содержание IPL SC2003/11
Страница 1: ...User manual SC2003 00 SC2003 11 ...
Страница 2: ......
Страница 3: ...1 ...
Страница 4: ......
Страница 5: ...SC2003 00 SC2003 11 English 6 Қазақша 31 Русский 59 ...
Страница 90: ......
Страница 91: ......
Страница 92: ...4203 000 7694 1 ...